Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 ӘЛЕУМЕТТІК АЯДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Жұмыспен қамтудың маңызы мен экономикалық мазмұны 8
1.2 Жұмыспен қамтуды реттеудің негізгі принциптері мен механизмдері 16
1.3 Жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу 22

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АНАЛИЗІ 30
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтудың жағдайы 30
2.2 Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері 39
2.3 Жұмыспен қамтуды реттеу аясындағы негізгі мәселелер 49

3 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ РЕТТЕУ АЯСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 57
3.1 Шағын бизнесті дамыту — жұмыспен қамтуды қолдаудың маңызды элементі ретінде 57
3.2 Жұмыспен қамтуды реттеу процессін жетілдіру жолдары 67

ҚОРЫТЫНДЫ 84
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 86
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Экономикасы өтпелі елдердін экономикалық дамуының нарықтық бағдары халықты жұмыспен қамту саласында түбірімен жаңа әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының қалыптасуын көздейді. Еңбеккерлерді жалдау жүйесін, олардың еңбегін толық немесе жартылай пайдалануды, азаматтардың жұмысқа жалдануына жағдай жасауды және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды қамтитын жұмыспен қамту саласының күрделі қарым-қатынастарын реттеу дәстүрлі емес жолдарды қажет етеді.

Халықты жұмыспен қамту саласында стратегия құру тек елдің және әрбір нақты облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ол тиімді инвестициялық саясатпен және экономиканың тұрақтануымен біртұтас байланыста болады.

Қазақстан экономикасын реформалау процесінің барысында 90-шы жылдардың ортасында кейбір макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақталуы байқалды, бұл стратегиялық бет алысты экономикалық өсу жағына қарай бұруға мүмкіндік берді. Еліміздің Президентінің «Қазақстан-2030» Жолдауында ең маңызды ұзак мерзімді басымдыктардың бірі ретінде шетел инвестициялары мен ішкі корлардың деңгейлері жоғары болатын ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталған.

Экономикалык өсу халықты жұмыспен толық қамту үшін қолайлы жағдай жасайды, өйткені, ол экономикалык өсудің алғышарты мен факторы ретінде қарастырылып келген болатын.

ҚР-ның тәуелсіз егемен ел ретінде қалыптасуы және оның халықаралық коғамдастыкқа кіруі бір жағынан одан жұмыспен қамту стратегиясын өз бетінше емес, экономиканың әлемдік ғаламдастырылуы құрамында кұруды талап етеді. Екінші жағынан жұмыспен қамтудың тұжырымдамасы мен саясатын құру, оның басымдықтарын таңдау республиканың әлеуметтік-экономикалык өсуі мен демографиялық дамуының аймақтык ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуге тиіс. Еңбек қатынастарын шұғыл реформалау елді қазіргі дағдарыс күйінен шығарудың бірден-бір шартына айналуы мүмкін.

Қазакстанның жаңа қалыптасып келе жатқан еңбек рыногы республиканың аймақтарындағы жұмыс рыноктарының қарама-кайшылыктарын бойына жинақтаған. Сондықтан да, жұмыс күші мен еңбек рыногын саралау үшін және соның негізінде макродеңгейде біртүтас стратегия кұру үшін облыстардағы жұмыспен қамту мәселесіне толық талдау жасау қажет. Республика экономикасын реформалаудың қазіргі кезеңінде ішінде ең маңыздысы толық өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылатын облыстардағы әлеуметтік мәселелерді шешуді жандандыруға баса назар аударылып отыр. Бұл — кедейлікті азайтуға және облыстардағы әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуге алғышарттар жасайды.

Республика мен облыстардың халықты жұмыспен қамтудың жыл сайын белгіленетін бағдарламаларымен қоса шетел тәжірибесін ескере отырып жұмыспен қамту мен еңбек рыногының қалыптасуының шағын мәселелерін шешуге бағытталған мақсаттық бағдарламаларын құрып жүзеге асыру қажет. Оларда еңбек рыногының сегменттік қиыстырылуын, жүмыссыздық түрлерін, оның жастық, гендерлік, этникалық құрамын ескеретін арнайы зерттеулер көрініс табуы керек. Өз кезегінде ондай кіші бағдарламаларды жасау олардың көлемі мен қаржыландыру көздерін негіздеуді қажет етеді. Сонда ғана барып олар көзделген барлық шаралардың толық және пәрменді шешілуіне жол ашады.

Жұмыспен қамту мен еңбек рыногының қалыптасуының жоғарыда тізілген әлеуметтік-экономикалық мәселелері — жаңа тәуелсіз мемлекеттің бүгінгі таңдагы қоғамдық тіршілігінің өзекті мәселелері. Реформалардың алға басуы, республикадағы өзгерістерге әлеуметтік бағдар беруді қамтамасыз ету, Қазақстанның болашақта экономикалық және әлеуметтік ілгері басуы олармен тығыз байланысты. Оның шешілуі жұмыссыздықтың экономикалык категория ретіндегі, өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету ерекшеліктері туралы, іштей өзіндік реттелу тетігі мен әлеуметтік бақылау қажеттілігі туралы ғылыми көзқарастардың қаншалықты терең екендігіне белгілі дәрежеде байланысты.

  Дипломдық жұмыс / 96 бет