Ұлы жібек жолы туралы қазақша реферат
«Ұлы жібек жолы» — жерорта тенізінен Кытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жаткан керуен жолдарынын тоғыскан токсан торабы,ал сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жібек жолы елшіліктің және сауда саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастаған. Міне сонау ықылым замандарда адамзаттың араласуына, етене танысуына көп септігі тиген ұлы сүрлеу әлі де ұмытыла қойған жоқ. Тіпті осы жолдың бойындағы кез келген елде Жібек жолы деген атауларды кездестіретініңіз айқын.
Қазіргі кезде тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің жерінің байтақтығын икемді пайдалана біліп транспорттық көпір болу саясатын жүзеге асыра бастады,яғни Ұлы Жібек жолын қайта түлетудің бір көрінісі десек те болады.
Әрине ол кезең мен қазіргі уақытты салыстыру мүмкін де емес шығар бірақ көршіміз Қытай Халық Республикасынан ағылған жүк тасқыны қазір күннен- күнге еселеп артып,көбейіп келеді.Биыл ұшақтардың еркін еліміз территориясынан ұшып өтуіне терминал салынып отыр.Ұлы Жібек жолының тарихын біліп,тағылым алу біздер үшін маңызы зор іс.