Қазақстанда зейнетақымен қамтамсыз ету жүйесін жаңғырту бұл салада мемлекеттік ролін арттыруды қарастырады. Өйткені, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бақылаушы, реттеуші, басқарушы қаржылық және заң жауапкершіліктерінің негізгі ауыртпашылығын мемлекет көтереді.
Қазіргі уақытта зейнетақы қорларынығң инвестициялық табысы бойынша нормативтік лимиттер әрекет етпейді. Сонымен, қатар зейнетақы қорлары шоттарға аударылатын табыстылықтың минималды пайызын мемлекетпен бекіту орынды болар еді.
Мемлекет ҚР Заңына сәйкес ЖЗҚ – на аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының сақтауына кепілдік береді. Мұнда мемлекет тек қана алушыларға ЖЗҚ банкротқа ұшыраған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының номиналдық құнын қайтаруға беретін кепілдігін жаңалық деп қарастыруға болады. Осы жерде заң бойынша ЖЗҚ-мен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы жоқ қалған салымшылардың мәселесі туындайды. Мемлекет оларға да зейнетақы салымдарының қайтарылуны кепілдік беруі тиіс. Бірақ «қайтару» түсінігі тек қана шартты болуы мүмкін, өйткені салымшы ЖЗҚ банкротқа ұшыраған жағдайда өзінің зейнетақы салымдарын ала алмайды. Мұндай жағдайда мемлекет зейнетақы салымдарының сомасын компенсациясымен қоса салымшының қалауы бойынша басқа ЖЗҚ-да қайтаруы тиіс. Зейнетақымен қамтамасыз ету заңдарында «инфляция деңгейі» түсінігінің мәні ашылмаған. Қандайда бір актиілерін шығара отырып, банкротқа ұшырыған ЖЗҚ-мен зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляциялық шығындарды төмендетуге механизімін жасау мүмкін болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, келесідей қорытынды жасауға болады: біздің елде зейнетақы салымдарының сақталуына берілетін кепілдіктер жеткіліксіз, сондықтн ЖЗҚ-ның инвестициялық ресурстарының сенімді құрылуын қамтамасыз ету үшін кепілдіктің көп деңгейлі жүйесін құру қажет деп есепмін. Қазақстан үшін көп деңгейлі кепілдендіру жүйесін құруды енгізу ЖЗҚ-ның зейнетақымен қамтамасыз етуге жеткілікті ресурстарын құру қажеттігінен туындайды.
Сонымен, қазіргі таңдағы ҚР ЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды ұйымдастырудың негізгі мәселелері, ЖЗҚ ішкі институтционалды инвесторлардың инвестициялық потенциялының үнемі өсіп отыруынан туындайтын тартымды-инвестициялық құралдарының едәір тапшылығына байланысты болып отыр. Зейнетақы активтерін экономикаылың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану қажет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржы құралдарын нақты жобаларға тарту келесі құралдар негізінде құрылуы қажет: мемлекетпен кепілдік берілетін мемлекеттік емес бағалы қағаздар, банк құралдары, ипотекалық міндеттемелер, депозиттер.
ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту мәселелерін зерттеу мен талдау нәтижелері мынадай теориялық және тәжірибелік тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1. Экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір түрі болып табылатын зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті арттырушы роль атқаруы тиіс, яғни капитал салымдарын қажет ететін өнеркәсіп компаниялары мен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының балансын қамтамасыз ету керектілігін нақтылай отырып, қаржы институттары жүйеінде Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғартуға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қолларының келесі ерекшеліктері табылады:
Олар әлеументтік бағыты бар институттар болып табылады;
Бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің өсуіне байланысты зейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және сенімді жобаларға инвестициялайтын қаржы институттары;
Жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерінің аяқталуы арасында бірнеше жылды құрайтын уақыт пайда болды.
2. Мемлекетпен жүргізілген әлеументтік саясат жаңғырту идеясымен сабақтас болуы керек, яғни зейнетақыны және уақытында төлеу, кейбір әлеументтік жеңілдіктері алып тастау, атаулы әлеументтік қорғау сияқты мемлекеттік міндеттемелерді сақтау қажеттілігімен қатар. Әлеументтік саланы кешені жаңғырту бағдарламаларын өңдеп шығару үшін қажетті шарттар нақтыланды:
Экономиканы жаңғырту экономикалық өсудің қажетті қарқынын қамтамасыз ететін және тиімділікті көтерудің әдәсә ретінде;
Жаңғырту үшін инвестициялар тарту мақсатында инвестициялық климатты жақсарту;
Нарықтық өзгерістерді өзгерістерді қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және жаңғыртуды қолдауға бағытталған әлеументтік саясат.
Яғни, Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – экономикалық өсуді қамтамасыз ету, қаржылық тұрақты және әділ жүйені құру болып табылады. Зейнетақы жүйесін жаңа саяси және экономикалық жағдайларға бейімдей отырып, өтпелі кезеңде ескі жүйе зейнетақылық сақтандырудың жаңа мекемелерінің пайда болуы мен жұмыстарының басталуына дейін әрекет етуі тиіс.