Дүние жүзілік тарихтағы мағызды кезең болып саналатын ІІІ-ІV ғғ. Шығысазиялық өркениеттің дамуында Қытайдың ықпалы айқын сезілді.Бұл кезеңде Қытайда біртұтас мемлекет ыдырап, ол саяси бытыраңқылық дәуірді бастан кешіп жатты.Жаңа ғасырдың басындағы Қытайдағы біртұтас мемлекеттің ыдырауы терең әлеуметтік-саяси шайқастардың нәтижесінде жүзеге асты.Оның жарқын көрінісі ежелгі Қытайдың үлы державасы – Хань империясының құлауы болды.Хань империясы Тынық мұхитынан Орта Азияға дейінгі, Маньжуриядан Үндіқытайға дейінгі орасан зор территорияны алып жатқан, ІІ-ІІІ ғғ. шеңберінде туындаған «Сары орамалдар» атты халық қозғалысы Хань империясының құлауына себеп болған еді.Халық қозғалысы 184 жылы басылды. Бүл империядағы терең әлеуметтік қайшылықтардың салдарынан туындаған, қоғамның жаңа сатыға көтерілуңн қажетсінген шиеліністерден келіп шыққан жағдай еді. Осы халық қозғалысының нәтижесі империяның құлауынан кейін туындаған әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістерге әкелді. Мемлекеттік және әлеуметтік құрлыманың осыған дейінгі, төрт ғасырдан астам уақыт бойы қалыптасып орныққан империялық тәртіп жүйесі күйреді. ІІ ғ. аяғына қарай император іс жүзіндегі биліктен айырылып, елдің жекелеген аудандарына жергілікті әскери қолбасшылар мен әкімдердің билігі орнығып, олардың арасындағы бәсекелестік, бақтыластық күррестер өршіген кезең болды. Сол заманның адамдары бұны бейбірекеттік кезеңнің туғанын айтып, бүл дәуірді «бұлыңғыр ғасыр», «жаппай қатыгездік пен жұшпандық» заманы деп атайды. Хань империясының орнында бір-бірімен жауласушы үш патшалық пайда болды: Біріншісі-Солтүстіктегі батысы Даньхуннан бастап, шығысында Ляодун түбегіне дейінгі, оңтүстіктегі Хуайхэ мен Янцзы өзендерінің аңғарларына дейінгі жерді алып жатқан – Цао Вей(220-265); екіншісі- бұрыңғы империяның оңтүстік- шығыстағы аймағына ие болған – У(222-280); үшіншісі- оңтүстік- батыстағы Сычуань, ганьсу мен Шаньси провинцияларының оңтүстік бөлігін, Юнань, Гуйчжоу, Гуансипровинцияларының көпшілік бөлігіне ие болған- Шу- Хань(221-263) патшалықтары.Бұл патшалықтардың негізін салушылыр өз мемлекеттерінде империялық басқару жүйесін орнықтырмақ болды. Бірақ олардың орнатқан басқару жүйесі империялық биліктен гөрі, әскери диктатураға көбірек ұқсайтын еді.Басшының жеке қатаң билігі әскерге арқа сүйегенде ғана іске асатын, сондықтан әскер патшалықтың басшысына тікелей бағынды. Бұл тек сол заманның ерекшелігінен туындаған жағдай еді.
Хань империясы ыдырағаннан кейінгі, осы үш патшалықтардың билік құрған 220-280 жылдар кезеңін Қытай тарихында «Үш патшалық дәуірі» немесе 三国заманы деп аталады.
«Сары орамалдар» көтерілісін басу кезінде халық көп қырылды, көптеген халықтар жер иеліктерінен қуылды.Өңделмеген жерлер тіпті көп болды, ал жерінен айырылған шаруалар да одан көп еді. Сол кезде қытай публицисі Чжун Чжан бұл жағдайды «қазіргі күні жердің иесі жоқ, ал халықтың тұрақты мекені тағы жоқ» деп жазды.
Хань империясының құлауы қытайда феодализмнің толық орнығуына әкеледі. Жер бұл кезде мемлекеттің меншігі деп есептелді. Босаған жерлерді гунтянь- мемлекеттік жер иелігі деп атады. Терең саяси дағдарыстар мен бейбірекеттік орнаған бұл кезеңде босаған жерлерді басып алып, ірі жер шаруаларды тәуелді шаруалаға айналдырды. Бүндай тәуелді шаруалар тобын бинькә деп атаған.
Үш патшалық кезеніңде терең құрлымдық өзгерістер жергілктң өкметтік басшылықта да жүрді. Жергілікті жерлердегі бұрыңғы империя әкімдерінің орнын енді провинциялық ақсүиектердің іскери және саяси белсенділері иеленіп алды.Олардың билігінде өз әскерлері болды және жергілікті хплықтан мемлекет қазынасына деп жиналатын салықты да өздері иемденіп отырды. Бұндай жағдай патшалықтардың өз іштеріндегі саяси билікті әлсіретіп, олардың тұтастығына нұқсан келтірді.Ішкі бірліктің Нашарлығы патшалықтардың өзара бақталастық күрестеріне де кесірін тигізіп, олардың тәуелсіздіктеріне қауіп төндірді.
Үш патшалықтың аяқ кезінде, біртұтас Қытай мемлекетін құру солтүстіктегі Хуанхэ өзенінің экономикалақ жағынан өте жақсы дамыған шырайлы жеріне орналасқан – Вэй патшалығынаң үлесіне тиді.Вэй патшалығының Сыма әулетінен шыққан өте белсенді әскери қолбасшы Сыма Янь 263 жылы Шу- Хань патшалығын бағындырып өзін император деп жариялады. Сыма әулетінің өкілі Сыма Янь 265 жылы Цао Цао атты аса қуатты әулетті де өзіне бағындырған соң, өзінің құрған империясын Цзинь деп атады. 280 жылы оған V патшалығы бағынды. Сөйтіп үш патшалық жері мен елі біртұтас мемлекетке біріккендей болды және бұрынғы империялық тәртәі жүйесі орнайтындай болған. Бірақ Сыма әулетінің билік өкілдері осының алдындағы үш патшалықтардағы басшылар сияөты биліктерін әскерге арқа сүйеп қана жүргізе алды.
Дәстүрлі қытай тарихнамасында Батыс Цзинь(265-316 жж.) деп аталған Сыма Яньнің құрған бұл империясы тұсында феодалдық қатынастар жан- жақты орныға басталды. Ірі жер иелері барған сайын жан жағындағы шамасы келетіндердің қолындағы жерлерін түрлі айла- тәсілдерімен басып алуды ұлғайтты. Олардың қолдарында орасан зор көлемдегі егістік жерлер, бау- бақшалар мен мал жайылымдары болды.олар осы яорасан зор жер иеліктерін ұсақ боөліктерге бөліп, бұл жер төлімдерінеді(буцюй) деп аталған өздеріне тікелей тәуелді шаруаларды және жерінен айырылып, қаңғып қалған»бинькелерді» жұмысқа жекті. Алғашында ірі жер иелері жаңа импераиорды мойындағысы келмей, мемлекетке салық төлеуден бас тартты. Мемлекет қазынасына тиетін табыс болмағандықтан, ло әскерлерді ұстауға шамасы келмейтіндіей жағдайға жетеді.Көптеген жерлер қаңғып бос жатты, оған иелік етуге мемлекет тарапынан қамқорлық қажет болды, әйтпесе әртүрлі тонаушылық шабуылдарға қарсы тұруаға жекелеген адамдардың шамасы келмейтін еді. Сыма Янь империяның біртұтас билігін орнықтыру үшін ірі жер иелерінен, ақсүйек өкілдерінің қолындағы жер иеліктерін мемлекеттік меншікке айналдыру мақсатын іске асыруға кірісті.осыған байланысты 280 ж. Сыма Янь мемлекеттік үлес жер туралы заң шығарды. Бұл заң бойынша, жер мемлекеттің меншігі деп саналып, оның игеру үшін еңбекке қабілетті азаматтарға жер үлестерін беруге шешім қабылданады. Еңбекке қабілетті салық төлейтін еркек шаруаға 120 му жер үлесі берілу тиіс болды, оның 70 му жерін шаруа өз отбасын асырау үшін өңдейді, ал 50 му жерден алынған өнімді мемлекет пайдасына салық түрінде төлеуі тиіс болды. Ал әйелдерге 50 му жер үлесі беріліп оның 30 му жерінен алынған өнім түгелдей мемлекетке берілу тиіс болды. Осылайша, үлестік жер иеленушілер өзі пайдаланатын жер есебінен мемлекетке салық төлейтін.Сонымен қатар олар қоғамдық маңызды жұмыстарды да атқаратын.Бұл еңбек міндеткерлігі ретінде салық. Осындай жер үлестерін алып,салықтпр төлеуге міндетті 16-60 жасқа дейінгі шаруалар – дин деп аталды.Әйелдерге бәрілетін жер үлесі 50 му сабағы, ал 13-15 және 61-65 жастағы кәрілер мен жасөспірімдерге одан да аз мөлшерде жер үлесі берілді. Сонымен қатар әрбір кәмелеттік жастағы ер азаматы бар жер үлесін иеленуші шаруа жыл сайын мемлекетке 3 орам жібек мата өткізуге, 30 күн тегін мемлекеттік жұмыс атқаруға тиісті болды. Сөйтіп жер мемлекеттің меншігі болды.Мемлекеттік меншіктегі жерлердегі жұмыспен өтеу реформасы ұзақ сақталған жоқ, IV ғ. басында ол өнім салығымен ауыстырылды.
Қытайда жерге мемлекеттік феодалдық меншіктің болуы алдымен қоғамдық жұмыстарды орталықтандару мақсатынан- суару жүйелері, өзендердің тасуына қарсы күрес, қорғаныс құрылыстарын салу т.б. қажеттілігінен туындаған болаты. Сондай-ақ қала- бекіністер «чэн» үшін күшті, берік дуалдармен қорған қабырғалар салу қажеттілігі де жерге мемлекеттік меншік етудің түрін өмірге келтірді. Мысалы Ұлы Қытай қабырғасын салу тікелей мемлекеттің басшылығымен салынды.
Сонымен қатар Сыма Янь тұсында Қатайда феодалдық жеке меншік жер иелену де сақталды.Сыма Янь көзі тірі кезінде елдің 20-ға жуық бөлігінің жерін жергілікті билік өкілдерінің жеке меншігі етіп бөліп берген болатын.Олар тез байып алып, енді өзара бәсекелестікке түсіп, 290 ж. Сыма Янь өлген соң олар бір-бірмен бақталастық тартысқа түсті. Бақталастық күрес 290-306 жылға дейін жүріп, 16 жылға созылды ды, ол тарихта « сегіз уанның бүлігі» деп аталды.Қытайда феодалдық жер иеленудің бүкіл орнығу барысында еңбекші халықтың наразылық көтерілістері, ауқатты ьайлардың арасындағы бақталастық күресиер, елдің территориясында көшпенділердің шапқыншылығы жүріп отырды. ІІІ ғ. аяғында Қытайда ашаршылық орнап, елдің әртүрлі бөлігінде шаруалар көтерілісі бұрқ ете түсіп жатты, әсіресе Шаньси және сычуань провинцияларында жергілікті басқарушы билік иелеріне қарсы көтерілістер өршіді. Елдің ішкі бірлігі мен тыныштығы бұзылып, бұл мемлекетті іштей әлсіретуге әкеп соқты. Бұл саяси ыдыраушылық жағдай ақырында батыс Цзинь империясының әлсіреуіне әкелді. Осы саяси бытыраңқылық басталған кезде Қытайға солтүстік- шығыстан, солт- батыстан көшпенділердің шабуылы басталады.Батыс Цзинь империясының билігі ұзақ өмір сүре алмайтындығы белгілі болды. Империя басшылары батыс пен солтүстіктен елге төнген көшпенділердің шабуылынан бас сауғалап, астананы лояннан оңтүстікке ауыстырды.Қытай қайтадан бөлшектеніп, ұсақ саяси бірліктерге бөлінуге мәжбүр болады .