Бағалы қағаздар нарығының инвестициялық белсенділігін арттыру мен оның негізгі бағыттары

Бағалы қағаздар нарығының инвестициялық белсенділігін арттыру мен оның негізгі бағыттары туралы қазақша реферат

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс — шаралар жүргізілуде. Бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешеуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік – психологиялық мәселелер көп.

Экономикалық мәселелерге:

1)    Нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;

2)    Бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;

3)    Заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

4)    Салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы (депозитно-регистраторская  система);

5)    Бағалы қағаздар нарығының материалдық – тетехникалық негізінің аздығы;

6)    нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендегі жатады.

Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығычмен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды  [2, 90бет].

Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық  комиссияның осы іспен шұғылданүға рұқсат берген Оқу орталықтары дайындайда. Оқу орталықтарының жұмысын Ұлттық комиссия торағасының жарлығына сәйкес құрылған  Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырады Аттестациялық комиссияның құрамына. Ұлттық комиссияның бір мүшесі оның басқармасы болып, ал мүшелері және хатшысы болып, бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кіреді. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық  туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерік іспен айналысуға құқық алды.

Дүниежүзілік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:

1.Банктік үлгі– онда бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (мысалы, бұл үлгі Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.

2. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі – онда бағала қағаздар нарығы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады    (мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пәкстанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойыншы бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол банктен алған ақшаға қарағанда «арзан» ақша.

3. Аралас үлгі – онда бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады    (мысала, Жапонияда) [2, 97бет].

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының  ерекшелігі – кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығынын банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни немесе нарықтық үлгісі іске асыра алады деген ойлар бар.

Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:

1)Нарықта акионерлік капитал үлгісінің көптігі;

2)Үлестік бағалы қағаздардың қарыздық қағаздардан көптігі;

3)Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;

4)Нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі.

Бұлардан басқа мемлекетіміздің бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:

1) Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен ақша – ол «арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру — өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

2) Әлі көп уақытта дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.

3) Саясат факторы – дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі халық. Жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқы жүзеге асыру- бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығында үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.

     Бағалы қағаздар нарығы барлық мемлекеттерде, көптеген қарым-қатынастарда экономикалық өсуді қаржыландырудың өте жақсы және тиімді механизімі болып табылады.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы — әлемдік экономика мен халықаралық шаруашылықтың жоғары дамуындағы негізгі құрушысы. Оның даму деңгейін экономиканың және кәсіпкерлік мәдениеттің жалпы күйіне байланысты шешеді. Бағалы қағаздар нарығын “ экономикалық ауа-райының ” бараметрі деп атайды [8, 24бет].

Бүгінгі бағалы қағаздар нарығы тиімді инфрақұрылыммен  экономикалық қарым-қатынастағы дамыған елдердегі инвестицияны жинақтауды түрлендіруде ең негізгі рольді атқаратын, ақша қаражаттарын қайта бөлудегі ең негізгі механизм болып қатысады.

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық сектордың дамуында сапалық сонымен қатар сандық тұлғалау жағынан позитивті тенденциялар қарастырылуда. Қаржылық ұйымдардың капиталы мен активтері жоғары қарқынды өсуде.

Қазақстанда қалыптасқан жағдай, яғни қазіргі кезде бастапқы нарық механизімі екіші қайтара нарыққа қарағанда ойдағыдай жұмыс істеуде. Россиялық ғалымдарының айтуы бойынша бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздардың айналымы арқылы өседі, бірақ соңғы жылдары екінші қайтара нарықтың дамуына көптеген кедергілер әсер етуде,  ол өз кезегінде  бүкіл бағалы қағаздардың дамуына әсер етуі мүмкін. Ең негізгілеріне келесілерді жатқызуға болады:

1)    бастапқы нарықта техникалық қамтамасыз етумен оперативтік мәмілесі (сделок), екінші қайтара нарыққа қарағанда жоғары.

2)    екінші қайтара нарықта кәсіптік қатысушылардың қаржылық қуаты жеткіліксіз.

3)    көптеген  жағдайда бағалы қағаздар бастапқы таратуда ең төмен бағаны ұстай алады.

Сонымен қатар екінші қайтара нарықтың қалыптасуына кедергі жасайтын  ішкі себептер де бар: бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қатысушылар жүйесі және бағалы қағаздар нарығындағы айналымдағы мониторинг, биржалық емес нарықта мәмілені жасау, әлсіз жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасының суверенитетін жариялауда бағалы қағаздар нарығы басқа қаржылық нарықтағы секторға қарағанда, толығымен жоқ болды. Өте қысқа мерзімде мемлекетпен бағалы қағаздардың дамуы және қалыптасуына өте үлкен және өте сапалы жұмыс істейді.

Осы жұмысты қорытындылай келе Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың даму дәрежесі мен жалпы жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіштерді айтуға болады:

1)    Бағалы қағаздардың айналымы мен шығарылуын реттейтін құқықтық инфрақұрылым, бағалы қағаздар нарығындағы субъектілер қызметі, бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын мемлекеттік реттеудің құрылымы мен тәртібінің қатынасы қалыптасты. 2003 жылы “ жаңа ұрпақ ” деген заң және қор нарығы қызметіне әсерін тигізетін барлық нормативті – құқықтық актілерінің өзгеруі сияқты.

2)    Бағалы қағаздар нарығының институционалды инфрақұрылымы жетерліктей көлемде қалыптасты. Институционалды инфрақұрылым жинақтаушы зейнетақы қоры арқасында ол бағалы қағаздар нарығында жылдам қамтамасыз ететін  сапалы және сандық жаңа делдалдардың дамуына әкелді, сонымен қатар бағалы қағаздардың субъектілерін мемлекеттік реттеу және жаңа лицензияланған қызметтің пайда болу шартының арқасында дамыды. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары бағалы қағаздардың институционалды инфрақұрылымының жағдайы тұрақты [17, 45бет].

3)    Бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымы құрылды және жұмыс істеуде.

4)    Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың маманданған қызметінің құрылу жүйесі қалыптасуда.

Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттары мыналар болады:

1)    Ішкі институционалдық инвесторларды дамыту;

2)    Бағалы қағаздар нарығының және олардың туындыларының сапасын жақсартуды ынталандыру және қаржы құралдарының жаңа түрлерін енгізу;

3)    Инвесторлардың құқықытарын қорғауды жетілдіру және зейнетақы мен резервтік активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

4)    Бағалы қағаздар нарығының технологиялық инфрақұрылымын дамыту;

5)    Бағалы қағаздар нарығының екі деңгейлі жүйесін одан әрі дамыту;

Ірі институционалдық инвестор ретінде ресурстың ең көп көлемін жинақтаған банктер ретінде екінші деңгейлі банктер, сондай-ақ сақтандыру нарығының даму дәрежесіне қарай сақтандыру ұйымдары дамытылатын болады. Сақтандыру ұйымдарын дамыту щеңберінде олардың резервтік активтерін нарықтық бағалау зейнетақы активтерін бағалаумен бірыңғай стандартқа келтіріледі.Бағалы қағазадар портфелін ұстап отырған брокерлік және дилерлік ұйымдарды және құнды қағаздар нарығының басқа да кәсіби қатысушыларын дамыту 2004 жылдан бастап олардың капиталдану деңгейін жоғарлату арқылы жетілдіретін болады [12, 10 бет].

Қазақстандық акциялар мен облигациялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды міндет болып табылады, мұның аясында корпорациялық басқару нормаларының сақталуына, ұсақ акционерлердің құқығы мен мүдделерін қорғаудың қағидаларын, акционерлік қоғамдағы төлем тәртібін және акционерлік қоғам қызметінің ашықтығын нығайтуға, салық заңнамасының бағалы қағаздар бойынша кіріске салық салу бөлігінде жетілдіруге назар аударылатын болады.