Жапонияның шет елдерімен қарым қатынасы туралы қазақша реферат
1970–1980-шы ж.ж. басынан бастап экономикалық өсуінің жоғарғы қарқына бір жарым он жылдықтан кейін капитализм экономикасының шиеністер жолына түсті. Мишдат пен ендігетикалық дағудысы нәтижесінен шиеленіскен ұзақ алдыңғы қатарлы капиталистік елдердегі шаруашылықтың шиеленісуін тұғызды. Басқа елдерден көрі шикізат пен отын тауларының импортынан тәуелді болған Жапонияға да бұл дағдарыстың терең соңқысы тиді. 1970–1980-ші ж.ж. Жапон экономикалық дамуымен жапон – американ қатым-қатынасының ерекшеліктерімен және қатты бақталас күресімен анықталған жапон тауарларының АҚШ -қа ағылуы өзара тауар айналымен салыстыру кезінде айқындалатын нәтижеге әкелді. 1970–1980-ші ж.ж. АҚШ – тағы Жапон экспорты 3,3 есе импорт 2,2 есе өсті және 1970– ші ж.ж. екінші жартысында экспорттың өсу қарқына импорттан жоғары болды38.
Валюта жүйесі мен сауданың өсіп кеткен тұрақсыздығы мен капиталистік шаруашылықтың терең жаң түршігерлік жағдайдағы қарамастан Жапония қалыптасқан жағдайы пайдаланып және соған икеледелініп сыртқы саудада өзінің белсенді сальдосын көбейтті. 1970–ші ж.ж. Жапониялық АҚШ – пен саудада тұрақты онды сальдоны кемдеді.
1970 – ші ж.ж. болса Жапонияның жалпы өндеу өнеркәсібінің тауарлары және капиталды мен ғылыми салалар экспортының әлемдік соның ішінде негізінен американдық нарықты позициясын күшейтті.
АҚШ – тың нарығына, американ кәсіпкерлері үшін көп уақыт бойы қолайлы болған автомобиль, химиялық тауарлар, өнеркәсіптік және тұрмыстық электроника, болат, комплекстік және тазарту жабдықтар т.б. салалардың тауарлары көптеп еніп отырды. Осындай бір қатар тауарлар бойынша Жапония әлемдік экспортта бірінші орынды алып, сауда – саттық жағдайы нашарласа да бұл жерде олардың жоғары бақталаса алушылығы ерекше рольді алып отыр.
Жапон автомобильдерін сату әсіресе энергетикалық дағдарыстан кейін үзіліссіз көбейді, себебі тасымалдадағы шығындарға қарамастан, олардың бағалары жергілікті автомобильдің бағаларынан 15 – 20% төмен болды. Бұндай саудада бірінші орынды «Ниссанң, «Тоиотаң, «Хондаң фирмалары ұстап тұрды. Қара металлургия өнімінің саудасы да ұлғайды. Жапондық тұрмыстық электроника (теледидар, транзистар, магнитофн т.б.) да американ нарығының едәуір бөлігін жаулап алды39.
1970–1980-ші ж.ж. басынан бастап Жапония мен Батыс Европа елдері арасындағы экономикалық қарым — қатынастар өз дамуының жаңа этапына кірді. Жапония мен Батыс Европалық аймағында елдерінің арасындағы экономикалық қарым — қатынастар, олардың АҚШ – пен немесе Жапонияның Онтүстік – Шығыс Азия елдерімен экономикалықбайланыстары сияқты екі жақтан да қатынастардың интенсивтілігі мен маңыздылығына жеткен жоқ.
Бұл қатынастардың белсенді дамуы 1970–1980-шы ж.ж. екінші жартысынан басталып және бір жағынан Жапонияның сыртқы саудасымен экономикасын либерализациялау процесі және ЕЭС – тің кенендік ”қарусыздандыру” процесімен, екінші жағынан Европа елдерінің АҚШ- пен қатынастық шиеленісуінің өсуіне әкелген, әлемдәк сауда және валюта салаларындағы империалистік елдер арасындағы қайшылықтың шиеленісуімен байланысты.
1976–1987 ж.ж. Жапония мен Батыс Европа арасындағы сауданың көлемі 6 есе өсті. Осы аймақтағы Жапонияның негізгі сауда контрагенті болған ЕЭС болып табылады. 1977 ж. Жапонияның Батыс Европаға жіберген экспорттынан ЕЭС – тің үлесі 68 %, ал осы аймағының (Батыс Европа) импортынан 75,8 % құрады40. Формалды түрде Жапония өзінің импортын либералдарын тек 29 тауарлық позициялар бойынша ғана кедендік шектеулерді сақтап қалды.
1973–1975 ж.ж. экономикалық дағдарыс жапондық іскер және билеуші топтарын Батыс Европамен сауда қатынасының дамуы үшін маңызды болған, өнеркәсіп пен сыртқы сауданың құрылымдық қайта құруды тездетуіне мәжбүр етіп, өндіріс ұстанымның өсуіне сықпал етті.
Жапонияның сыртқы экономикалық стратегияның жаңа маңызды өсіру болып табылады. Бірақ соңғы жылдарда елдегі инвестициялық орта нашардап бұл өз алдымен көптеген салалар үшін ұлттық нарық көлемінің нормадан асуы, еркін қорларының (жұмысшы күш, жер учаскелері) таусылуы, кедендік қорғаныс дәрежесінің әлсіреуі және валюта бағамының өзгеруі болып табылады. Капиталдық экспорты, тасымалдау ұстанымдарының қысқаруына жетіп, тарифтік т.б. кедергілерден өтуіне, өндірісті өткізу нарықтарына жақын қойып, нарықтың сұранысын эффективті бақылауға мүмкіндік берді. Осындай тиімді жақтардың барлығы да Жапониядан потенциалды көлемі бойынша үлкен болған және жағрафиялық жағынан алыс Батыс Европамен саудасында ерекше маңызды алды.
Бұл нарықты жаулап алу стратегиясы жапон монополияларын өздерінің өндірістік қуатының бір бөлігін көшіруіне мәжбүр етті. 1970–1980-шы ж.ж. ортасынан бастап Бастыс Европа нарығындағы жапон инвестициялық стратегиясының бетбұрыс жағдай пайда болды. «Сониң, «Мацусита, «Хондаң, «Тойотаң, «Ниссанң, «Мицубисиң, «Асаки касэйң, «Ниппон сэйкоң т.б. бір қатар компаниялар осы жерже өздерінің өндірістік филиалдарын аша бастады41. Өндіріс кооперациясы немесе тауар өткізу негізінде жұмыс жасайтын аралас өндіріс орындарды құру, алға жылжуының ең таралған түрі болып табылады. Осымен қатар өндірістік бірлікке айналдыруға бағдарланған құрылыс филиалдар, әр – түрлі өкілдік бюролар пайда бастады.
Батыс Европадағы жапон бизнесі үшін өкілдік немесе тауар өткізу филиалдарын құруынан біріккен өндіріске қатысуына дейін, құрылыс зауыттардан жергілікті өндірісте шығарылған құрал – жабдықтарды пайдалануымен (көпшілік кезде минни) жаңа модельді шығаруына дейін, бір елдің нарығына өз өнімін еңгізуінен, солармен байланысты нарықтарға тасымалдауға деін сияқты өнеркәсіп салаларының сатылы ұлғаюы ерекше болды. Осылайша «ниппон эектрик компаниясы 1973 ж. Дюссельдорфте өзінің басты батыс Европалықфилиалын және ФРГ, Франция, Италияда сату бойынша Парижде тауар өткізу бюросын ашқан және одан басқа Ирландияда салынған өзінің жаңа зауттың өнімдерін 1976 ж. ашылған Лондондағы өткізу орталығы арқылы батыс Европа нарықтарына тасымалдаған42. Сонымен қатар Жапония және Батыс Европаның іскер топтары дамушы елдерде бірігіп кәсіпкерлік жасау мүмкіндігін қарады.
Жапон мемлекеттік – монополистік капиталы сауда, инвестиция сияқты салаларындағы операциялардың динамизм мен эффективтілігі бойынша өзінің батыс Европалық партнерларынан аса алда болды. Жапониямен сауда күресі мәселесі Батыс Европа елдердің бір қатар өнеркәсіп салалары үшін үшкір болды. Бұл ең алдымен Батыс Европаға жіберілетін Жапон экспортында басты орын алатын бес саланың болат құю, автомобиль, кеме жасау, электро – техника және подшивник жасау өндірістерінің өнімдеріне қатысты болды.
ЕЭС, Америка және Кариб елдерімен қарым қатынас туралы Лом конвенциясы бойынша Жапония өзінің өнеркәсіптік құрылыс жобасымен технология мен жабдықтарды тасымалдауына қатысуға ұмтылыс жасады. Франциямен келісімшарт негізінде дамушы елдердегі бірқатар біріккен инвестициялық жобалар жүзеге аса бастады. Жапония үшін, жапонияға қарсы болған Онтүстік – Шығыс Азиядағы батыс европалық компаниялардың кәсіпкерлік жұмысына үлестік қатысуы тиімді болды.
Жапонияның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінде дамушы елдер маңызды орын алады. Өзінің өнеркәсіптік шикізат пен минералды отын қорлары мүлдем болмаған Жапония үшін олардың әкелінуі өте маңызды болды. Капиталистік әлемнің отын – шикізат дағдарысы Жапонияның осы елдерімен қатынасын одан сайын күшейтті. Сонымен қатар дамушы елдер жапон өнеркәсіп өнімінің өткізуінің маңызды нарыға болып табылады.
Жапония үшін дамушы елдер арзан еңбек күшін пайдалануымен де байланысты. Жапонияның өзінде жұмысшы күш бағасының өсуі және өндіріс ұстанымының кейбір элемменттердің өсуі, монополистік капиталды шетелдерде өнеркәсіп орындарын салдырып, олардың өнімін өз елінде сатуына мәжбүр етті Осылайша Жапон сыртқы сауда статистиканың мәлеметтері бойынша әр – түрлі электротехникалық және радиолектронды жабдықтарының келуі көбейді. Соның ішінде АҚШ – пен ФРГ мен бірге тасымалдаушылардың арасында Онтүстік Корея, Тайвана, Гонконг болды. Олар электромотар мен басқа да күрделі емес электро қуатты жабдықтар, электро өлшеуіш құралдар, дайын және құрастырылмаған түрдегі байланыс жабдықтарды, жартылай өткізгіш элементтерді экспорттап отырды. Бұл елдерде олардың өндіріс жергілікті жерде тұтынумен қатар экспортқа, соның ішінде Жапонияға жіберу мақсатымен жапон компанияларымен салынды.
Азияда жалғыз ірі капиталистік мемлекет болған Жапония ұзақ уақыт бойы дамушы және өнеркәсіпті дамыған капиталистік елдер арнасында, біріншілердің мүддесін қорғайтын делдал болуға ұмтылды. Бірақ халықаралық экономикалық келіссөздеріне Жапонияның қатысу тәжиребесі бұл жарнамалық “имиджінің” жасанды екенің көрсетеді. 1970–1980-ші ж.ж. екінші жартысында Жапония мен дамушы елдер арасында қайаслықтың түрі экономикалық көмек болып табылады. Соңғы жылдарда Жапониядан капитал шығару едәуір өсті. Бұл жағдай елдегі валюта — қаржылық жүйенің жақсаруымен, соның ішінде жапон инвесторлары үшін шетел капитал салуларын тиімді еткен иена бағамының өсуі мен белгілі түрде нашарлауымен (өндіріс ұстанышының өсуі, жапон экономикасының әрі қарай тез өсуіне жол болмауы т.б.) байланысты болды.
Ресми мәлеметтер бойынша Жапон экономикалық көмегі 4003 млн. доллар яғни елдің ішкі ұлттық өнімінің 0,72 % құрады. Нақтылай айтқанда Жапония дамыған капиталистік елдерден ішкі ұлттық өнімінің 1 % — тін дамушы елдерге экономикалық көмек ретінде бөлуді талап ететін БҰҰ — белгілі шешімін орындамай отыр деген сөз43.
Соңғы жылдарда Жапония ОШАЕА мүшелерімен экономикалық байланысына ерекше көніл аудара бастады.
Жапон монополиялары Онтүстік – Шығыс Азия оймағын экономикалық билеу сферасы ретінде қарады. Ал, ОШАЕА елдерінде Жапонияның Онтүстік – Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс елдерімен сауданың жартысы тиеді. Бұл елдерден Жапонияға мұнай, қоюланған газ, Темір және мыс рудалары, олово,табиғи каучук, орман ағаштары, копра т.б. шикізаттың кейбір түрлері әкелінді. ОШАЕА елдеріне Жапонияның қызығушылығының өсуіне соңғы жалдарда Жапонияның дамушы елдермен экономикалық қатынасына жаңа фактор – дамушы елдердің өнеркәсіп жағынан дәстүрлі жапондық тауарлардың бақталастығы едәуір күшеуі ыңпал етті. Алғашқыда бұл бақталастық жеңіл өнеркәсібінің өнімдеріне соның ішінде ұсақ тұтыну тауарларына, кейін текстиль тауарларына таралды.
Алдағы уақытта дамушы елдер жағынан сағат, өмкеуіш құоралдар, подшипник, қалта және стол электро – есептеуіш машиналар мен басқа даофистік жабдықтар, лакобояу материалдар, химиялық тыңайтқыштар, мұнай химиикаттар т.б. нарықтарында ықпалы көріне бастады44. Осының бәрі жапония үкіметі мен монополистік капиталын дамушы елдердің әр – түрлі өнеркәсіп орындарды салуда техникалық және қаржылай көмек беру сұраныстарына сақтыкпен қарауға мәжбүр етеді.
Осы елдерде өнеркәсіп орындарды салу жоспарларын сатуда алғашқы кезде жапон компаниялары қай жақтан болмаса да ойланбастан қатысты. Олар максималды табысқа ұмтылып сатылған технология тез көнеріп отырған кезде тоқтаусыз техникалық прогресс пен сұраныстың өсу жағдайында бақталастықтан өсуін қорықпады.
Қазіргі нарықтағы тоқырау мен өткізу қиншылықтын күшейген жағдайында дамушы елдердегі жапон көмегімен салынған олардың әр бір өндіріс орны дәл соедай жапон өнімдерінің сатылуын қысқартып отыр.
КСРО мен Жапония арасындағы 1970–1980–ші ж.ж. қатынастарда балық аулау саласындағы қарым — қатынас екі ел арасындағы жалпы байланыстар комплексінде маңызды орын алды. Оның маңыздылығы екі мемлекет үшін бір қатар себептермен соның ішінде әлемдегі балық аулайтын ірі державалар болып табылатындығымен ерекшеленеді.
Теңіз өнімдері Жапонияда тамақ рационының маңызды бөлігін құрайды. 1985 ж. Жапонияның жылдық аулауы 1887 млрд иен тұратын 10 545 млн т. құрайды. Кеңе Одағы да балық аулаумен интенсивті айналысып 1985 ж. оның көлемі 10 млн т. шамасында құрды45.
Кеңес Одағы мен Жапония теңіз өнімдерін өндіруде әлемде екінші және бірінше орындарды ала отырып балық аулау шаруашылығы саласында өзәра тиімді қарым — қатынастардың дамуына мүдделі болды. Бұл жағдай 2 елдің балық және басқа да теңіз өнімдерінің көп бөлігін Тыңық мұхиттың сол түстік – батыс бөлігінен алып отырғандығымен ерекшеленеді. Бұл жер бүкіл әлемдік мұхиттағы балық өнімі мол болып табылады. Сондықтан Жапондық балықшы кәсіпкерлер оған көп көңіл аударады.
Екі ел арасындағы балық аулау саласындағы қатынастар жалпы кеңес – жапон байланыстарының дамуына ықпал етті. Кеңес одағы мен Жапония арасындағы балық аулау саласындағы қатынастар алдағы кезеңде (80 – ші ж.ж.) сәтті дамып отырды46.
1979 ж. бастап, КСРО аймақтың шельфтегі жапондықтардың шаян промысылы туралы жыл сайын үкімет аралық келісімдер бекітілініп отырды. Ал, 1984 ж. бастап құнды теңіз азық түлік өнімі болып табылатын «цубу ракушканы аулау туралы келісімдер бекітіле бастады.1977 ж. балық шаруашылығы саласындағы екі жақты ғылыми – техникалық қарым — қатынас туралы келісім, 1985 ж. Жапонияның солтүстік – шығыс жағалауы жаңында балық аулауда қадағалайтын балық аулау операцияларды еңгізу туралы кеңес – Жапон келісімдері бекітілді.
1970 – ші ж.ж енді әлемдік мұхитты пайдалану мәселесі маңызды орын алды. Осы міндетті орындау теңіз хұңы бойынша БҰҰ- ң Ш- і конференциясына жүктелді. Бұл конференцияға қатынасқан дамушы елдердің өкілдері Тыңық мұхит жағалауындағы жоғары аталған ауданның мемлекеттері өздерінің жағалауларында 200 мильдік теңіз зонасын қондыруы мен осы зонада балық аулаумен айланысуын ұсынды. Оған КСРО өз келісімін береді. Сөйтіп 200 мильдік балық аулау зонаны құру туралы заң 1979 ж. 13 сәуір айында АҚШ – та қабылданды47.
200 мильдік шетел зоналарына кірген бір қатар теңіз аудандарда көптеген елдер болып аулау шаруашылығын жалғастыру мүмкіншілігінен айырылып, жаңа игерілмеген балық аулау аудандарды іздеуге мәжбүр болды. Экономикалық немесе балық аулау зоналармен қоршамаған аудандар жағрафиялық саласы тар болған шетелдік балық аулау кемелерінің шоғырлану қауіпті төңді.
Осы жағдайда КСРО өзінің жағалаулары жанындағы теңіз аудандарда теңіздік биологиялық қорларын сақтау мақсатымен бір қатар шараларды қабылдауға мәжбұр болды. Кеңес Одағының уақытша шараларын еңгізуі (1976. 10.12.) Жапония – мен балық аулау саласында қарқым қатынаста қайта құруды қажет етті.