Ақтөбе облысының жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері туралы қазақша реферат
Қала әкімі аппаратында кадрлармен жұмысты жетілдіруге, атап айтсақ кәсіби даярлықты арттыру, лауазымдағы жұмыс ұзақтығының мерзімін ұлғайту және мемлекеттік қызметкерлердің ауысуын азайту, сондай-ақ қызметтік міндетте жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді пайдаланылуын жақсартуға тиісті назар аударылады. Кадрлық саясатты іске асыруда қиындық тудыратын факторлардың бірі өндірістік және қаржы саласы қызметкерлерімен салыстырғанда мамандар еңбек ақысының жоғары еместігі болып табылады.
Кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдірудің басты принципі – кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің жауапкершілігін жоғарылату, қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіпті және Ар-намыс кодексін сақтауы, жетілуге және қызметтік өсуге ұмтылу, мемлекеттік мекеменің лайықты нәтижелерге жетуде әрбір қызметкердің қосатын үлесін ұлғайту.
Мемлекеттік қызмет беделін көтеру және қалалық мемлекеттік мекемелерге перспективті, біліктілігі жоғары кадрларды тарту мақсатында жергілікті БАҚ-та жергілікті атқарушы органдардың жағымды жұмысының деректері жөніндегі материалдар үнемі жарияланады.
Қала әкімі аппаратында құжат айналымы бойынша жүйелі түрде талдау жұмысы жүргізіліп, іс-қағаздарын жетілдіруге, құжаттардың орындалуын бақылау және заңды, жеке тұлғалар арыз-шағымдарымен жұмысты жақсартуға сайкес іс-шаралар алынады. ҚР Бас прокуратурасы бекіткен «Азаматтар арыз шағымдарының бірігей есебі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жөніндегі жұмыс жетілдірілуде.
Мемлекеттік тілді енгізуге сәйкес практикалық және әдістемілік көмек көрсетіледі. 2011 жылы қазақ тіліндегі кіріс корреспонденциясының үлесі — 77%, шығыс корреспонденциясындағы үлесі – 90,3%.
Қала әкімдігі мен әкімі іс-қағаздарының жағдайы жоғары тұрған органдардан түскен құжаттар мен актілердің орындалуын бақылаудың, алда тұрған міндеттерді орындаудың және азаматтар арыз-шағымдарын орындаудың жеделдігін көрсетеді.
Қала әкімі аппаратындағы құжат айналымын талдау оның жыл сайын ұлғайып келе жатқанын көрсетеді.
2010 жылы орындауға жеке және заңды тұлғалардың 26687 арыз-шағымы түсті, соның ішінде 10688 – заңды тұлғалардан, 15999 – жеке тұлғалардың арыз-шағымы.
Құжат айналымы және бақылаудың тиімді жүйесін құру үшін құжат айналымын қысқарту (ішкі хат алысуды шектеу, түрлі құрылымдық бөлімдердің бірдей сұраныстарын қайталамау, сұратылатын ақпарат түрлері мен нысандарының келісілмеуі), әрбір жұмыс орнында электронды құжат айналымы жүйесін енгізу қажет.
Электронды әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде тұрғындар мен бизнес-құрылымдардың жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне енуін ұйымдастыру мақсатында қала әкімінің аппаратымен қалалық мемлекеттік мекемелерде ақпараттандыру және электронды құжат айналымы жүйесін енгізу бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Басшылық жасайтын бағыттары бойынша ұйымдармен, қала әкімі аппаратының бөлімдерімен, қалалық мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуді жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасайды, бөлімде іс жүргізеді.
Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңының талаптарын орындау бөлігінде бөлім қызметін ұйымдастыру бойынша қала әкімінің аппаратындағы қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтік-құқытық актілермен бөлімге жүктелген жұмыстарды жүргізеді.
Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы келесі міндеттерді атқарады:
— «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне уақытылы өзгертулер енгізуді жүзеге асырады;
— бөлім бастығының тапсырмасы бойынша бөлім қызметіне қажетті шұғыл ақпараттарды жинауды жүзеге асырады;
— іс жүргізуге жауапты болады;
— жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасайды, бөлімде іс жүргізеді;
— қала әкімінің аппаратындағы қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтік-құқытық актілермен бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді орындалуын қамтамасыз етеді.