Топырақтың органикалық заты және оның топырақ құнарлылығын арттырудағы маңыздылығы (1сағат). Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Органикалық заттар және олардың топырақ түзілуі мен құнарлылығын арттырудағы ролін талдау.
Семинар сұрақтары:
1. Топырақтың органикалық бөлігі.
2. Топырақ түзілуіндегі биік өсімдіктердің ролі.
3. Топырақ түзуге жануарлардың қатысуы.
4. Топырақ түзілуіндегі микроағзалар ролі.
Әдістемелік нұсқаулар:
Топырақ — биосфераның маңызды бөлігі, ол құрлықтағы тірі ағзалар мен олардың метаболизмі өнімдерінің қосылыс аймағы. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасы топырақтың ерекше компоненті болып табылады.
Тірі ағзалар — топырақтың тірі бөлігін құрайды. Жер бетінде тірі организмдердің пайда болуы планетаның сыртқы қабығын терең өзгеріске әкелді. 3,5 млрд. жыл мұхиттарда дамыған тірі ағзалар 500 млн. жыл бұрын құрлықты игере бастады.
Жалпы топырақтағы органикалық заттардың көзі топырақтың бетіне түсіп, топырақ қабаттарында жиналып, топырақтың түзілу үрдісіне қатысатын-биоценоз қалдықтары.
Сондықтан да топырақтың түзілуі мен құнарлылығын қалыптастырудағы биік өсімдіктердің, жануарлардың, микро — организмдердің қызметіне талдау жасап, топырақтың органикалық бөлігінің құралу заңдылықтарына тоқталу керек.
Ағзалардың тіршілігінің нәтижесінде жер — атмосфера — гидросфера жүйесінде газдар мен су айналымы жүзеге асты.
Семинарға дайындық кезінде, әртүрлі микроорганизмдер мен қарапайым майда жәндіктердің топырақ түзілуіндегі маңыздылығына назар аудару керек. Себебі: микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдық- тарын шірітіп, ыдыратып, жай қосылыстарға (суға, көмірқышқылы газына, аммиакқа және басқа заттарға) айналдырады.
Әдебиеттер:
1. Докучаев В.В. Русский чернозем.- СНП, 1883.
2. Тазабеков Т.Т т.б Топырақтар географиясы. -Алматы: Агроуниверситет,
2000. -182 бет.
3. Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения.- 4-е изд.-М.: Владос, 1999.
4. Почвоведение: Учебник/Под ред. И.С.Кауричева.-М.: ВО Агропромиздат, 1989. -720 с.
5. Геннадиев А.Н. Почвы и время: Модели развития.- М., Изд. МГУ, 1990.
Рефераттар тақырыптары:
1.Топырақ түзілу үрдісіндегі жануарлардың ролі.
2. Топырақтағы органикалық заттар және олардың биологиялық айналымдағы орны.