Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы туралы қазақша реферат

Кіріспе 

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруы. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды.

Тарихи маңыздылығы жоғары тарихи процестердің бірі Ұлы Жібек жолы екендігі белгілі. Бүгінгі қарастырылып отырған тарихи кезеңнің басқа процестерден айырмашылығын атап көрсетсек:

байланысты мұсылмандық діни орындардың (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер т.б.) салынуы;

-жер жаһанның барлық территориясын белгілі дәрежеде қамтуы;

-әлемдік өркениеттердің осы маршрут барысында бір-бірімен ассимляцияға түсе отырып, саяси-мәдени жаңа өркеиеттердің қалыптасуына өз әсерін тигізді;

Қарастырылып отырылған тақырыптың негізгі маңыздылығы бүкіл аумақты толықтай қамтуында. Ұлы Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле мен Ыстықкөлге жетеді.

Жалпы, Ұлы Жібек жолы сол кезеңде территориямызда мекендеген көшпелі өркениетті қалыптастырушы мемлекеттік бірлестіктердің әлемдік аренада өз дәрежесін тигіздірді.

Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з.дейінгі ІІІ-ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.

Ұлы Жібек жолының дамуы мен тарихы

Б.з.дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңірініңдегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғары Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жетті.

Б.з.дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.ХІ-ХІІ ғасырларда Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолжың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғасырда ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болған еді, үшіншіден, аса бай түрік  қағандары  мен олардың айналасындағы аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын.

VII-XIV ғасырларда елшілік сауда керуендерінің дені Жібек жолымени жүретін. Сан ғасырлар бойы тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір учаскілері айрықша маңыз алып, көрекйіп жатса, екінші бір учаскілері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалған. Мәселен, VI-VIII ғғ. Негізгі күре жол Сирия-Иран-Орта Азия-Оңтүстік Қазақстан-Талас алқабы Шу алқабы-Ыссық көл шұңқыры-Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірке айтсақ, тағы бір тармағы Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына-Маңғыстау-Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. Бұл жол сасанилар Иранына қарсы, Батыс Түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған. ІХ-ХІІ ғғ. Жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу Шығыс арқылы Кіш Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын холға қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал ХІІІ-ХІV ғғ. қайтадан жанданады. Құрлықтағы саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-серуенде жүрген адамдардың қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған.

VI ғасыр екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Кореядан Қара теңізег дейін созылып жатқан орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына енеді. VI ғасырдың соңғы кезеңінде Ұлы Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қамтитын учаскесі өзгеше жанданып, осы аймақтың қалалық мәдениетін өркендетуге көп көмегін тигіеді. Жетісуда ол бірқатар қалалық ортаоықтардың тууына әсер етсе, Қазақстаннның оңтүстігінде қалалардың тез көркеюіне себепші болады. Орта Азия арқылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келген сауда жолы ХІV ғасырға дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып-тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жұмыс істейді.

Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.

Егер Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Испиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелге қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Ұлы Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Испиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.

Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.Қазақстанның аса ірі қалаалрының бірі Тараз VI ғасырдан бұрын белгілі болған. 568 жылы түрік қағаны Дизабұл Византия императоры Юстинианның стратег Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған. Мұның үстіне ол түркештердің, содан кейін қарлұқтар мен қарахандардың тарих орталығы болған.

Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да  VI ғасырда хатқа түскен. Жамухаттыңжәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзені маңындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте бетте жатыр, оның үйінділерін қазір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 жылы оның түбінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерже, Талас бойымен төмен, теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Дех Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлігінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Олар күміс кендеріне жуық жерде орналасқан.

Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудің ең ірі қалаларының бір – Наукентке (Қытайша Синчэн) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады. Наукент түрік қағандарының сарай және соғдылардың қаласы болған.Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикент), арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түркештер, қарлұқтар астанасы) Суябқа келеді. Бұл қала туралы қытай, араб саяхатшылары Х ғасырға дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін ХІІІ ғ.бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ ХIV ғ.қайта ойрандалады. Бұл қалалардың тұрған жері қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне – Ақбешім мен Боран.

Х-ХІІ ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Наукенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған.

Іле алқабына басқа жолмен де келе еді екен: Құлан мен Аспарадан немесе Нұзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Шу – Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қаларды қуалай жүрген.

Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қалажұртының атына сақталып, осы күнге дейін жеткен.

Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына кейін, Сарыарқа атымен мәлім болған Шығыс Дешті Қыпшаққа, Ертіс жағалы мен Алтайға, Моңғоияға асып кетеді екен. Осы арамен атты көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады.

Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына, Қимақтар қағанының сарйына барып, одан әрі асып, Енисейдегі қырғыздар еліне тартатын болған.

Жолдың өзге бір желісі Теріскей-Іледегі Шеңгелді маңынан шығып, Көктал мен Бояулы керуен сарайлары арқылы Балқаш өңіріне, сосын Іеден тарайтын Ортасуды жиектеп, сол арадағы Ақтам қала жұртының орнын басып, көлдің түскейінен 8 шақырым бұғаз арқылы теріскейіне шығады. Керуендер бұғазды кешіп өтіп, Тоқырауын өзенінің құярлығына жуық жерден шығады екен дағы, оның бойын қуалап, әрі Ұлытау жоталарына кетеді екен.

Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді  батыс жағынан айналып өтіп, Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтар мемлекетінің жеріне жеткен. Тарбатайда, Ертіс жағалауында Қимақтың Банджар, Ханауыш. Астүр, Сисан секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қақпалары темірмен құрсалған орасан зор қал – «қағандар астанасы» орнасқан еді. Қимақтың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңғолиядағы ұйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның аймақтарымен байланысып отырған.

Ұлы Жібек жолының саудасы мен тауарлары

         Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен оснау күре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мұсқат жаңғағы, женьшень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, боялар мен минералдық шикізат, гаухар мен яшма, янтар мен кораллдар, пілсүйегі мен «балық сояулары», құйма мен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсеп мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен сауда салу үшін Ферғананың атақты «тері қан болып шығатын» сәйгіліктері мен араб арғымақтарын, түйелері мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықты, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.

Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкіністер мен жемістер, түрлі көктер әлемгі таратылған.

Дегенмен сауданың басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық алюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.

Керуен жолымен тасылатын жіек пен басқада тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар —  соның айғағы.

Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады екен. Ол өзінің құрамы жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шар-тараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістанндағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан – Қырымның, кішіазиялықтан – Сиваси, Кония, Тебриздің, Қазақстаннан – Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез – ХІІІ ғ.

60-жж. Екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары» бар.

Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген тап бола қалса, кеңінен тарп кетеді екен.

Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы

Орта ғасырдың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен елдерінің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалығының концециясы етек алып алыпи жайылған еді. Осынау «әлем патшалығының» әрқайсысы замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589-618 жж.) мен Тан әулеті (618-907 жж.) өкіметтерінің қол астында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің патшалықтары, Тынық мұхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі, Персия мен Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан төрт монархияның негізі деп саалады: оңтүстікте – пілдер патшасының империясы (Үндістан), батыста бағалы тастар патшасы (Иран мен Византия), солтүстікте сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), Шығыста адамдар патшасы (Қытай). Осы идея сосын мүсылман авторларына да ауысып келеді.

Тауарларды қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырға живописінің мәдени үлгілерң мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен би өнері де, сахналық ойындар да кеңінен таралған.

Шетел оркестрлері сарай қызметіндегі кісілер құрамына еңгізілген.Мәселен, сазман патша Сюань Изунь 30 мың сазгер ұстаған. Түрік қағанының Суяб түбінде ордасында елшілерді қалай қабылдағаны жөнінде сипатта сақталып қалған. «Қаған, — деп жазады сол сияпатты көзімен көрген будда сопысы Сюань Цзянь, — шарап әкеліп, саз ойауға әмір етті… сосын бір үзілмей, металл сыңғырымен сүйемелденген жатжерлік саз әуезі тамылжып төгілді де тұрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырып, жаны мен ойын жадыратып отырды». Тан әулеті Қытайдың ең көп жайылған саз Шығыс Түркістан мен Орта Азияның ән-күйлері болған. Құш пен Қашқардың, Бұқар мен Самарханд – Үндістанның сазгерлік дәстүрі, Сарайдың ресми қамқорлығы арқасында қытайдың саздық дәстүрімен ұласып кетті.

Жібек жолы бойынан әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазған кездері мәдениеттердің дамуын және өзара бірін-бірі байытуын дәлелдейтін көптеген материалдық дәйектер табылған: бишілер мен биші әйелдерді, маскалы актерлерді, түйе үстіне жайғасып отырған музыкалық ансамбльдерді бейнелейтін Тан дәуірінің терракот пен лекциясы – осының айғағы. Мұнда көптеген артистердің бет-бейнесінен Орта Азия халықтары өкілдері екені көрініп тұрады.Пенджикенттің, Варахша мен Топырақ қаланың және Шығыс Түркістанның қалаларындағы салтанат залдарында сақталып қалған қабырға суреттерде азшылар мен актерлер бейнеленген.

Діни соқпақтары

Жібек жолымен діни идеяларда кеңінен таралып отырылған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан – христиан діні, сосын барып ислам жеткен.

Зерттеушілер пікіріне қарағанда, Қытайға буддизм Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б.з.б.І ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда ортаазиялық діндарлар мен миссионерлер, әсіресе соғдылар, парфяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген. Б.з. ІІ-ІІ ғғ. буддизм  белсенді түрде таратылған, бұл Кушан империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ұқсайды.

Исламды тарату кезінде Орта Азия мен Қазақстан қалаларында пайда болған құрылыстар қатарына қоғамдық моншалар жатады.

Араб әрпінің көркемдік мүмкіндігін пайдалануға арналған керамика табылды. Сондай жазуладың бірсыпырасының көркемдік сипаты ғана болса, кейбіреулерінде әралуан игі тәлеулер, өсиеттер айтылады. Металдан жасалған сәндік бұйымдарға мода таралады, сол сияқты әзгә тілеулі, діни мағынадағы жазулары бар заттарға мода басталады.

VI ғ. мен  XI ғ. бірінші жартысындағы қалалар мен мекендер

Қазақстаннның ұланбайтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи-мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болады. Оңтүстік Қазақстан яғни Сырдария өңіріндегі  географиялық уәлаят солтүстігінде — Орталық Қазақстан даласымен , оңтүстігінде – Талас Алатауымен, Шығысында – Жуалы қыраттарымен, батысында – Қызылқұммен шектеседі.

Көшпелілер мен егіншілердің –ра қатынасы үнемі дұрыс болып отырмаған. Көшпелілердің барған жерін жерін құлазытып кететін шапқыншылықтары мен басқыншылықтары тарихи фактілер бар, сонымен бірге отырықшы халықтар билеушілерінің көшпелілерге жасаған қатігездігі жортуыл – жорықтары жөніндегі мәліметтер де аз емес.

Бірқатар зерттеушілер Жетісу жерінде егіншілік мәдениеті соғдыларды отарлауы арқасында пайда болған деп есптейді. Жетісу қала мәдениетінің шығуының қарама-қарсы, автох тонды – осы жердің өзінде пайда болды деген модельде бар, бұл пікір бойынша, оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы ешқашанда Соғдының объектісі болмаған, ол Орта Азия халықтарының тарихи және экономикалық тағдырында елеулі рөл атқарған, өзіндік экономикасы мен  мәдениеті бар дербес аймақ болған.

Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғғ. қатпарындағы  қала жұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға саяды. Олардығ бірсыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкест, Отырар (Фараб), Шавғар. Бұл қалалардан бірден көзге түсетіні: арқ (қамалсарай), шахристан (ішкі қала) және рабад (қала маңы).Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың оңтүстік – батысындағы қала мәдениетінің дамуының ерекшеліктері бүкіл облыстың тұтас өзіне және оның аудандарының әрқайсысына, қала жұрттарының топографиясына, қала тұрғын жайларына, оның керамикасына, идеологиясына өзіндік өрнек белгілірін қалдырған.

ІХ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезіндегі қалалар мен мекендер.

Қаладағы аса маңызды кәсіптің бірі – темірші-ұста ісі болды. Темір бұйымдардың көптеп табылуы – осынау кәсіптің дамуынан, оның техникалық мүмкіндіктерінен хабар береді. Мыстан мүліктер жасайтын орындар қалалардың бәрінде болған, өйткені мысты полиметалдар Қаратаудағы, Талас, Іле, Жоңғар Алатауларындағы қала орталықтарына жақын кездерден өндірілетін еді.

Бұл кезеңде сауда-саттық та өркендейді. Жібек жолымен келетін халықаралық сауда мөлшері бізге орта ғасыдағы авторлар деректерінен белгілі. Испиджаб, Кедер, береді. Олардың қатарына теріскей-шығыс Жетісудің Қаялық, Екіоғыз сияқты қалалары қосылады.испиджабта төбесі шатырлы базарлар, маталар базары, керуен сарайлары болған.

Қаланың сол аймақпен, даламен саудасы қанат жаяды. Қазақстан қалалары ұлан даладан келіп түсетін тауарлар – қой мен ешкі терілері, елте, ұлпандар болған.

ІХ-ХІІ ғғ. зат айырбастасуды ысырып тастап, тарих сахнасына тауар-ақша айналымы шығады. Испиджабта, Отырарда,  Тараз бен Яссада теңге сарайлары жұмыс істейді.

Қала халқының санының өсуі ауыршаруашылығының құндылығын арттыруды талап етеді. Сол себепті де егінді жерді қолдан суару жүйесі жетілдіріледі. Оның даму жолы Отырар аймағы материалдарынан анық көрінеді.

Қорытынды

 Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен тарихи дамуы барысында  әлемдік сахнада бұрын соңды болмаған  мәдени, экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар пайда бола отырып тарих көкжиегінде сан алуан процестер пайда болды. Шығыс пен Батыс мәдениеттер алмасуы жүзеге асты.

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстар нәтижесінде көшпелілер территориясында жаңа үлгідегі қалалық мәдениет орнықса, отырықшылар көшпелілердің көшіп-қонуға қажетті жүк көлік арбаларынан бастап, мал шаруашылығының көптеген әдістерін игерді.

Ұлы Жібек жолының саясат пен дипломатия тұрғысындағы негізгі жетістіктері өте көп. Қытай империясымен көшпелі үйсін,қаңлы, орта ғасырдағы түрік тілдес мемлекеттер арасындағы өзара байланысты нығайта білді. Ұлы Жібек жолының қаншалықты маңыздылығын осы жолдың маршрутымен қазіргі таңда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралының салынуынан көруге болады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» маршруты біздің еліміздің территория аумағымен жүріп өтуі «Ұлы Жібек жолы» бойында сол заманда еліміз аумағында мекендеген мемлекеттердің осы жол арқылы Шығыс пен Батысты жақындастыруда саяси дипломатиялық маңызды рөл атқарғандығын көреміз.

Тақырыптың маңыздылығы соншалық, тарихи қиын процестерден өте отырып, қазіргі таңда осы жол торабының  елдерді байланыстыру пайдалылығын ескере отырып, құрлық транспортын дамыту нәтижесінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының салына бастауы.

Қорыта келе негізгі басты айтарым, Ұлы Жібек жолы саяси дипломатия айнасы болды десем қателеспейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Ұлы дала тарихы», Маданов М. Алма-Ата, 1997ж
  2. «Қазақстанның көне тарихы» , Мұратхан Қ. Алматы 1994ж
  3. Қазақстан тарихы бес томдық
  4. Ч.Мусин Қазақстан тарихы, А. 2003
  5. Әлкей Марғұлан «Тамғалы тас жазуы» журналы
  6. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А, 1997
  7. Көшербаев Қ.Е., Құттыбаева Р.С. Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері. Алматы, 1996
  8. «Қазақтың қысқаша тарихы» Нығмет М. Алматы 1998ж
  9. Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов, Қазақстан тарихы,Алматы,2009