Компромисс стилі

Компромисс стилі туралы қазақша реферат

Тордың ортасында компромисс стилі орналасқан. Қалған қызығушылықтарыңызды қанағаттандыру мақсатында, өзіңіздің қызығушылықтарыңызды екінші жаққа кей жағдайда келісім жасайсыз. Ал екінші жақ та тура осындай әрекет етеді. Басқа сөзбен айтқанда, екеуіңізде өзіңіздің аз мөлшерде қалауларыңызды қанағаттандыру және аз мөлшерде басқа адамның қалауларын орындауда ортақ келісімге келесіздер. Сіздер компромистік шешім табу үшін келісесіздер. Сонда да компромисс стилін бірлестік стилімен салыстырғанда шешімге жоғары деңгейде жетуге болады; сіз бір нәрсемен екінші жаққа жол берсеңіз, екінші адам сізге де бір нәрсеге жол береді, нәтижесінде ортақ шешімге келе аласыздар. Бірлесіп әрекет ету стиліндегідей жасырын қалаулар мен қызығушылықтарды іздемейсіз. Тек бір-біріңізге айтқан қалауларыңызды ғана қарастырасыздар.

Компромисс стилін сіз және кикілжіңдесуші екінші жақ бір уақытта жүзеге аса алмайтын бір нәрсені қалап тұрған жағдайда қолданған эффективті болады. Мысалы, екеуіңіз де бірлескен демалыс уақытын әртүрлі өткізгілеріңіз келеді. Яғни, келесі бір қарапайым бірлестікке негізделген компромисті өңдейсіздер. Мысалы, бірлескен демалыс жағдайында сіздер келесідей уәделесе аласыздар: «Жарайды, онда демалыс айының жартысын тауда, ал жартысын өзен жағалауында өткізейік».[13]

Бірлесіп әрекет ету стилін қолдану барысында жасырын қызығушылықтар мен қалауларды қанағаттандыруға бүкіл зейініңізді бөлсеңіз, ал компромисс стилін қолдану барысында кикілжің жағдайын берілген объект ретінде қарастырып, оған әсер ететін немесе оны өзгертетін тәсілдерді іздестіріп көмектеріңізбен алмасасыздар. Бірлестіктің мақсаты болып, ұзақ мерзімді нәтижелі екі жақты шешімді анықтау болса; ал компромисс жағдайында сол мезетте пайда болған сәйкес келетін нұсқаны қолдана білу. Табысты компромисс нәтижесінде кикілжіңдесуші адам өзінің келісімін келесі түрде көрсетуі мүмкін: «Мен мұнымен келісе аламын».

Төменде компромисс стилін қолданғанда нәтижелі болатын жағдайлар көрсетілген:

—         кикілжіңдесуші екі жақтың да беделдері бірдей;

—         бұл үнемді және эффективті жол болғандықтан немесе сіздің уақытыңыз тығыз болғандықтан шешімді тез қабылдағыңыз келеді;

—         сізді уақытша шешімді қалайсыз;

—         сіз қысқа мерзімді нәтижемен қолдана аласыз;

—         мәселені шешудің басқа жолдары нәтижелі болмағанда;

—         сіздің қалауыңыздың қанағаттанылуы сіз үшін онша маңызды болмағандықтан, алғашқыда қойған мақсатыңызды сәл өзгертуіңізге болады;

—         компромисс сізге қарым-қатынасыңызды сақтап қалуға көмектеседі және бәрінен айрылғаннан гөрі бір нәрсе болса да ұтқыңыз келеді;

Компромисс жиі нәтижелі болады, себебі қандай да бір шешімге келудің соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін. Егер де қалауыңызға жету үшін сіздің беделіңіз жеткіліксіз болса, бірлесіп әрекеттесу мүмкін болмағанда бұл стильді басынан қолдансаңыз болады. Сонымен, сіз өз қызығушылықтарыңызды, ал екінші адам өзінің қызығушылықтарын аздап қанағаттандырады.

Егер де біреумен компромисс табуға тырыссаңыз, онда алдымен екі жақтың да қызығушылықтары мен қалауларын анықтап алған дұрыс. Содан соң сәйкес келген қызығушылықтарыңыздың ортақ облысын сызып анықтап алу қажет. Ұсыныстар ұсынып, екінші жақтың ұсыныстарын тыңдап, қызметтеріңізбен алысып, т.б. әрекеттерге дайын болуыңыз керек. Ортақ келісімге келмегенше әңгімені жалғастыра бергеніңіз қолайлы. Себебі, идеалды нұсқадағы компромисс екеуіңізге де нәтижелі шешім болып табылады.[12]

Сонымен, Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнің ұсынған кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктерін және жоғарыда көрсетілген әрбір кикілжің жағдайына байланысты ұсынылған нұсқауларын нәтижелі қолдана білу әрбір адамның қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынаста болуының алғышарты болып, кикілжіңдерді мінез-құлық стильдері арқылы шешу құнды дағдысы бүкіл өмірінде қажет болады.