Р.Д.Джейкобсон жүйкелік-психикалық қысымды басудың релаксациясы

Р.Д.Джейкобсон жүйкелік-психикалық қысымды басудың релаксациясы туралы қазақша реферат

1922 жылы американ психофизиологі Р.Д.Джейкобсон жүйкелік-психикалық қысымды басуда прогрессивті релаксация жүйесін ұсынды. 1932 жылы И.Г. Шультц ішкі қысымды басу үшін аутагенді жаттығудың классикалық нұсқасын жасады. Топтық тренинг формаларының пайда болуын 1945 жылы К.Левин, К.Роджерс, Л.Брадфорт, Р.Липпит есімдерімен байланыстырады. Осы кезеңде АҚШ-та топтықдинамиканы зерттейтін орталық жасалды. Топ аралық қарым-қатынасты К.Левин зерттеу барысында мындай шешімге келді: тұлғаның тиімді өзгерістері топтық контексте болады. Ол адам өзінің адекватты емес бағытын ауыстыру және мінез-құлық формаларының жаңа түрлерін жасау үшін тұлға өзінің қандай екенін, сонымен қатар қоршаған адамдар оны қалай қабылдайтынын көру қажет. К.Левин мен К.Роджерс жасаған топтық динамика теориясы және клиентке орталықтанған терапия топтық тренингтің негізгі, бастауы болады.