АҚШ-та тренингтің ұлттық лабораториясының құрылуы туралы қазақша реферат
1947 жылы АҚШ-та тренингтің ұлттық лабораториясы құрылды. Сол кезде пайда болған тренинг топтар психологиялық жұмыстың жаңа түрлерін жасауға алғы шарт болды, қазір ол «әлеуметтік – психологиялық тренинг» ұғымында біріктіріледі. Тренинг топтың әйгілілігі тренингтік топта қауіпсіз психологиялық жағдайларлы тиімді емес таптаурындарды өзгертуге көмектеседі. Тренинг топқа қатысушыларға өзінің мінез-құлқын табиғи жасаған сферада эксперимен жасауға, сенімділік атмосферасы мен көмек көрсетуге өзіндік ашылуға мүмкіндік туғызады. Содан басқа тренингке қатысушылар тренерден керекті психологиялық ақпарат пен дағдыны алады, олар жеке өсуге және басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Тренинг топтың әрі қарай дамуы әртүрлі болуы мүмкін, оларды 3 ағымға бөлуге болады:
— Индивидумның жалпы дамуы;
-Тұлғалық қарым-қатынасты зерттеу және қалыптастыру;
-Еңбек қарым-қатынастарын белсендіру жолымен ұжымның іс-әрекетін
жақсарту.