Топырақтың химиялық құрамы

Топырақтың химиялық құрамы.  Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты: Топырақтың химиялық құрамы және оның қалыптасуын- дағы микроэлементтер мен макроэлементтердің ролі. Қышқыл топырақтарды жақсартудың жолдарымен танысу.

  Семинар сұрақтары: 

1. Топырақтың химиялық құрамы.

2. Топырақтың макроэлементтері мен микроэлементтері.

3. Топырақтың сіңіру қабілеті.

4. Қышқыл топырақтарды жақсарту жолдары.

Әдістемелік нұсқаулар:

Жер қабатындағы элементтердің орташа құрамын 1924 жылы алғаш есептеп шыққан — американдық ғалым Ф.У.Кларк.  Студенттер семинарға әзірлік барысында Ф. У. Кларктың тау жыныстарындағы химиялық элементтерді кларк үлестеріне байланысты бөлген үш тобымен және кларк көрсеткіштерін толықтырған ғалымдар (А. С. Ферсман, 1934-1939, А. П. Виноградов,1962) еңбектерімен, топырақтағы негізгі үлестері әртүрлі мол элементтер аттарына ие болған 18 элементпен танысулары кажет. Топырақтың химиялық құрамымен таныса отырып, кез келген затты түзуге қатысатын материалдық заттардың негіздерінің үлесін зерттеу үшін олардың химиялық құрамы анықталатынын және топырақтағы әртүрлі табиғи денелердің химиялық құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы  әртүрлі элементтердің орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығаратынын білулері керек.

Екінші сұраққа дайындық кезінде топырақтың құрамындағы микро және макроэлементтермен, оның химиялық құрамының қалыптасуымен және олардың тірі ағзалар тіршілігіне тигізетін әсеріне байланысты материалдармен танысыңыздар.

Топырақ каллоидтарының құрылымы мен құрамын  жете білу топырақтың сіңіру қабілетінің экологиялық маңыздылығын зерттеуге мүмкіндік береді.

Келесі сұрақта студенттер“топырақ ерітіндісі” және ”топырақ қышқылы” ұғымдарының мазмұнымен танысып, қышқыл топырақтарды жақсартудың қазіргі кездегі тәсілдерін оқып үйренеді.

Әдебиеттер:

 1. Ковда В.А. Основы учения  о почвах. – М,: Наука, 1973 изд Книга, 99-126 бет.

2.  Розанов Б.Г. Почвенный покров Земного шара. -М., Изд. МГУ, 1975.

3. Роде А.А. Генезис почв и современные процессы почвообразования.-М.: Наука, 1989.- 720 с.

4.  Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959.- 310 бет.

5. Жамалбеков Е .Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

Рефераттар тақырыптары:

1. Химиялық элементтердің топырақ ішінде таралуы.

2. Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері.

3. Топырақтың ауыр металдармен ластануы.

4. Топырақ  эрозиясы