Ұлыбританиядағы шағын бизнес

Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.