Әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан қарағанда үлкен ынталық көрсететін халықтың жыныстық-жастық құрамы еңбек ресурстарын мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларды (зейнеткерлерді: оларға материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттарды анықтау мақсатында) есептеп шығару үшін ең маңызды сипаттама болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, әр жаңа туған 100-қызға шаққанда 104-107 ер баладан келеді. Физиологтардың пікірі бойынша сәбилік жалпы ер баланың организмі қыз баланың организмінен әлсіздеу болып келеді және ер баланың алғашқы өмірінде өлім-жітім көбірек болады.
Өмірдің бұл кезеңі қыз балада 0-12
Ол ұл балада 0 – 5, 6 – 14 жас. Бұл екі жастың арасындағы балалық шақ. Осы екі ортада қыз бала немесе Ұл бала арасындағы алшақтықтар айќын байқалады. Бұлай болудың себебі: ұл балалардың организміне байланысты өлім-жітім көп болып, жыныс органдарыныњ кеш дамуы байќалады, қыз балалардың организмінің жыныстық жағдайының толық жетілуінің кезеңі жүреді.
Балалық шақтан кейінгі келесі шақ жастық шақ. Жас ерекшелігіне және физиологиялық дамуына байланысты ер бала мен қыз бала арасынғы алшақтықтар жақсы көрінеді. Жастық шақта өлім-жітімнің түрі өзгереді. Дамыған елдерде жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жол апат оқиғаларының көбірек болды және түрлі қақтығыстарда өлім-жітім көп болады. Сондай-ақ, алкоголизм мен темекі тартудың себептері бойынша еркектердің өлім-жітімі көбірек болады; дамушы елдерде әйелдердің өлімі көп тіркеледі. Бұл әйелдердің ерте некеге тұруынан бала тууынан, ауыр еңбекпен айналысуынан, мардымсыз тамақтанудан және қоғамдағы құқығының еркектермен тең еместігінен өлім-жітім көбейді.
Осы жас аралықта жыныстық құрылымдар толық жетіліп, отбасы құру дәрежесіне келеді. Осы кезде қыздардың бала тууға организмі толық жетілген кезі болады. Қазақ менталитеті бойынша ертеректе қыз баланы 13 жастан кейін күйеуге берген. Бұл қыз баланы неке құруға толық құқы бар болған шақ.
Ал қазіргі кезде қыз балалардың тұрмысқа шығуы 18-19 жасқа жоғарылады. Қазақстанда жүргізілген статистикалық мәлімет бойынша 2005 ж туу көрсеткішінің ең жоғарғы деңгейі 23-25 жас аралығында келді. Бұл, қазіргі жағдайда қыз балалардың мектепті ЖОО бітіргеннен кейін немесе соңғы курстарда күйеуге шығатынын көрсетеді.
Бірақта қазіргі экологиялық және физиологиялық қатынастардың алшақтауына байланысты, қыз балалардың 13-16 жас аралығындағы жастардың босануы, өлім-жітімнің көбеюіне әкелді. Мұнда ана мен бала өліп, көп жағдайда екеуі де бірге өліп кететін жағдайлар кездеседі.
Ер балаларға келетін болсақ 16-36 жас аралығында жыныстық ағзаларының толық жетіліп, олардың өмірге деген құлшыныстардың артуына өзін нағыз жігіт санауын қалыптастырады. Осы жастың 16-25 жаста ұл балалар оқуды аяқтап, ЖОО, армияға алыну кезењі ж‰реді. Орта жаста, қыз балыққа салынып, өлім–жітімнің көп болуына әкеледі. Шылым шегуге, алкоголизмді қабылдауды және одан әрі нашақорлыққа салынып кетулер көптеп кездеседі. Бұл жағдайлардың көпшілігінің соңы өлімге жетіп соқтырды немесе ер балалардың бедеулікке (белсіздікке) алып келеді. Қазіргі кезде нарықтық қатынасқа байланысты жастардың кеш үйленуі белең алып келеді, ол демографиялық ахуалға зиянын тигізуде.
Еңбек жасындаѓы адамдардың өлім-жітімінің көп кездесетін түрлері бойынша Қазақстанда мынадай болып келеді: бірінші орында – қан айналымының жүйесінің (жүрек-тамыр жүйесі) ауруларынан болатын өлім-жітім тұрады (жартысына жуғы); екінші орында–қайғылы оқиғадан, уланудан, жарақаттанудан болатын өлім–жітім; үшінші орында ісік ауруларынан болатын, өлім – жітім тұрады.
Еңбек жасындағы халықтың өлім-жітімінің құрылымы осындай.
Еңбек жасындағы еркектердің өлім-жітім деңгейі әйелдеркімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұл жұмыстағы жарақаттанумен, алкоголизммен және темекі тартумен байланысты, өлім-жітімнің мұндай секірмелі өлуі соғыс болған жағдайда көптеп кездеседі. Бұрын эпедемиялар жұқпалы аурулардан туындайтын демографияның еркектермен әйелдердің арасынағы алшақтықты байќаймыз.
Пирамидаға қарай отырып, 1000 адамға шаққандағы туылған сәбилер бойынша ұл балалар көп болса, 20-25 жасқа келгенде екі жыныс ортасында өлім-жітімге байланысты теңесе бастайды. 25 жас аралығынан кейін қыз балалар саны көбейе бастайды. Қазақстанда әйелдердің артықтығы 600 мың адамда болған (1000 әйелге- 900 еркек). Барлық жерде жастардың арасында еркектер көбірек те, ал, ересек адамдар арасында әйелдер көбірек болып келеді.
Себебі, әлі күнге дейін екінші дүние жүзілік соғыстың, соғыстан кейінгі репрессияның зардаптары байқалуда: соғысқа қатысқан елдердің ересек адамдар арасындағы әйелдердің артықтығы табиғи құбылыс жесірлік пен жалғызбастылық көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалар туғызады.
Халықтың жыныстық құрылымына көші-қон айтарлықтай ықпал әсер етеді. Бұл жағдайда еркектер әйелдермен салыстырғанда шымырлау келеді. Көші-қон қай жаққа бағыт алмасын, еркектер көбірек болады. Осыған байланысты жаңа игерілген аудандарда қала мен село халқының жыныстық құрылымының айырмашылығы байқалады.
Халықтың жынысы мен жасы жөнінде құрамы туралы ұғымдар оның жастық-тыныштық пирамидасында бейнеленеді. Пирамида сұлбасының сипаты бойынша ұдайы өсіп-өнудің типі туралы түсінік қалыптастыруға болады: І типі, өсудің тұрақтануы, станционарлық жастық құрылымы жіңішкеге созылған кескін деп немесе төменгі жіңішкелеу жағын, халықтың азаюы, регрессиялық жас құрылымы деп; ІІ типіне қарапайым жас құрылымы, пирамиданың үш бұрышты сұлбасы деп айтуға болады.