Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы процесіне мектеп психологының әсері дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……. 3-7
І ТАРАУ. Психологиядағы кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау мотивациясының өзекті міселелері.
1.1. Психологиядағы кәсіптік бағдар, мамандық таңдау мотивациясы және кәсіби мамандықтың рөлі туралы шет ел ғалымдарының көз-қарастары..8-29
1.2. Оқушылардың мамандық тағдаудағы қабілеттілік ерекшеліктерін зерттеу мәселелері…….. 30-39
1.3. Оқушыларға мамандық таңдауға байланысты кәсіби бағдар берудегі психологтың жұмысының әсері…….39-43

ІІ ТАРАУ. Оқушылардың мамандық таңдау ерекшеліктерінің эксперименттік зерттеу.
2.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы…………….. 44-45
2.2. Зерттеу барысы ……………… 46-59
2.3. Зерттеу жұмысының нәтижелерін талдау……. 57-76

Қорытынды…………… 77-78
Пайдаланған әдебиеттер………..79-82
Қосымша………… 83-91

КІРІСПЕ

          Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам  талаптарына  орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне  байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді.

Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекет пен мамандық таңдауға саналы дайындығының ішкі субьективті факторын зерттеу қажеттілігі психология ғылымы үшін әрқашан маңызды болып табылады.

Алайда, кәсіби бағдарлану жүйесінің білімдер сферасында жетіспей жатқан жастарының бірі оқушылардың ішкі әлемін, олардың қызығуын, білімділігін, қабілеттерін зерттеу және өзіндік бағалауларын, мамандық таңдауға байланысты зерттеу мәселелері әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да біздің зерттеудің негізгі мәселесі, кәсіби өзіндік анықталу процесіндегі тұлғаның іс-әрекетті психикалық өзіндік реттеу жүйелерінің қалыптасу ерекшеліктері, тұлғаның кәсіби өзіндік анықталуының позитивті жақтарын дұрыс ашып көрсете алады.

Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры Н.И.Кареев болды. Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н.А.Рыбников болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т.б. байланысты.

И.В.Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық өзгеріс өзін-өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық деп есептейді. Мұндағы өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық дегеніміз:

  • Сана сезімінің жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;
  • Тұлғалық қажеттіліктің дамуы;
  • Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен қол жетерлік табыстары.

Қазіргі  жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесін мамандықталған өзін-өзі анықтаусыз толық деп айту қиын. Өзін-өзі анықтау мәселесіндегі барлық сұрақтарішінде психологияда мамандықталған өзін-өзі анқтауда толық жауаптар берілген С.П.Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі анықтау екі түрге бөлінеді деп көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе мамандырылған мектеп таңдау.

С.Л.Рубинштейн бойынша өзіндік анықталу сыртқы себептің ішкі әсерге байланысты болып табылады. Сыртқы себептелу “сыртқы детерминация” әлеуметтік шарт, жеке тұлғаның әлеуметтік детерминациясын анықтайды. Бұл жағдайда жеке анықтама жеке  детерминация болып табылады.

Сондай-ақ, Л.И.Божович жұмыстары да өзін-өзі анықтауға психологиялық анықтама береді. Біріншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі онтогенез өзегінде яғни жасөспірім кезеңі мен жастық шақ кезеңінде пайда болады. Екіншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі тұлғаның өзі және айналасы туралы түсінігін жүйелеу ретінде қарастырылады. Үшіншіден, өзін-өзі анықтау болашақта мамандық таңдауға байланысты. Осылайша, Л.И.Божович өзін-өзі анықтауда екі жақтылықты көрсетеді, бір жағынан ол мамандық таңдауда, болашағын жоспарлауда қажет болса, екінші жағынан өзінің өмір сүру мағынасын іздеу болып табылады.

Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және олардың кәсіби қызығушылығының қалыптасу дәрежесіне қарай, өмірлік жоспары мен үлгерім дәрежесіне қарай дифференциалды және жеке қатынас болып табылады. Оқушыларды топқа дифференциалды түрде бөлу әр топтың мамандық таңдаудағы әсер ету жағдайларын толық әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді, яғни бір топқа әсер ету жағдайлары нәтижелі болса, келесі бір топқа нәтижесіз болуы мүмкін. Сондай-ақ дифференциация жеке қатынастың іске асуына жағдай туғызады.

Кәсіби бағдардың әдістеме түсінігі ретінде кәсіби өзін-өзі анықтауды ғылыми зерттеу мәселесінің әдісі, құрылымы және негізгі жағдайы туралы сондай-ақ жастарға болашақ мамандығын таңдауға тұлғалық және қоғам көзқарастарының практикалық әдісі деп қарастыруға болады.

Кәсіби бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар сипаты жатады. Соның бірі-мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл идея 30-шы жылдардың ортасына дейін таралып, “диагностикалық концепсия” деп аталды. Мұнда тест кеңіннен қолданылды. Осы тесттердің дұрыс қолданылмауы, дұрыс құрылмауы тағы да басқа себептер диагностикалық зерттеу идеясының “тәрбиелік концепсиясы” болып өзгеруіне әкелді. Алайда сол кездің өзінде-ақ диагностикада, тәрбиеде оқушыларды кәсіби бағдарлауда өзара байланысты және негізгі бағыттар екендігі түсінікті болды. Қазіргі кезде диагностиканың маңызы мектеп реформасының қабылдауынан кейін өсе түсті, онда кәсіби бағдар орталықтарының ашылуы қарастырылған еді. Бұл орталықтардың негізгі функцияларының бірі-оқушылардың қабілеттілігі мен қызығушылығы диагностикасын ұйымдастыру жұмысы.

   Әдістемелік сипат идеясына оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысына дифференциалды қатынас жатады. Мұнда оқушыларды өмірлік және кәсіби жоспарларына орай алдын-ала топтарға  классификациялау және осы топтардағы сәйкес тәрбие жұмыстары қарастырылады. Дифференциялды қатынас кәсіби бағдар жұмысын дұрыс әрі жемісті болуына септігін тигізеді.

Сондай-ақ кәсіби бағдардың әдістемелік сұрақтарына кәсіби бағдар жүйесін дамыту мен анықтау сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағытының көптеген мақсаттарының ішінде оқушылардың кәсіби бағдарын жақсарту мақсаты да көзделген.

         Зерттеу жұмысының мақсаты: Жоғарғы сынып оқушыларының болашақтағы кәсіби мамандық таңдауындағы қабілеттілігін анықтау.

         Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Алдын-ала тұлғаның белгілі бір мамандыққа деген қызығушылығы мен қабілеттілігінің кәсіби диагностикасын анықтау.
  2. Оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлеріне түсінік беру.
  3. Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып таңдау бағытын жетілдіріп, тірбиелеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау қабілеттілігін зерттеп, оларға нақты оқу орнының жағдайында, сол маман бойынша кәсіптік-техникалық білім беру мен кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер арқылы олардың мамандыққа деген жағымды көз-қарастары қалыптасады.

Зерттеу жұмысының пәні:  Тұлғалық және кәсіптік өзін-өзі анықтауы, мамандық таңдау себептерінің актуалды мәселелері.

Зерттеу жұмысының объектісі:  Жоғарғы сынып оқушылары мен кәсіби колледждің студенттері.

Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық маңызы:

Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауындағы қызығушылығы мен қабілеттілік ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіби бағдардың әдістемесі түсінігі ретінде кәсіби өзін-өзі анықтауды ғылыми зерттеу мәселесінің әдісі, құрылымы және негізгі жағдайы туралы сондай-ақ жастарға болашақ мамандығын таңдауға тұлғалық және қоғам көз-қарастарынның практикалық әдісі деп қарастыруға болады.

Зерттеу жұмысының практиклық маңызы:

Жоғарғы сынып оқушылары мен коледждің студенттеріне жүргізілген әдістер нәтижелерінде мамандық таңдауындағы қызығушылығы мен өзін-өзі кәсіби тұрғыда анықтаудың актуалді мәселелерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

Жүргізілген тәжірибелік әдістер бойынша алынған қорытындысына байланысты нәтижелік сапасы.

 Зерттеу жұмысының негізгі әдістері:

  1. Е.А. Климовтың  “Мамандыққа қатысты өзін бағалау қабілеттілігі”

сұрақнамасы (1-2 нұсқалары);

  1. Е.А. Климовтың  “ Мамандықтарды топтастыру ”  әдістемесі.
  2. Е.А.Климовтың  ДДС(дифференциональды –диогностикалық сауалнама).

          Зерттеу жұмысының күтілетін нәтижесі:

Психологиялық практика сферасында тұлғаның мамандық таңдауы мен кәсіби қызығушылықтарын бекіту, мамандыққа байланысты ақпараттандыру барысында іс-әрекетті өзіндік саналы реттеу жүйелерінің (жеке бастық сапалар-саналы белсенділік, мақсатқа ұмтылу, өз әрекетін қадағалау, жинақылық, ойдың икемділігі және т.б. сапалар) маңыздылығы.

  Дипломдық жұмыс / 91 бет