У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары туралы қазақша реферат. Оның пайда болуы көбінесе 3-әлемде сфералардың әсер етуі үшін болған 1950-60 ж.ж жүргізілген қарулы соғыс кезеңіндегі саяси күреспен байланысты. Бұл теорияның ең көрнекті өкілі американ экономисті және тарихшысы У. Ростоу болды. Оның теориясына сәйкес әлсіз даму жағдайынан шығу кез келген ел өтуге тиісті стадиялар немесе қадамдар сериясымен сипатталады. У. Ростоу өзінің «Экономикалық өсу стадиялары» кітабында былай дейді: «Кез келген қоғамның экономикалық құрылғысы мына 5 түсініктің бірінің көмегімен түсіндіріледі:
1.Дәстүрлі қоғам
2. Жылдам даму үшін жасалған алғышарттардың жетілуі
3. Өзін өзі ұстап тұратын өсуге ұмтылу
4. Технологиялық кемелденуге ауысу
5. Бұқаралық тұтыну арасы
Бұл стадиялар сипаттамалық өасиетке ие болумен қатар және қазіргі қоғам дамуының процестерін жалпылаумен қатар оларға өзіндік ішкі логика және жалғасушылық тән, осылайша олар экономикалық өсудің бір теориясын құрайды. Ростоу бойынша, барлық дамыған елдер тез дамудан өзін-өзі ұстап тұратын өсуге өту стадиясынан өткен. Ал дамушы елдер қазірде дәстүрлі қоғам немесе жылдам даму алғышартының жетілу стадиясында.
Жылдам дамуға өту үшін олар белгілі бір алғышарттарды орындауы қажет. Сондай басты шарттардың бірі – экономикалық өсуді жылдамдату мақсатында ішкі және шетелдік жинақтарды қозғалту.