Әлеуметтік—психологиялық трениннгтің тарихы туралы қазақша реферат
Тренинг термині (ағылшын тілінде train, training) – «тәрбие, оқыту, дайындық, жаттығу» деген бір қатар мағананы білдіреді. Топтық психологиялық тренинг кең мағанда да жалпы даму, психологиялық түзету, оқыту және психодиагностика шеңберінде қолданылады.
Тренингтің жеке дара формалары ғылыми негізделіп XX ғасырдың басында теориялық білімнің нәтижелерін жүктейтін шектеулерді жеңу құралы ретінде және еңбек дағдыларын «қауіпсіз» қабылдауға мүмкіндік беретін тәсіл ретінде пайда бола бастады. Сол уақытта еңбекті ұйымдастыруда жоғары қиындықтармен байланысты және экстремалды спецификасы бар мамандардың психоэмоционалды қысымын басу үшін психикалық өзін реттеудің әртүрлі формалары пайда бола бастады.