Ұзақ даму тарихи бола тұрып, туризм әлі күнге дейін толық, бір мәнді анықтама алған жоқ және оны тек жеке мамандар ғана емес, туристік ұйымдар да әр түрлі анықтап жүр. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ол жеткілікті зерттелмеген және оған сандық баға беру қиын.
Туризмнің іс жүзінде бар анықтамаларын екі топқа біріктіруге болады. Оның бірі жұмысшылық деп аталады және оның мінездемесі тар арналы, оған туризмнің жеке экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа аспектілерін немесе туризмнің ерекшеліктерін қамтиды да, нақты мәселелерді (мысалы, статистикалық мақсаттағы туризм анықтамасы) шешу құралы ретінде қолданылады. Екінші топ, мәндік анықтамалар пәнді түгелдей қамтиды, туризмнің қасиеттері мен қатынастарының көптүрлігін бір бірлікте көрсететін ішкі мазмұнын ашады, және оны ұқсас, көбінесе өзара байланысты, бірақ басқаша табиғаттағы құбылыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Туризмнің статистикалық анықтамасы. Статистикада туризмді тұрғындардың мекен-жайын немесе жұмыс орның орнын ауыстыруына байланысты емес көшіп-қону формасының бірі деп түсіндіріледі. Оған анықтама берілудің қажеттілігі ХХғ. І жартысында туындады және ол туристік ағындардың барлық жерде өсуімен, туризмнің экономикалық маңызының артуымен және саяхаттаушы тұлғалардың статистикалық есебін алуға тырысушылықпен түсіндіріледі.
Турист терминіне алғашқы анықтамалардың бірін Ұлттар Лигасының статистика мәселелері жөніндегі камитет сарапшылары берген (1937ж). Ол халықаралық қолдануға ие болды және қазіргі күнге кейбір түзетулері болмаса негізінен сол күйінде жетті. Соңғы жылдары туризмге анықтама беру мәселелері Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының бас қосуларында (Дублин,1950жылы, Лондон,1957жылы),Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық туризм және саяхат туралы конференциясыда (Рим, 1967 жылы), Бүкіләлемдік Туристік Ұйым конгресінде (Манила, 1986жылы), туризм жөніндегі парламентарлық конференцияда (Гаага, 1989 жылы), және тағы басқа жиындарда талқыланған.
Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибеде саяхат пен туризм статистикасы жөнінде халықаралық конференцияда қабылданған (Оттава, 1991жылы) және Бүкіләлемдік Туристік Ұйымымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистикалық комиссиясымен бекітілген анықтама кең қолданыста. Ол бойынша:
— турист – бұл 24 сағаттан 1 жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және өзге де мақсаттарда кенінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.
Ұсынылған анықтама саяхаттаушы тұлғалардың туризмдегі статистикалық зерттеудің обьектісі болып табылатын бөлігін анық көрсетуге мүмкіндік береді. Оттава конференциясының қорытынды құжаттарында және Бүкіләлемдік Туристік Ұйым техникалық құралдарына турист келіп-кетуші ретінде анықталады және бұл ұғымды туризм статистикасында түйінді ұғым ретінде қолдану ұсынылады. Ол туристермен қатар жалпылама ортақ белгілері бар экскурсанттарға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтар құбылыстың мәніне қатысты емес, сондықтан экскурсиялық сапарлар көбінесе туризмнің жеке оқиғасы ретінде қарастырылады және туристік статистикалық анықтамаларда көрсетіледі.
Туристтер мен экскурсанттарды келіп-кетушілер категориясына біріктіруге және сол уақытта басқа саяхаттаушы тұлғалардан ажырату мүмкіндік беретін үш басты белгіні бөліп көрсетуге болады: күнделікті орта шегінен асып басқа жерге ауысу, келген жерінде болу ұзақтығы және сапар мақсаты.
Күнделікті орта шегінен асып сапарлау бұл саяхаттаушыларды жіктеудің бірінші белгісі.
Күнделікті орта термині айналымға Оттава конференциясында келіп-кетушілер қатарынан күнделікті үйден жұмысқа (оқуға) барып, қайта келетін адамдарды бөліп қарау үшін енгізілген. Олар күнделікті ортадан аспайды және турист болып саналмайды.
Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның туризм статистикасы жөніндегі ұсынымдамаларында күнделікті орта параметрлері екі көрсеткішпен сипатталады. Ол нысанға келіп-кету жиілігі және оның қашықтығы. Тұлға тұрақты баратын жерлер оның тұрғылықты жерінен әжептәуір қашықтықта болса да, оның күнделікті ортасының элементтері болып табылады. Осыны негізге ала отырып айтатын болсақ,мысалы, шекаралық аудандардын тұрғындары шекаралас мемлекеттердің территориясында қызмет істеп және ол елдерге үнемі барып тұратындықтарына қарамастан халықаралық туристер санына жатқызылмайды.
Сонымен қатар, күнделікті ортаға адамдардың бұл нысандарды психологиялық түрде күнделікті ортаэлементі ретінде қабылдауынан шығады. Мысалы, көрші орналасқан театрға баруды ешкім де туристік шара деп санамайды және ол туризм статистикасында да көрініс таба алмайды.
Келген жерде болу ұзақтығы – бұл келіп-кетушілердің статистикалық жиынтығын бөліп көрсетудің екінші белгісі. Ол күнделікті орта тұжырымдамасының дамуына енгізіледі және туристер мен экскурсанттарды резиднттерден ажырата білуге мүмкіндік береді. Болу ұзақтығы 12 аймен шектеледі, одан кейін келіп-кетуші тұрақты тұрғын санатына ауысады да, туризм статистикасында есепке алынбайды. Бұрынғы тұрғылықты орнына қысқа келу (мысалы, туыстарына қонаққа келу) жағдайында бұл тұлға сол территотияның келіп – кетушісі ретінде тіркеледі. Атап айтсақ, Оңтүстік Еуропаның басты қабылдаушы туристік елдері – Италия мен Испанияда келу туристік ағымының үлкен бөлігін отанына келуші эмигранттар құрайды.
Сапар мақсаты (себебі) – келіп-кетушілердің үшінші белгісі. Басқа саяхаишылардан айырмашылығы олардың саяхаттауының себептері ресми құжаттар мен ғылыми әдебиеттерде кең түрде көрсетілген туристік себептер болып табылады. Келіп – кетушілерді статистикалық есепке алудың ыңғайлығы үшін Бүкіләлемдік Тіристік Ұйымның ұсынуымен (1-сурет) туристік мақсаттар бірнеше топтарға біріктірілген: бос уақыт, рекреация, демалыс; туыстар мен таныстарға қонаққа барып қайту; іскерлік және кәсіби мақсаттар (іскерлік кездесулерге, конференцияларға, конгрестерге қатысу тағы басқа); ем қабылдау, діни қасиетті жерлерге зиярат ету (қажылық); басқа да туристік мақсаттар.
Жай көзбен қарағанда келіп – кетушілердің статистикалық жиынтығы өте ала – құла және әртүрлі болып көрінеді. Саяхат мерзімінің әртүрлі ұзақтығы сапарлар географиясына, қозғалу әдістеріне қарамастан, барлық бұл тұлғалар бір санатқа біріктірілген және барлық жұмыс іздеу және ақы төленетін қызметті жүзеге асыру үшін жолға шығатын тұлғаларға қойылған.
Жоспарлы мақсаттар (себептер) бойынша жіктеу мигранттардың екі санатының әртүрлі экономикалық табиғатын көрсетеді. Олардың әрбірінің ерекшліктері шекарадан тыс шыққан жағдайда өте айқын білінеді, дегенмен жіктеу ішкі саяхатшылармен бірдей халықаралық саяхатшыларға да қатысты.
Ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар – аса ауқымды туристік нысан болып табылатын Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мың жылдыққа ұласады. Ортағасырлық Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар, мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.
Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармаға бойынша VI – XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы жеткілікті негіздемелер бар. Қазақ жерлері арқылы да жүріп өткен атқты саяхатшы Марко Поло: “Ұлы ханның жаушысы Канбаладан қандай жолмен шықса да, 25 шақырымнан кейін станса, оларша янб, ал бізше атты поштаға жетеді, әр стансада жаушылар тоқтайтын үлкен, әсем үй бар. Бұл керуен сарайларға сәнді жібек көпелерімен көз тартатын кең төсектер қойылған, жаушыға керектің бәрі бар, тіпті патшаның өзі де осында тоқтай алады”, — деп жазған.
Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты. Қазақстанда қажылық туризмін ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр тірлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізі 1399 ж. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.
Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы ең елеулі табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.
1991 жылға дейін Қазақстанда үдемелі дамып отырған әлеуметтік туризм басым болды. Отандық әлеуметтік туризді тек мемлекет қана емес, сондай – ақ, кәсіподақ та қаржыландырды, сондықтан туристік базаға 20 күндік жолдама орташа жалақыдан артық болған жоқ. Сонымен қатар,кәсіподақтар туризм жөніндегі облыстық және республикалық кеңестер арқылы сан мыңдаған адам қатысатын спорттық туризмнің дамуын қаржыландырды. Қазақстандықтардың сорттық және белсенді туризм турлеріедегі едәуір табыстары осымен тісіндіріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм ығыстыра бастады және оның жоғары дамыған индустрияға, ұлттық экономиканың маңызды бір саласына айналуы мәселесін шешу керек. Сондықтан шет елдерде және өзіміздің елде адамзат тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі туризмнің тиімді даму факторларын зерттеу қазіргі күндегі өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Туризм тарихы бойынша еңбектердің нәтижесін пайдалану туризм танудың негізгі теорияларын дамытуға, Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудағы осы заманғы тұжырымдаманы жасауға және туристік кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.
Шетелдік азаматтарға Қазқстанға саяхат ұйымдастырудың экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік пайдасы бар, өйткені республикаға келетін валюта ағынын, жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, ұлттық инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін туристік қызметті реттеудің және халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта жанғыртудың негізі қаланды.
Бүгінгі күнде біздің мемлекетте турузмнің даму бағыттарын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымындағы “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 30 сәуіріедегі “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік туристік ұйымның Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолындағы туризм инфрақұрылымының дамуы бойынша жобасын жүзеге асыру туралы” және 1998 жылдың 27 ақпанындағы “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жанғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және мұрагерлікпен дамыту, туристік инфрақұрылым жасау” жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарғылықтары белгілеп берілді. Бұл құжаттарды қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.
Туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытуға байланысты қадамдардың бірі – Қазақстанның 1999 ж. елде 415 туристік ұйым қызмет еткен, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік ұйымдар және 14 шетелдік туристік агенттіктер бар. Қазақстан кәсіпорындары 80 елдің туристік фирмаларымен келісімшарттық қатынастар орнатты. 4 алматылық және 13 обылыстық турфирмалар 8 мемлекетке туристік авиарейсті жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар топтары едәуір дамыған. Осы облыстар мен қалалардағы туристік ұйымдар күн сайын туристер мен экскурсанттардың 88% — іне қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қоса есептегенде, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.