Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы Семей қала-сында Қазақ ССР Халық Комиссарлар кеңесінің 1940 ж. 1 сәуірдегі қаулысы негізінде ұйымдастырылды. Ашылу салтанаты 1940 жылы 16 қазанда болды. 1947-1951 жж. Музей Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында болды. 1990 ж. 5 сәуірінде Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық мұражайы «Жидебай-Бөрілі» болып қайта құрылды. Оның құрамына қалалық кешен, М.Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйі, құрамына 16 тарихи ескерткіш орындар кіретін, 6400 га жерді алып жатқан қорық алқабы, тақырдағы Көкбай Жапатайұлының мешіт-медіресесі, Құн-дызды ауылындағы Ш.Әбеновтың мұражай үйі, Мақаншы селосындағы Әсет Найманбайұлының мұражайы кіреді. 1997 ж. М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына орай Семейде «Алаш арыстары – М.Әуезов» атты мұражай ұйымдас-тырылып ашылды. Экспозицияда М.Әуезовтің өмірінің Семейдегі кезеңіне, Алаш қайраткерлеріне арналған еді.