Тренингтің нормалары мен принциптері туралы қазақша реферат
Тренингті бастау алдында жетекші маңызды сұрақтарды қарастырып, тренинг шарттарымен таныстыруы тиіс. Жетекші тренингтің барлық нормаларымен және принциптерімен таныстыруы тиіс:
- Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.
- Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.
- Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық күйлерге түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.
- Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі. Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.
- Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»
- Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.
Қатынас жасаудың алғашқы заңнамаларының бірі- қатысушылардың қарсы пікір білдіруі, негізінен бұл мазасызданудан туындайды немесе жоғарғы деңгейдегі психологиялық қорғаныстың болуының салдары. Осы шырмалған пікірлерді шешу үшін,тренинг топ бөлігін қолдануға болады (2-4 адам), осында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді талқылай алады.
Тренинг барысында керекті жолдастық жағдайды қалыптастыру үшін өзінің жеке оң көзқарастарын қатысушыларға жеткізе білу керек. Бұған үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені өзін жақсы жақтан көрсете алу индивидтің өзін басқа қырларынан танылуына көмегін тигізеді және өзіне деген сенімділігі артып, күш-қуаты молая түседі. Тренинг жүргізушісіне мынадай жағдайға көңіл бөлуі тиіс, кез-келген қатысушы топ тарапынан қысым көрмеуі тиіс.
Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында, мынаны негізге алу керек: қатысушылардың білім алуы, өздерін жетілдіруі тек эмоциялық уайымдап қою ғана емес, сонымен қатар сол мәселені жете түсіну, сол мәселені іштей қорыта алу, ол мәселелердің шығуын білу, яғни белгілі бір мәселелер мен сұрақтар пайда болғанда, сол мәселелердің субъект тарапынан жоғары көңіл бөлінуі. Тренердің шеберлігі көбінесе мынаған тәуелді, ол алынған материалдарды қолдана алама, сол мәселелерді жан-жақты аша алама, кейде тиімді деген ойындар мен ситуациялар нәтиже бермеуі мүмкін, бұл кезде тренердің шеберлігі маңызды рөл ойнайды.
Керек жағдайда мынадай қолдау көрсету керек, егер топ мүшелері өзіндік ізденіске дайындығын айтса. Жетекші тренинг қатысушыларының бірін-бірі зерттеу мүмкіндігін жасау керек, және жұмыс жасау, топтағы әрекетін түсінуге көмек беруі керек. Мүмкіндігінше анализ жасау, топпен жұмыс барысында не болып жатқанын, топтың және индивидтің келесі бағыт-бағдарын айқындау.
Қорытынды жаттығуларды міндетті түрде қатысушыларды ескерту керек, олар әлеуметтік психологиялық тренингтегі қарым қатынастарын шынайы өмірге араластырмау. Ең алдымен топтың шынайы дамығанын тренингтің барысында үйренген білімін кейін кезездесетін критикалық кезеңдерде пайдалана алатынына көз жеткізу керек. Сонда біз топты саналы түрде өзгерді деп айта аламыз.