ЖАСТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ОТБАСЫН ҚҰРУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ туралы қазақша реферат
Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес олардың психологиялық даярлығы да маңызды орыналады.
Отбасын құруда жастардың, болашақ ерлі – зайыптылардың бір–бірін толық танып, бір–бірімен жақсы түсіністік қарым – қатынаста болу өте маңызды. Отбасының берік болуына — болашақ ерлі – зайыптылардың отбасында болатын қиыншылықтарды алдын – ала біліп, саналы түрде сол қадамды нық басып, отбасының жақсы және берік болуына үлесін қосуға бел буу қажет. Кез – келген отбасында, жас ерлі – зайыптылар арасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мәселелер болады. Сол мәселе салдарынан отбасында ұрыс – керіс, қақтығыс, дау – жанжал болып, оның аяғы отбасының ыдырауына әкеп соғады.
Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Жастар отбасын құрғанда, ең алдымен материалдық және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген психологиялық зерттеулер бойынша, материалдық ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасы өміріне мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасына жауапкершілік сезімі, нәрестелі болуға және баланы тәрбиелеуге дайындық.
Отбасындағы қиындықтар, жағымсыз жағдайлар мен дағдарыстар бүгінгі психология саласында көкейтесті мәселелер. Өмірлік циклда кездесетін дағдарыс түрлеріне психологиялық білім мен мәдениеттің төмендігінен көптеген отбасы бөгеттерден шыға алмай, кері кетіп отбасы ажырауына немесе отбасындағы жағдайға күш-жігер салуға жауапкершілік алмау кеңінен етек жайып барады. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Отбасын құрудың маңызды факторларының бірі — жастардың өнегелі санасының деңгейі. Дамыған өнегелі сана, жастардың отбасының әлеуметтік маңыздылығын түсінуде, некеге байсалды қарауында, жолдасты ойланып таңдағанында құрылатын Отбасыға сабырлықпен қарағанында, Отбасының барлық мүшелерін және олармен қатынасты құрметтегенінде білінеді.
Отбасын жүйелік ықпал көзқарастарында қарастыра отырып, ол жерде өтіп жатқандарды бір мезетте оның ерекшелігі, шағын топ және әлеуметтік институт ретінде талдауға мүмкіндік береді. Дәл осы жерде «отбасы» сияқты құбылысты талдауға тура келеді. Отбасы қатынастары саласындағы әлеуметтік қозғалыстар отбасылық өмірлік іс-әрекетінің барлық сферасына әсерін тигізеді. Отбасы қалыптасу үшін некенің қалыптасуы қажет. Олай болса, неке және отбасы дегеніміз не?
Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Махаббат — екінші адамға бағытталған сезімдер мен әрекеттердің қоспасы. Махаббат сөзін адамдар әр түрлі түсінеді. Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай. Адам бір жағынан махаббатқа тартылады, екінші жағынан одан қашады. Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады.
Жастар отбасын құрғанда, әрине материалды және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген зерттеулер бойынша, материалды ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасылық өмірге мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасыға жауапкершілік сезімі, баалларды туу мен тәрбиелеуге дайындықты көрсетеді.
Болашық ерлі-зайыптылар өскен отбасыларының атмосферасын, құрылудағы отбасының дамуына елеулі әсерін тигізеді, ол не сәтті не көптеген қйыншылықтармен кездесіп мүлде күзеліске ұшырауы мүмкін. Отбасын құруға психологиялық дайындық бұл – жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасты тез орната білу, отбасылық өмірге және қоршаған ортаға бірдей немесе ұқсас көзқарас, отбасыда сау рухани – психологиялық ахуалды орната білу қабілеті, мінез-құлықтың және сезімдердің тұрақтылығы, дамыған ерік қасиеттері.
Отбасы мәселесін зерттеуде психология ғылымында бірнеше мектептер мен бағыттар орын алуда. К.Витакер пікірінше отбасы бірлестігінен барып туындайтын тұлға өзіндік жеке даралық жетілуге әкеледі десе, ал В.Сатир отбасындағы қалыпты қарым-қатынас арқылы тұлғалық алға дамуы мен жетілуі қарқынды жүзеге асырылады деген ойлары өзара байланысты. Жүйелі отбасы терапиясы бағытында отбасы бүтін бірлік — биологиялық және психологиялық ағза ретінде қарастырылады. Олай болса, «Қосарлы байланыс» — коммуникацияның бұрмаланған түрі ретінде адамның екі түрлі жолдау алғандағы оның арасындағы қарама-қарсы ойды түсіне алмауы. Сондықтан отбасындағы екі адамның өзара байланысы психологиялық сәйкестік тұрғысында да мазмұн алуы тиіс.
Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Оның ішінде негізгілері: бүгінгі ғана бағдар емес, сонымен қатар оның дамуының ертеңгі күнгі болашағын, үйренуші іс-әрекетінің әртүрлілігіне тірек болатын (оқу, оқудан тыс, ойын, еңбек, отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық-саясаттық, көркем өнер, спорт), тұлғаралық қатынастың ерекшеліктері, қоғамның отбасыға деген талады; оны тудыру процесінің күрделілігі отбасыдағы шаруашылық-экономикалық қатынастың күрделенуі; Отбасыны тәрбиелеу потенциялы негізге алынады. Отбасылық қарым-қатынастың үйлесімді дәрежеде дамуы жастарды отбасылық өмірге дайындалуының психологиялық ерекшеліктеріне төмендегідей тұжырым жасауға болады:
— өсіп келе жатқан ұрпақты отбасылық өмірге дайындау-адамның жас ерекшелік дамуының әр кезеңінде жүру қажет және тәрбиелеудің жалпы мәселесінен бөлінбеуі керек.
— жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындау мәселесінің қалыптасуы бірнеше аспектілерден, яғни қазіргі қоғамда некеде және Отбасыда жастардың ролін дұрыс түсінуде, оларда неке қиюға бейімділік және нұсқаулардың қалыптасуының ерекшеліктерімен байланысты.
— қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік-отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді.
1. Қазіргі кезде некелік-отбасылық қатынастар ерлі-зайыптылардың адамгершілік-этикалық, психологиялық-педагогикалық дайындықтарының, тұрмыс мәдениетінің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Адамның қалыптасуы оның бала күнінен басталады. Сондықтан жас буынның жеке бас қасиеттерінің ойдағыдай дамуы үшін олардың өз қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін түсіне білуіне көмектесіп, жол-жоба көрсету өте маңызды. Бұл оңай міндет емес.
Көптеген әлеуметтік функцияларды атқарушы, қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті құраушысы ретінде отбасы қоғамдық дамуда маңызды орын алуда. Отбасы ортақ тұрмыспен өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысқан адамдардың бірігуі болып табылады. Отбасы арқылы ұрпақтар ауысып, адам тегінің жалғауы жүзеге асады, алғашқы әлеуметтену процесі және баланы тәрбиелеп өсіру жүзеге асады. Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Бірақ кей жағдайда ол махаббат емес материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ауысып кетеді.
Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай. Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді.
Жастарды болашақ некелік немесе ерлі-зайыптылық өмірге дайындауда төмендегі ұстанымдарды мақсат ету маңызды деп санадық, олар:
— өзін өзі бақылау мен бағалау;
— отбасы табиғатының жүйесін түсіну;
— екінші серігімен қарым-қатынас жүйесін жақсарту;
— бұрын түсінбеген отбасындағы өзара қатынастың ерекшеліктерін үғыну,
— өзіндегі және отбасындағы болып жатқан өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасау,
— отбасы мүшелерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөлу,
— ерлі-зайыптылар бір-бірінің пікірімен санасу және түсіну.
Сонымен жастардың үйлесімді неке құруына психологиялық даярлығын диагностикалау олардың болашақ сәтті отбасы болуының кепілі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Андреева Т.В. Семейная психология. – СПб, 2004
2. Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І. Әлеуметтік психология. — А.: Қазақ университеті, 2007
3. Әбеуова И.Ә. Әлеметтік психология. – А., 2001.
4. Зверева О.Л. Семейная педагогика и домашнее воспитание – М., 999.
5. Куликова Т.А. Семейная педагогика и домашнее воспитание – Москва,1999
6. Ковалев С.В. Психология современной семьи – М., 1988
7. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М., 2005.
Тұрдалиева Ш.Т., Шоғалбаева Д.
М..Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан