Хрущев ұсынысы

20 мамыр 1962 жылы Никита Хрущев Болгариядан оралап, сыртқы істер министрі Андрей Громык пен қорғаныс министрі Родион  Малиновскиймен кездесіп, кеңес өткізді.Сол кеңесте, өз ойын Кубада ядролық зымырандарды орналастыруға ұсыныс жасады. 21 мамырда осы мәселені мәжілісте талқылады. Бұл идеяға тек Микоян қарсы шықты, бірақ қалғандары бұл идеяны қолдады. Уақыттың тығыздығына байланысты, бұл жоспар қабылданбай, тез арада Фидель Кастроның келісімімен жүзеге асты.

28 мамыр күні Мәскеуден Гаваннаға кеңес делегациясы, құрамында КСРО елшісі Алексеев, маршалл Сергей Бирюзов, генерал – полковник Семен Павлович Иванов, Шараф Рашидовпен бірге ұшақ ұшты. 29 мамыр күні олар Рауль және Фидель Кастромен кездесіп, өздерінің ұсыныстарын жариялады. Фидель Кастро өзінің көмекшілерімен ақылдасу үшін 1 күн келіссөз жүргізуге уақыт сұрады. 30 мамыр күні Фидель Кастро мен Эрнесато Че Геваро арасында мәжіліс өтті, бірақ әлі күнге дейін ол әңгіменің мәтіні жасырын болып табылады. Сол күні Фидель Кастро кеңес үкіметіне өз келісімін берді. Және, Рауль Кастро шілде айында барлық мәселелерді шешу үшін Мәскеуге сапар шегуі туралы келіссөз жүргізілді.

Кісі құрамы. 10 маусым күні отырыста Кубаға кеңес делегациясының сапары туралы әңгіме қозғалды. Рашидовтың баяндамасынан кейін, Малиновский барлығына зымырандарды көшіру операциясының жоспарын бас штабта дайындап, талқыға салды. Жоспар бойынша Кубада 2 түрлі зымырандарды орналастыру болды. Бірінші, Р – 12 зымыраны, оның жарылысының ауданы 2000 шақырым; екіншісі, Р – 14 зымыраны, оның жарылысының ауданы 4000 шақырым. Екеуіндеде құрамында ядролық қару жабдықталған. Малиновский соған қоса, Р – 12 және 16 зымырандарын орналастыратынын айтты. Соған қоса, әскери тікұшақтар, танктік батальон, МиГ-21 эскадрилья, 42 жеңіл бомбылаушылар Ил-28, ядролық қарулы зымырандар 12 Кт (оның радиусы 160 км), С-75 зымырандары, 2 крейсер, 4 эсминц, 12 зымыранды кемелер «Комар»6 11 cу асты кемелері(7-еуі ядролық кеме) және т.б. Толығымен 50 874 әскерилер аттанатыны шешілді. Кейін Хрущев Исса Плиевті қолбасшы ретінде сайлады.  Малиновскийдің ұсынысын барлығы қолдады.