Топырақтану ғылымының дамуы (1сағат). Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Топырақтанудың ғылым ретінде дамуы, оның негізгі бағыттары және өзге ғылымдармен байланысы, биосферадағы және адам өміріндегі орны мен ролі жайлы түсінікті қалыптастыру.
Семинар сұрақтары:
1.Топырақтану ғылымы және оның даму тарихы.
2.Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
3.Топырақтану ғылымының ғылымдар жүйесіндегі орны.
4.Топырақтың биосфера мен адам өміріндегі орны мен рөлі.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сұрақтарына әзірлік барысында студенттер ұсынылған әдебиеттердегі материалдарды пайдалана отырып, топырақтану ғылымының дамуы мен қалыптасуына, ғылымды дамытуға үлес қосқан ғалымдардың еңбектері мен ғылымның ғылымдар жүйесіндегі орнына және Қазақстанда топырақтану ғылымының дамуы мен қалыптасуына баса назар аударулары қажет. Топырақты құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі ретінде қарастырып, оның биосфера мен адам өміріндегі орны мен роліне ерекше көңіл бөліп, топырақтың адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық екенін танып білулері керек.
Әдебиеттер:
1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. – Алматы, ҚҰУ. 2000.
2. Почвоведение. /Под, ред. И.С. Кауричева. – М, Агропромиздат, 1989.
3. В.В.Добровольский. География почв с основами почвоведения; Учебник для вузов.- М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999. -384с.
4.Тазабеков Т.Т. Жалпы топырақтану.- Алматы: Агроуниверситет, 1998 . —182бет.
5. Сибирцев Н.М. Почвоведение. Избр. Соч. том 1,-М., 1951. -472 стр.
Рефераттар тақырыптары.
- В.В. Докучаевтың топырақтану ғылымын дамытудағы ролі.
- Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
- Топырақтың биосферадағы экологиялық қызметі.