Дәріс мақсаты: Топырақтану ғылымының зерттеу пәніне, негізгі ұғымдарына анықтама беру, топырақ туралы түсінік қалыптастыру.
- Топырақтану туралы түсінік
- В.В.Докучаевтың топырақ және топырақтүзілу туралы ілімі
- Жаратылыстық-тарихи дене ретіндегі топырақ туралы түсінік
- Топырақтың географиялық қабықтағы функциялары
Топырақтану – топырақ, оның құрылымы, құрамы, қасиеттері мен географиялық таралуы, пайда болу заңдылықтары , дамуы, тіршілігі және биосферадағы табиғи, қоғами рөлі, оны мелиорациялаужолдары мен әдістері, адамның шаруашылық әрекеті барысында тиімді пайдалану және қорғауды зерттейтін ғылым.
Топырақ та минерал, өсімдік, жануарлар сыйяқты өзіндік табиғи дене. Алайда топырақ ұғымының күрделілігі сонда, бұл табиғи дене көптеген құрамдас бөліктерден тұрады және тек топырақ түзуші факторлардың өзара қарым-қатынасының барысында ғана тіршілік ете алады.
Топырақ туралы түсінік. XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы кабатының құрамындағы органикалық және минералдық қалдықтарға көңіл бөлініп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В.В.Докучаевтың ғылымға жаңа өріс әкелген кезеңге дейін өріс алып келді. В.В. Докучаев топырақтың қалыптасуы барлық факторлардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде жүретінін дәлелдей отырып, топырақ туралы ұғым оның генезисі (түзілуі) туралы түсінікпен тығыз байланысты екенін көрсетті. Сондықтан Докучаевтың топырақ туралы ілімі генетикалық топырақтану деген атау алды.
Топырақтын табиғаттағы орны мен маңызы. Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфсра, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше кабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы — биосфераның негізгі компоненті. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі — коректік элементтердің топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралып; топырақтын түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.
Топырақтын тағы бір функциясы — ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
- В.В.Докучаевтың топырақтүзілу факторлары туралы ілімінің XIX ғ. жаратылыстануы үшін қандай жаңа мазмұны болды?
- Топырақтың анықтамасын бер. Топырақтың қалыптасып, дамуы үшін уақыттың қандай маңызы бар?
- Неліктен докучаевтік топырақтану генетикалық деп аталады?
- Орыс ұлттық топырақтану ғылыми мектебінің көрнекті өкілдерін ата.
- Топырақтың географиялық қабықта атқаратын функциялары, маңызы.
- Қазақстанда топырақтану ғылымының дамуы жайлы айтып бер.