Жырау поэзиясындағы өсиет-өнегелер дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……..2
1 Жыраулар поэзиясының қалыптасу, даму кезеңдері………12
1.1 Жырау мен жыршылық дәстүрдің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы…
1.2 Жыраулар поэзиясының білімдік, тәлім-тәрбиелік мәні………
2 Жыраулар поэзиясындағы өсиет-өнегелер……33
2.1 жырау поэзиясындағы адамгершілік тақырыбы ……35
2.2 XVII-XVIII ғасырлардағы жаугершілік поэзия…….52
Қорытынды……75
Пайдаланылған әдебиеттер……..81

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.  Жырау  —  ақпа-төкпе,  суырыпсалма  өлең  сөзді  қару  еткен  өнер  адамы,  халықтың  қамын  ойлай  білетін  парасаты  мол  ел  ағасы,  қысылғанда  жол  табар  ақылшысы,  уақыт,  оқиға  сырын,  замана  бағыт-бағдарын  ақыл  таразысына  салып  сынай,  салмақтай  білетін,  болжағаны  болып,  айтқаны  келетін  тапқыр  да  көреген  дана  абызы,  қисық  кеткенді  қылышпен  емес,  сөзбен  сілейтіп,  бұйрық  берер  әміршісі,  бетің  бар,  жүзің  бар  демей  тура  айтар  өткір  де  әділ  биі,  жөні  келгенде  жыр  мен  қаруды  бірдей  жұмсап  жауға  аттанар  жауынгер  қолбасы  болған.  Жырау  ел  тағдырын  шешер  ірі  оқиғалар,  аса  мәнді  көкейкесті  мәселелер  тұсында  толғанған.  Халық  өзгелерден  гөрі  қайғырғанды  демеп,  қуанғанда  қанат  бітіріп,  ақыл  қосатын  асыл  сөз  иесі  жырауларды  қатты  қадірлегенген.  [1,30]

ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  жыраулар  елдік,  ерлік,  өмір  дін,  заман  хақында  толғанған.  Олар  бағзы  шығыс  поэзиясы  дәстүрімен  өмірдің  өтпелілігін  жырлап,  ізгілік  пен  инабатты  дәріптеген.  Заманының  ойлы  перзенті  ретінде  өмірдің  сан  алуан  мәселелерін  сарапқа  салып,  гуманистік  тұрғыда  философиялық-  дидактикалық  түйін-тұжырымдар  жасап,  жер-суды,  ата-мекенді  қорғау,  ел  бірлігін  сақтау  мәселелерін  жырлаған.  [2,53]

Сонымен  ықылам  замандардан  бастау  алатын  жыраулық, дәстүрдің  негізгі  мақсаты  —  өмірді,  дүниені,  ата-бабаларымыздың  ерлік,  елдік  іс-әрекеттерін  кейінгі  ұрпаққа  жеткізу.  Жыраулық  үрдіс  әрі  өнер,  әрі  дәстүр.  Оның  ерекшелігі  синкреттік  сипатында,  яғни  поэзия,  музыкалық  мақам  және  орындаушылық  шеберліктің  бірлігінде.

Жыраулық  өнердің  өміршеңдігі  оның  ел  тарихы  мен  ата-баба  дәстүріне  негізделуімен  айқындалады.  Қаһармандық  эпос,  батырлықты  паш  ететін  көлемді  жырлар  соның  жарқын  дәлелі.  Ерлік  рухына  толы  мұндай  қаһармандық  жырлар  этникалық  тарихқа  құрылып,  ұрпақтан-ұрпаққа  қалдырылып,  дамып  отырған.  Бұл  —  жыр-дастандардың  әдеби  мәтіні  мен  музыкалық  мақамына  бірдей  қатысты  құбылыс.  Жыраулық  дәстүрді  жалғастырудың  маңыздылығы  осы  ерекшеліктерімен  айқындалады.  [3,64]

Дәстүр  —  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  әдет-ғұрып,  салт-сана,  өмір  мен  поэзияның  өмір  сүру  аясы.  Ол  әдетте  ел  тәжірибесіне  сүйенеді.  Осыдан  келіп  жыраулық  дәстүрдің  ұлттық  сипаты  деген  ұғым  туады.  Бүгінде  Қазақстанның  кейбір  аймақтарында  ғана  сақталып,  оның  өткеніне,  көне  сарындарына  қатысты  мәліметтер  жеткізетін  бұл  қазынамыздың  ұлттық  тарихымызға,  мәдениетіміз  бен  өнерімізге,  әдебиетімізге  қатысы  аса  зор.  Ғылым  тілінде  мұны  ұлттық  сипат  десек,  сол  ата-бабаларымыздың  рухымен  жеткен  дәстүрден  көз  жазып  қалмау  үшін  оны  дамытып,  жетілдіріп  отырудың  қажеттілігі  айқындалады.  [4,60]

Бүгінгі  жыраулық  өнерді  сақтап  қалған  бірнеше  географиялық  аймақ  белгілі.  Олар  —  Атырау  өлкесі,  Сыр  бойы  және  Жетісу  аймағы.  Географиялық  негізінде  бұл  аймақтарды  Батыс,  Оңтүстік  және  Оңтүстік  шығыс  деп  бөлуге  болады.  Солардың  арасынан  сонау  оғыз  мәдениетінің  қалдығы  сақталған.  Сол  өлке  айрықша  оларға  атау  болар  еді.  Мұңдағы  жыраулық  өнердің  негізі  ерекшелігі  дыбысты  дірілдетіп  шығару  арқылы  орындау.  [5,47]

Қазақ  топырағында  музыкалық-эпикалық  дәстүрдің  өзіндік  ерекшеліктері  де  аз  емес.  Мысалы,  бір  ғана  Сыр  бойында  бірнеше  жыраулық  мектептердің  болғаны  байқалады.  Бірі  —  Қармақшы  жеріндегі  оғыз-қыпшақ  дәуірінен  саға  тартатын  көне  эпикалық  дәстүр,  екінші  —  Арал  аймағындағы  жыраулық  мектеп,  үшінші  —  Бұдабай,  Нартай,  Балқашбай,  Әбілаштардың  жыр  өнері.  Көрнекті  өкілдері  — Балқы  Базар,  Қарасақал  Ерімбет,  Жиенбай,  Тұрмағанбет,  Жәмет,  Дәрігүл,  Кәрібоз,  Сәрсенбай,  Алмас,  Көшенай,  Рүстембек,  Бидас  тағы  басқа  атақты  жыраулар.

Атырау  аймағындағы  жыраулық  өнердің  өзіндік  ерекшеліктері  байқалады.  Бұл  шығармалар  негізінен  ХУ-ХҮІ  ғасырлар  оқиғасын  қамтитын  ноғайлы  дәуірінің  оқиғаларына  негізделген.  Осы  белгілері  олардың  жанрлық  ерекшеліктерін  тудыратын  секілді.  Жетісудағы  жыр  өнерінің  дүлділдері  —  Сүйінбай,  Жамбыл,  Кенен.  Дәл  осы  суырып  айтушы  өнерпаздардың  есімімен  бүтін  бір  аймақтық  жыршылық  өнерінің  кескін-келбеті  айқындалады.  Қазақ  жеріндегі  эпикалық  дәстүрге  тән  аймақтық  ерекшеліктер  әлі  күнге  арнайы  зерттелген  емес.  Әдебиет  зерттеушілері  оны  көркем  ой  көрінісі  —  поэзия  ретінде  зерттеп,    мәтін  ретінде  қарастырады.  Ал  музыка  мамандары  оны  өнердің  еңселі  бір  арнасы  ретінде  қарастыра  қойған  жоқ.  Қазақ  халқының  музыкалық  —  эпикалық  дәстүрі  бірнеше  тарихи  кезеңдерге  жіктеледі  десек  те  осы  кезеңге  дейін  жыраулық  өнерді  түркі  тайпаларының  көне  тарихына  негіздеп  зерттеген  мамандар  некенсаяқ.  Жыраулар  поэзиясын  зерттеген  М.Мағауиннің  өзі  жыраулық  өнерді  XV-XVIII  ғасырлар  мен  ғана  шектейді.  Дұрысында  жыраулық  өнер  өте  көне  құбылыс.  Ол  XV  ғасырмен  басталып,  XVIII  ғасырмен  аяқталмайды.  Жыраулық  көне  түркі  дәуірінен  саға  тартып,  күні  бүгінге  дейін  дамып  келе  жатқан  тарихи  мәдени  қүбылыс.  [6,204]

Жыраулық  өнер — тарихы  қалыптасқан,  дәстүрге  ұласқан  тұрақты  сипатқа  ие  болған  құбылыс.  Оның  түп-тегіне  үңілер  болсақ,  сонау  орхон  жазбаларына,  оғыз  дәуірінің  эпикалық  мұраларына  көз  жібереріміз  анық.  Ол  дәуірлерден  жеткен  музыкалық  мақам  үлгілері  болмаса  да, жазба  ескерткіштер  жоқ  емес.  Солардың  бірі  —  «Қорқыт  ата  кітабы».  Түркітану  ғылымында  бүгінгі  сыр  бойындағы  эпикалық  дәстүрдің  оғыз  дәуірімен  байланысты  жиі  айтылады,  ІХ-Х  ғасырларда  оғыз  тайпаларының  Сыр  бойын  мекендегені  анық.  Сол  дәуірден  қалған  музыкалық  —  әпикалық  дәстүр  күні  бүгінге  дейін  өзінің  байырғы  қалпын  сақтап,  стилдік  ерекшеліктерімен  дараланып  келеді.  Бұл,  әсіресе,  Қорқыттың  сүйегі  жатқан  Қармақшы  жеріндегі  жыраулық  өнерге  тән  құбылыс.

Жыраулық  өнердің  айрықша  дамып,  ел  мәдениетінен  орын  тепкен  кезеңі  ХҮ-ХХ  ғасырлар.  Арғы  жерде  этникалық  тарихты  сақтайтын  арна  болғандықтан  кеңес  дәуірінің  саясаты  елді  жырау-жыршылардан  тазартуды  көздегені  жасырын  емес.  20-30  жылдары  көптеген  эпос  айтушыларының  тұтқындалып,  жер  айдалғаны  мәлім.  Соның  салдарынан  жыраулық  өнер  көмескі  тартып,  оны  зерттеу,  зерделеу  ісі  тек  1956  жылдан  соң  барып  қайта  жандана  түскен-ді.  «Үш  ғасыр  жырлайды»,  «Бес  ғасыр  жырлайды»,  «Пернедегі  пернелер»  Е.Ысмайыловтың  «Ақындар»  атты  еңбегі  оның  айғағы.  Одан  бергі  жерде  Ә.Қоңыратбаевтың  «Эпос  және  оның  айтушылары»  (1975),  Р.Бердібайдың  «Жыршылық  дәстүр»  (1980)  секілді  еңбектері  бой  көрсетті.  Өзге  де  фольклор  мұралары  жарық  көрді,  соларға  қатысты  арнайы  ғылыми  зерттеулерде  жазылды.  Жырау-этнограф,  яғни  қазақ  тарихы  мен  мәдениетінің  жарқын  беттерін  өз  өнері  арқылы  кейінгі  ұрпаққа  жеткізуші  тұлға.  Осы  шежірешілдік  қызметін  мүлтіксіз  атқару  үшін  жырау  өз  халқының  тарихи-мәдени  мұрасының  үлкен  жанашыры  болуы  қажет.  Мұның  бәрі  М.Мағауиннің  жырау  тұлғасына  қатысты  пікірлер  ұштасып  жатқан  анықтамалар.  Алайда,  ғалымның  жырауды  көбіне  поэзия  өнерінің  өкілі  ретінде  қарастыруы  даулы.  Мысалы,  бір  сөзінде  М.Мағауин:  «Жыраудың  жыраулығының  ең  басты  белгісі  -ақындық.  Яғни  өз  жанынан  өлең  шығарғыштық  қабілетінің  болуы.  Жырау  деген  атаудың  өзінің  «жыр»  сөзінен  шыққандығы  күмән  туғызбайды».

Жалпы  дұрыс  пікір.  Жырау  ұғымының  «жыр»  сөзімен  байланысы  анық.  Бірақ  жырау  ғана  емес,  сонымен  бірге,  музыкалық  мақамды  шығарушы  әрі  орындауы.  Бұл  ерекшеліктерін  алып  тастар  болсақ,  жырау  тұлғасына  тән  қасиеттер  толық  анықталмаған  болар  еді.  Жыраулық  поэзия,  оның  даму  кезеңдеріне  қатысты  сабақталған  С.Қасқабасов  пікірлерінің  де  мәні  аса  елеулі.  Автордың  «Жыраулар  поэзиясындағы  ең  басты  тақырып  Қазақ  хандығын  құрған  ру  мен  тайпалардың  татулығы  мен  бірлігі  және  мемлекетті  нығайту  мен  оның  жауынгерлік  күшін  арттыру  болды»  (Қ.Қасқабасов  «Жаназық»  Астана  2002,  503  бет)  —  деген  пікірі  де  көкейге  қонымды.

Жыраулық  өнер-мәдени-музыкалық  құбылыс.  Айтулы  жыраулар  үнемі  ел  ортасында,  халықпен  аралас  жүреді.  Жыраулар  типі  өте  ерте  дәуірлерде  қалыптаса  бастаған.  Алғаш  бұл  қызметі  бақсы,  балгерлік,  шамандар  атқарған.  Жыраулық  өнердің  қалыптасуы  бірнеше  кезеңдерден  тұрады.  Олар  бақсы  —  шаман  —  ұзан  —  жырау  —  жыршы  — термеші  тағы  басқа.  Міне,  осы  кезеңдерді  жеке-жеке  игерудің  ғылыми  таным  үшін  маңызы  зор.  Жыраулық  поэзияны  3  кезеңге  бөліп  қарастырдым. [7,120]

Бірінші:  XIV-XVI  ғасыр

Екінші:  XVII  ғасыр

Үшінші:  XVIII  ғасыр

Жұмыстың  зерттелу деңгейі.  Жырау  мұраларындағы  әлеуметтік-философялық  сарын  мен  ой  қүндылығының  XIX  ғасырдың  өзінде-ак  назарға  іліне  бастағаны  аңғарылады.  Ш.Уәлиханов  Асан  Қайғының  толғауларына  токтала  келіп,  оны  «көшпелілер  философы»  деп  бағалаған  болатынды.  Дегенмен,  әдебиетші  ғалымдар  Қ.Жүмалиев,  З.Қабдолов,  З.Ахметовтер  өз  еңбектерінде  философиялық  лирика  жайлы  азды-көпті  түсінік  беріп  еткені  болмаса,  қазақ  поәзиясындағы  философиялык  лириканың  бастау  алар  қайнар  көзі  мен  философиялық  сарынға  күрылған  шығармалар  жайлы  тыңғылықты  зерттеу  жүмыстары  жұргізілген  емес.

Кеңес  өкіметі  түсында  «бұратана»  саналатын  ұлттардың  жеке  философиясы  ғана  емес,  философиялық  сарынның  кездесуі  де  мүмкін  емес  деген  сорақы  таным  қалыптасқаны  мәлім.  Осы  танымға  сай  философ  ғалымдар  да  қазақ  философиясының  үлттық  өзегіне  бара  алмай,  шарасыздықтан  батыстық  философия  төңірегіндегі  методологияны  шиырлады.  Кеңес  өкіметі  ыдырып,  ұлттық  құндылықтарға  қажеттілік  туа  бастағаннан  бергі  уақыттарда  ұлттық  философияға  да  сілкініс  ене  бастады.  Осы  аралықта  С.Ақатай,  Ғ.Есім,  Т.Рысқалиев,  Ә.Сағатова,  Ө.Күмісбаев,  О.Сегізбаев  т.б.  философ  ғалымдар  қазақ  ұлттық  философиясының  қайнар  көздерін,  бастау  негіздерін  іздестіре  бастады.  Бүған  дейін  түркі  халықтарына  ортақ  әдеби  мұралардағы  және  XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бергі  дәуірдегі  шығармалардағы  философиялық  ой-сарынның  көрінісі  жөнінде  бірнеше  еңбектер  жарияланған  болатын.  Әдебиетші  ғалымдар  Р.  Бердібай,  М.Мырзахметүлы,  М.Мағауин,  Х.Сүйіншәлиев  т.б.  еңбектерінде  жыраулық  мектептің  философиялық  сырын  меңзейтін  ойларын  айтып  отырғаны  болмаса,  ортада  тұтас  төрт  ғасырды  кұрайтын  әдебиет  кеңістігі  назардан  тыс  қалып  келді.

Жырау  поәзиясының  негізгі  жанры  толғау.  Толғау  жанрына  байланысты  ғылыми  зерттеулер  де  біршама  жарық  көрді.  Қазақтың  белді  ғалымдары  А.Байтұрсынов,  Е.Ысмайылов,  Қ.Жұмалиев,  Р.Бердібай,  М.Жармұхамедов,  Б.Абылқасымов  т.б.  толғау  жанрына  байланысты  сүбелі  ойларын  ортаға  салып,  оның  жанрлық,  тарихи,  тілдік  сипатын  ашып  берді.  Толғауға  байланысты  жоғарыда  аталған  ғалымдардың  ойлары  ауызша  үлгідегі  халықтық  поэзияның  әдебиеттану  ғылымында  алатын  орнын  айқындаған  жемісті  еңбектер  болды.  Дегенмен,  толғау  жанрының  әлеуметтік-философиялық  құндылығы  ғалымдардың  еңбектерінде  бірді-екілі  мысалдармен  айтылып  өткенімен,  өз  алдына  жеке-дара  қарастырылған  емес.  Біз  өз  зерттеуімізде  толғау  жанрын  зерттеген  ғалымдардың  еңбектерін  топтастыра  келіп,  толғаудағы  әлеуметтік-философиялык  сарынның  әдебиеттегі  көрінісін  жаңа  қырынан  танытуға  ұмтылыс  жасаймыз.

Белгілі  ғалым  Р.Бердібаевтың:  «Жыраудың  философ  ойшылдығы  мен  ғибратшылдығы  дүние  сырын  кеңінен  шолып,  терең  салыстырулар  жасайтындығы  толғаулардан  айырықша  көрініс  береді.  Мұндайда  жырау  жеке  адамдарға  немесе  топтарға  қарап  емес,  биік  мінбеден  бүкіл  халыққа  арнап  сөйлегендей  болады»,  —  деген  ойында  жырау  мұраларының  ойшылдық  табиғатына  сүйсінумен  қатар,  осы  бағытта  атқарылар  жұмыстың  ұшан-теңіз  екенінен  де  хабар  береді  [22,11].

Ең  бастысы  философ  ғалымдар  қазақ  ұлттық  философиясының  тарихын  зерделеуде  ХҮ  ғасырдан  бергі  кезеңдерден  айналып  кетпейді.  Яғни  ХҮ  ғасырдан  бастап  қазақ  ұлттық  философиясы  дамып,  бір  арнаға  түсті.  Оның  қайнар  көзі  сол  кезеңде  қалыптасқан  қазақ  әдебиетінде  жатыр.  Демек,  Асан  Қайғыдан  бастап  жыраулық  мектептің  негізгі  ұстанымы  ойшылдық  сарын,  көтерген  такырыбы  әлеуметтік  мәселелер  төңірегінде  жырланып  келді.

Жұмыстың зерттелу нысаны.  ХҮ-ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  жыраулар  мұраларындағы  философиялық  ойға  құрылған  шығармалардың  тақырыптық  сипаты,  астарлы  ұтымы  мен  өзара  ой  үндестігі  негізгі  зерттеу  нысаны  болып  табылады.  Зерттеу  жұмысы  барысында  әдебиетші  және  философ  ғалымдардың  бұрынғы  және  соңғы  кездері  жарияланған  еңбектері  басшылыққа  алынды.

Жұмыстың  мақсаты  мен  міндеті.  Кеңес  дәуірі  тұсында  қазақ  жырауларының  мұраларын  зерттеуде  біржақты  көзқарас  қалыптасты.  Жырауларды  тек  хандық  дәуір  кезіндегі  әдеби  өткел  ретінде,  ал  зар  заман  ақындарын  «кертартпа»  ақын  ретінде  қабылдадық. Жыраулар  мұраларының  рухани  құндылығы,  тақырыптык  ерекшелігі  мен  жанрлық  сипаты  толық  ашылмады.  Толғау,  терме  түріндегі  шығармалардың  ойшылдық,  даналық  қасиетін  анықтап,  оны  жырау  айтқан  күйінен  кеңейтіп,  ұғымын  саралап  жеткізе  алмадық.  Осы  мәселелер  талай  жылдар  бойы  қордаланып  жатты.  Демек,  жырау  мұраларындағы  бодандыққа  қарсы  дүниетаным,  болжал,  мораль,  намыс,  дін  сияқты  өзекті  мәселелер  жыраулық  поэзиядағы  әлеуметтік-философиялық  сарынға  негіз  болды.  Шығармаларында  терең  көрініс  тауып  жатты.

Айтушы  ретінде  тыңдаушысына  арнаған  сөздерінде  жыраулар  заман  мәселесін  күн  тәртібіне  қоя  білді.  Қазақ  мемлекеттілігінің  берік  қалыптасуы  мен  нығаюына  ақын-жыраулар  поэзиясы  басты  роль  атқарды.  Осының  барлығы  ақын-жырау  мұраларындағы  ойшылдық  пен  философиялық  сарынның  мықтап  орныққанын,  мұның  өзі  халық  тағдырымен  тұтастығын  да  көрсетеді.  Міне,  осы  мәселелер  зерттеу  тақырыбымыздың  мақсатын  айқындайды.

Аталған  мақсатымызға  жету  үшін  төмендегі  міндеттер  екшеліп  шығады:

жыраулар  мұраларындағы  әлеуметтік-философиялық  сарынның  қалыптасуы  мен  даму  жолдары;

—  жыраулық  поэзияның  тақырыптық-идеялық  жүйесі;

—  жыраулар  мұрасындағы  көтерілген  әлеуметтік  мәселелер;

—  заман  шындығы  мен  бодандыққа  қарсы  дүниетаным  көріністері;

—  жырау  толғауларындағы  «мен»  категориясы;

—  «жақсы»  мен  «жаман»  проблемасының  ашылуы;

—  діни-сопылық  ілімнің  жырау  толғауларындағы  көрінісі;

—  айтушы  мен  тыңдаушы  арасындағы  байланыс  сипаты.

Жұмыстың  әдісі.  Жырау  мұраларының  философиялық  құндылығын  зерттеуде  герменевтика  әдісін  басшылыққа  алып,  өзара  үндестігін  анықтауда  салыстырмалы  әдісті  қолдандық.

Жұмыстың ғылыми  жаңалығы.  Қазақ  әдебиетінде  философиялық  мәнді туындылар  жеке  нысан  ретінде  әлі  қарастырылмаған.  Даналық  пен  ойшылдыққа  құрылған  шығармалар  қандай  болмақ  керек  деген  сұраққа  толыққанды  жауап  берілген  емес.  Біз  аталмыш  жұмысымызда,  бірінші  кезекте  философиялық  пэзияны  анықтайтын  ғылыми  тұжырым  жасадық  және  философиялық  сарындағы  толғауларды  тақырыптық  түрлерге  топтастырып,  оның  жыраулардың  терме,  толғауларында  калай  көрініс  табатынын  нақты  мысалдармен  дәлелдедік.  Дәлірек  айтқанда:

—  болжал  күйіндегі  толғаулар;

—  жыраулардың  бодандыққа  қарсы  дүниетанымы;

—  жырау  поэзиясындағы  «мен»;

—  моральдық  ұстанымдардың  жырау  толғауларында  көтерілуі;

—  «жаман»  мен  «жақсы»  проблемасы;

—  утопиялық  көзқарастар;

—  айтушы  мен  тыңдаушы  арасындағы  байланыс;

—  діни-сопылық  іліммен  сабақтастығы.

Осы  айтылған  мәселелер  жыраулар  поэзиясында  терең  көрініс  тауып,  олардың  ойшылдық,  даналық  және  көркемдік  деңгейін  танытады.

 Дипломдық жұмыс / 82 бет