Бірлесіп әрекеттесу стилі туралы қазақша реферат
Негізгі стильдердің төртіншісі бірлесіп әрекеттесу стилі болып табылады. Бұл стиль бойынша, сіз кикілжіңді шешуге белсенді қатысасыз. Өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дәлелдей отыра, басқа адаммен бірлесіп әрекеттесуге тырысасыз. Кикілжіңдерді шешудің басқа стильдеріне қарағанда бұл стиль жалғастыруға міндетті жұмысты қажет етеді. Себебі, сіз алдымен екі жақтың да қажеттіліктерін, қызығушылықтарын анық ашып, содан кейін ғана оларды талқылайсыз. Бірақ сіздің уақытыңыз жеткілікті және мәселенің шешімі сіз үшін маңызды болса, онда бұл стиль барлық жақтың қызығушылықтарын қанағаттандырудың және екі жаққа да нәтижелі шешім іздеудің жақсы тәсілі болып табылады.[13]
Бұл нұсқамен әрекеттескен екі жақ та жүз пайызбен немесе жүз елу пайызбен ұту мүмкіндігімен жақсы. Мысалы, біреуінің екіншісіне қарым-қатынасы жақсы болғандықтан, оған ешнәрсе міндетті болмағандықтан өз еркімен келісе салды. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарын сақтап қалды және одан да жақсырақ әрекет жасады. Және де жақсы адамға жақсылық жасау қандай жақсы. Басқа мысал: екеуі де теледидар алдында отырып, бір уақытта екі түрлі арна көрудің мүмкін еместігін сезінді. Біреуі: «жүр, одан да қонаққа, театрға немесе кафеге барайық»,-деп ұсынды. Мұндай нәрсе жоспарда болмағандықтан ұтыс жақсы шешім болды, ал идея конструктивті кикілжің барысында пайда болды. Адамдар теледидар көруден гөрі көп пайда алып, қарым-қатынастарын жақсарта білді. Әрине, сіз үшін бұдан да күрделі ситуациялардан шығу оңай болмас, бұл қазірше жақсы нәтижеге кепіл болатынжалғыз тәсіл болып табылады.[14]
Сонымен қатар бұл стиль екі жақтың әртүрлі жасырын қажеттіліктері болған жағдайда өте нәтижелі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қанағаттанбаушылықтың қайнар көзін анықтау қиынға түседі. Алғашында кикілжіңнің себебі болып табылатын екі жақ та бір нәрсені қалауы немесе алыс болашақта қарама-қарсы мақсатты болуы мүмкін. Бірақ кикілжің жағдайының шынайы себептері болып анықталған даудағы сыртқы декларациялар мен позициялардың, қызығушылықтардың және қажеттіліктердің арасында айырмашылықтар бар.
Мысалы, жұмыс орнындағы жұмысшының баяулы әрекеті кикілжің себебі болып көрінуі мүмкін. Бірақ оның баяулығы өзінің жұмысымен қанағаттанбаушылық (оған деген жеткіліксіз құрметшілдік, жауапкершілік) себебі болып табылатын одан да терең кикілжіңді жасырып жатуы мүмкін. Оның сыртқы қасиеттеріне ғана әрекет етсе, мәселенің түбі қалғандықтан төмен нәтижелі сыртқы косметикалық ремонт секілді болып қалады. Адам баяулы болмағанмен, мұнда оның пікірі бойынша жұмысы аз төленетіндіктен және оны жеткіліксіз бағалайтындықтан, жұмыс орнын жеке мақсаттарда қолданып, қосымша үзілістер жасап, санасыз саботажға барады. Және бұл ол үшін қандай да бір компенсация алудың бір тәсілі болады. Ал бірлесіп әрекеттесу стилі әр адамды оны қалауларымен қажеттіліктерін ашық талқылауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген мысалдағы қызметкер өзін жоғары бағалауын қажет ететіндігі туралы ашық та тура айтуы мүмкін. Егер де оның басшысы мұндай қажеттіліктерін түсініп, қызметкерімен келіссе, мұның нәтижесінде қызметкердің баяулық мәселесі шешіліп, өзін жұмысқа үлкен жауапкершілікпен арнай бастайды. Міне, баяулықтың бұл мәселесі қосымша нәтижелі эффектпен шешілді.
Басқа сөзбен айтқанда, бірлесіп әрекеттесу стилін табысты қолдану үшін екі жақтың жасырын қызығушылықтары мен қалауларын анықтауға уақыт жұмсау арқылы екі жақтың да шынайы қалауларын қанағаттандыру тәсілін анықтап алу қажет. Егер екеуіңіз де кикілжің себебін түсінсеңіз, онда біріге жаңа альтернативаларды іздеуге немесе қолдануға болатын компромисстерді өңдеуге мүмкіндіктеріңіз бар.
Мұндай стильді төменде көрсетілген жағдайларда қолдануға болады:
— екі жаққа да мәселенің шешімі маңызды болғандықтан, шешім қабылдауы қажет;
— екінші жақпен өте тығыз, бір-біріне тәуелді ұзақ қарым-қатынастасыз;
— пайда болған кикілжіңмен жұмыс істеуге уақытыңыз бар;
— екі жақтың қалаулары мен мәселесі екеуіңізге де мәлім;
— сіз және сіздің оппоненттіңіз бірнеше идеяларды, шешімдерді талқылағыңыз келеді;
— бір-біріңіздің қызығушылықтарыңызды және бір-біріңізді тыңдауға мүмкіндіктеріңіз бар;
— кикілжіңге түскен екі жақтың да беделі бірдей;
Бірлестік стилі кикілжің шешімін достық, сабырлылық жолмен анықтау және екі жақтың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін қолайлы тәсіл болып табылады. Бірақ бұл белгілі бір талпыныс пен тырысуларды қажет етеді. Бұл үшін екі жақ белгілі бір уақыттарын бөліп, өздерінің қалауларын, қажеттіліктерін бір-біріне түсіндіре білу керек. Сонымен қатар бір-бірін тыңдап, содан соң мәселені шешудің альтернативті нұсқаларын іздестіруі қажет. Осы элементтердің біреуі екеуінің бірінде болмаса, онда бұл стиль нәтижелі болмайды. Бірлесіп әрекеттесу стилі барлық стильдердің ішінде ең қиын, күрделісі болып табылады, бірақ бұл стиль күрделі де маңызды кикілжіңдік әрекеттерде екі жаққа шешімнің ең дұрысын қабылдауға көмектеседі.