«WASABI» ЖШС-нің есеп саясаты

 «WASABI» ЖШС-нің есеп саясаты туралы қазақша реферат

Есеп саясаты – компанияның қаржылық есеп беруін дайындау және ұсыну үшін қолданылатын нақты қағидалар, негіздер, шарт, ереже және тәжірибені ұсынады. Қазақстан Респуликасының заңды және нормативті-құқықтық актілеріне негізделген, ұйымның сәйкес басқару ұйымдарымен бекітілген, «WASABI» ЖШС Баспасы қызметі шарттарына қолданылатын қазіргі құжатттың құқықтық негізін ережелер, бұйрықтар, ескертпелер, инструкциялар және ұйымдастырушы-басқарушылық құжаттар құрайды. Есеп саясатын қалыптастыру негізінде Халықаралық қаржылық есеп стандарттарымен реттелген, қаржылық есепті дайындау және құрастыру қағидалары қабылданған.

Нақты Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының және интерпретация бойынша Тұрақты комитеттің интерпретациясының болмау жағдайында, компанияның қаржылық есебін пайдаланушыларға пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ететін, «WASABI» ЖШС Баспасы басшылығы Есеп саясатын дайындау үшін өз пікірін қолданады. Осындай пікірдің қалыптасуы кезінде басшылық назарға алады:

— ұқсас немесе байланысты проблемаларды қозғайтын, Халықаралық қаржылық есептегі басшылық және талаптар;

-ҚЕХС бойынша қаржылық есепті дайындау және құрастыру қағидаларында қалыптастырылған анықтау критериилары, активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бағалау және тану;

-жоғарыдағы пунктерге сәйкес келетін, стандарттарды және қабылданған қалыптастырушы басқа органдардың шешімдері.

— Стандарттар талаптарынан шегіну сирек жағдайларда болады: ол «WASABI»  ЖШС шешімі бойынша, Стандартты сақтау қателестіруі мүмкін болғанда шынайы көрініске жету үшін. ҚЕХС-ның нақты талаптарынан шегінуді бағалау кезінде назарға келесілер қабылданады:

— талаптың мақсаты, неге бұл мақсатқа жетпедік немесе нақты жағдайға сәйкес келмейді;

-талаптарды сақтайтын ұйымдардан «WASABI» ЖШС қандай амалмен ерекшеленеді.

Қазіргі ресми, мемлекеттік нормативтік актілермен бірыңғай жүйеде кешенді түрде қолданылатын Есеп саясаты бухгалтерлік есеп және қаржылық есептегі нормативті реттеу жүйесінің ішкі элементі болып табылады.

Қазастан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» заңына сәйкес «WASABI» ЖШС Баспасы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлерінің міндеттері қызмет инструкцияларымен анықталған

Мүлікті және міндеттемелерді жылдық инвентаризациялаудан өткізу, кезеңдері, мерзімі мен өткізу орындары «WASABI» ЖШС Баспасы бұйрығымен белгіленеді. Сонымен қатар бұйрықпен инвентаризациялық комиссия құрылады.

«WASABI»  ЖШС Баспасының бухгалтерлік есебі бағдарламамен қамтамасыз ету негізінде автоматтандырылған әдіспен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік және қаржылық есеп» Заңының 10 статьясына сәйкес бухгалтерлік есеп және ішкі бухгалтерлік құжаттары регистрларының мазмұны Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен қарастырылған, компанияның басшылығы рұқсат еткен немесе құзырға сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ғана ұсынылады. Бухгалтерлік есеп ақпараттарына қол жеткізе алатын аудиторлар және басқа тұлғалар, компания басшылығының рұқсатынсыз көрсетілген ақпаратты жарияламауға міндетті және өз мүдделері үшін қолдануға құқылары жоқ.

«WASABI» ЖШС Баспасы шоттар жоспарының бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету үшін «WASABI» ЖШС Баспасы Директоры бекіткен және бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарымен қалыптастырылған бухгалтерлік есеп шоттары қолданылады.

Технологиялық құжат айналымын сақтауға, құжаттың уақытылы және сапалы толтырылуына, құрамындағы мәліметтердің сенімділігіне және бухгалтерлік есепте көрсетуге құжаттардың уақытылы берілуіне құжатқа қол қойған тұлғалар жауапкершілікті болады.

Есеп саясатының негізгі мақсаты компанияның кез келген қызмет кезеңіне капиталды, активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бағалауға ақпарат жасау болып табылады. Ол қажет:

— қаржылық және салықтық есеп беруді құрастыру үшін;

— менеджменттің тиімділігіне;

— уақытылы және дұрыс салық аударымдарына.

Директор немесе көрсетілген құжаттарды қол қоюға тағайындалған басқа лауазымды тұлғалар қол қоятын келісімшарттар, контракттар, келісімдер, ресми хаттар, бұйрықтар бухгалтерлік есепте қаржы-шаруашылық операцияларды көрсету үшін алғашқы құжаттар болып табылады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу 22.06.07 жылдан № 221 ҚР-ң Қаржы министрлігімен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі» негізінде жүзеге асырылады.

Келісімдер және операцияларды жүргізуге байланысты алғашқы құжаттар мазмұны жиналады, бақылау үшін бағдарламаға енгізіледі, тасымалдаушы қағаздар құралдары түрінде басылып шығарылады, ҚР-ң заңдылықтарымен қарастырылған ведомосттар мен басқа регистрларға енгізіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп арасындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын, орталық мемлекеттік органмен бекітілген алғашқы құжаттар үлгі немесе талаптар бойынша қарастырылса, есепке қабылданады. Компания үлгілері мен талаптары тиісті органдармен бекітілмеген, бірақ егер Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес міндетті реквизиттары болса есепке қабылданатын алғашқы құжаттарды өзі жасай алады. Операция немесе оқиғаның өзгещелігіне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және алғашқы құжаттарға есеп ақпараттарын түзету тәсіліне байланысты қосымша реквизиттер қосылуы мүмкін.

«Бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы»   ҚР-ң заңын бухгалтерлік есеп ұйымдастырады және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы»  ҚР-ң заңының 7 статьясына сәйкес қаржылық есепті құрастырады.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» ҚР-ң заңына сәйкес алғашқы құжаттардың мазмұны және бухгалтерлік есепті тіркеу коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады.

Басқару органдардың және «WASABI» ЖШС Баспасының  рұқсаты бойынша компанияның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін керек мөлшердегі ақпаратты білуді талап ететін, сонымен қатар алынған мәліметтерді жарияламауға өздеріне міндеттемелерді қабылдау шартында, оларды қызметке тарту жағдайында 3-ші тұлғаға конфиденциалды ақпаратты ашу мүмкін.

Компанияда мазмұны коммерциялық құпияны көрсететін алғашқы құжаттардың келесі тізімі анықталған:

— келісімшарт, заңды және жеке тұлғалармен контракттар;

— төлем тапсырмасы;

— банк көшірмесі;

— кіріс және шығыс ордері.

Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияның іске асырылған фактісін тіркейтін алғашқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Активтерге, міндеттемелерге, қаржыландыру және шығыстарға әсер ететін барлық шаруашылық операциялар және Компанияның шаруашылық қызметіндегі басқа оқиғалар бухгалтерлік есепте көрініс табуы қажет. ««WASABI»» ЖШС Баспасының алғашқы құжаттары операция жүргізіліп жатқан сәтте құрастырылады, ал егер бұл мүмкін болмаса, онда операция аяқталған сәтте.

Бухгалтерлік жазбадар қолмен жазу әдісімен де, компьютерлендірілген 1С: Бухгалтерия есеп жүйесімен де жүргізіледі. Бірыңғай шаруашылық операцияларына бухгалтерлік құжаттар жиыны құрастырылады. Егер алғашқы құжаттар қосылса, бухгалтерлік құжаттар жиыны өзінің дәлелдеу күшін сақтайды. Директор бухгалтерлік құжатқа қол қоюға құқысы бар тұлғаларды анықтайды және қызмет лауазымына, қызмет ортасына және операция мәніне байланысты қол қою құқысы иерархиясын белгілейді. ««WASABI»» ЖШС Баспасы алғашқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрларын қағаз және электронды тасымалдаушы құралдарында, қаржылық есепті, Есеп саясатын, ҚР-ң заңдылықтарымен белгіленген кезең ішіндегі есеп көрсеткіштерін электронды өңдеу бағадарламаларын сақтауда.

Кесте – 2 ««WASABI»» ЖШС Баспасының құжаттарын сақтау мерзімдері келесілер:

                             Құжаттар атауы Сақтау мерзімдері
1. Бухгалтерлік қорытынды есептер, баланстар және түсіндірме жазбалар Тұрақты
2. Бухгалтерлік жазбаларға негіз болған алғашқы құжаттар мен оған қосымшалар (кассалық құжаттар, банк құжаттары, банк көшірмелері, табельдер, мүліктер мен материалдарды қабылдау және есептен шығару, аванстық есеп беру) 5 жыл
4. Есеп айырысу және дербес шоттары болмағанда есеп айырысу төлемі 75 жыл
5. Ақша сомалары мен тауарлы материалдық қорларды алуға сенімхаттар 5 жыл
6. Сақтандыру полистары, сақтандыру келісімшартттары 5 жыл
7. Кепіл хаттары, шаруашылық операцияларының есеп кітабы, бас кітап, журналдар, ведомосттар, кассалық кітап 5 жыл
8. Инвентаризациялау құжаттары ( жазбалар, актілер, ведомосттар, хаттамалар) 5 жыл
9. Жәрдемақы, зейнетақы, еңбеккке жарамсыздық қағазын төлеу құжаттары 5 жыл
10. Салықтар бойынша жеңілдіктер алу анықтамалары 5 жылдан кем емес
11. Жетіспеушіліктер, ысыраптар мен ұрлаулар туралы дебиторлық берешектер құжаттары (анықтамалар, актілер, міндеттемелер, тізімдер) 5 жылдан кем емес
14. Салықтық тексеру актілері және оларға қосымша құжаттар 5 жыл
15. Келісімшарттар мен жеке келісімдер (шаруашылық, еңбек) Уақыт мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жыл
16. Материалдық жауапкершілік келісімшарттары Материалды-жауапты тұлғаның жұмыстан босатылғаннан кейін 5 жыл
Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасалды

Құжаттарды сақтау мерзімі өндірістік қызметі аяқталғаннан кейінгі 1 қаңтарда басталады. Сақтау мерзімі 75 жылдық құжаттар үшін құжаттарды сақтау мерзімі адамның істі бітіру мерзіміне байланысты жасы есебінен басталады.

Қаржылық есепті құрастырудың мақсаты – ««WASABI»» ЖШС Баспасының қаржылық жағдайы туралы сенімді және уақытылы ақпаратты тұтынушыларға ұсыну.

««WASABI»» ЖШС Баспасы қаржылық есепті құрастырады және ҚР-ң заңдылықтарының талаптарына сәйкес қызметке талдау жүргізеді.

««WASABI»» ЖШС Баспасының қаржылық есебі келесілерден құралады:

— бухгалтерлік балан;

— пайда мен зиян туралы есеп:

— ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

— қаржылық есептің ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын басқа есептер және түсіндірме материалдар.

««WASABI»» ЖШС Баспасының белгілі сәтке қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланс сипаттайды. «WASABI» ЖШС Баспасы бухгалтерлік баланстың өзінде жеке классификация  ретінде қысқа және ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелерді ұсынады.