ТМД елдерінің топырақ қорлары және оны қорғау

ТМД елдерінің топырақ қорлары және оны қорғау. Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты: ТМД елдерінің топырақ қорлары, оның казіргі экология- лық жағдайы мен оны тиімді  пайдалану мен қоғаудың жолдарын талқылау.

Семинар сұрақтары:

1.  ТМД елдерінің топырақ қорлары,  оның экологиялық жағдайы.

2.  Топырақ қорларын  ұтымды пайдалану және қорғау.

Әдістемелік нұсқаулар:

 ТМД елдерінің жері әлемнің құрғақ жерінің 15% алып жатыр. Бұрынғы Одақ елдерінің жер қоры көп болғанымен, ауыл шаруашылығы  үшін игеруге ыңғайлы жерлер аса көп емес. Барлық жер корының 58 пайызы — суық тундра, 15 пайызы — шөлді және жартылай шөлді аймақтар,  небәрі 27% — ауыл шаруашылығына ыңғайлы жерлер. Бұл аймақтарда қосымша жер игеру болашағы аса көп емес. Жер бетінде халық саны жыл санап, үдемелеп өсіп келеді. Одақ елдерінің халқы 300 млн. -нан астам. Жыл сайын 2,0-2,2 млн. -ға өсіп келеді. Халықтың 62%-ы қалада тұрса, 38%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Қазірдің өзінде БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, Жер шарындағы халықтың 200-500 млн. — ға дейіні аштыққа жиі ұшырайды, ал 1,5 млрд. адам сапалы тамақ жемейді.

Сондықтан да бірінші сұраққа әзірлік барысында  топырақ қорларын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелеріне  баса назар аударыңыздар. Жер құнарының жылдан жылға кемуі  қайыршылықтың, кедейліктің т.б бақытсыз дықтың себебі болары сөзсіз. Табиғатымыздың сұлулығын сақтап, оның ластануына жол бермеу, табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты жоспар лы түрде, адам мұқтаждығына ыңғайлап өзгерту — өте күрделі мәселе.

Дегенмен оқу материалдарын игеру барысында ТМД елдерінің жер қорының адамды асырау мүмкіншілігінің әліде болса өте мол екендігіне көз жеткізулері керек. Топырақ құнарлылығын арттыру, оның сапасын жақсарту мол өнім алуға үлкен мүмкіншілік береді. Топырақтың экологиялық жағдайына баса назар аудара отырып, қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан  топырақты тиімді пайдалану, қорғау және жақсарту шараларына талдау жасау қажет.

Әдебиеттер:

1.  Розанов Б.Г. Почвенный покров Земного шара. -М.: Изд. МГУ, 1975.

2.  Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая  школа. 1981,- 400 с.

3.  Докучаев В.В.  К учению о зонах природы. Соч. Том У1, М-Л,: НСССР,1951.

4. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

5   ТазабековТ. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993.

6.  Глазовская М.А. Почвы мира. В 2-х томах. — М., 1973.

7.  Геннадиев А.Н. Почвы и время: Модели развития.- М., Изд. МГУ, 1990.

Рефераттар тақырыптары:

1. Топырақты тиімді пайдалану және қорғау.

2. Топырақ эрозиясы.

3. ТМД  елдері топырағының  казіргі экологиялық жағдайы.