Мақсаты: Топырақ зоналарының түрлерімен және олардың таралу заңдылық –тарымен танысу және талдау.
Қажетті құралдар мен заттар: Дүние жүзінің және ТМД елдерінің топырақ картасы, Қазақстанның атласы, ТМД елдерінің негізгі көлденең зона топырақ- тарының сызба-нұсқасы.
1-тапсырма.
— топырақ карталарын қолданып, ТМД елдерінің топырақ зоналарыментанысу. Топырақ зоналарының сызба нұсқасын және әр зонадағы топырақ түрлерінің классификациясын жасау.
— олардың таралу заңдылықтарына талдау жасап, топырақ зоналарына сипаттама беру.
2-тапсырма.
— ТМД елдерінің 1:4 000 000 масштабты картасын пайдаланып Солтүстік және Оңтүстік Алтайдың биіктік зонасының схемасын құру. Топырақ түрлері мен түршелеріне және олардың түзілу жағдайына сипаттама беру.
Топырақ карталары және топырақ карталарымен жұмыс.
Топырақ карталары әр түрлі масштабты болады және алуан түрлі мақсатта пайдаланылады. Оны оқып білу әртүрлі зоналардағы топырақ түрлерімен танысуға, оның таралу заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік береді. Топырақ карталары жер қорын есептеу мен ауылшаруашылығы территорияларын аудандастырудың негізгі құралы болып саналады. “Топырақ — ландшафтың айнасы” деп бекер айтылмаған. Топырақ картасын өзге топографиялық, геологиялық, геоботаникалық және басқа карталармен салыстыру, зерттелетін ауданның топырақ түзілу жағдайына талдау жасауға мүмкіндік береді.
Топырақ карталары масштабына қарай төмендегі категорияларға бөлінеді:
ұсақ масштабты — масштабы кіші 1:500 000,
орта масштабты — масштабы 1:100 000 ден 1: 300 000 дейінгі,
ірі масштабты — масштабы 1: 10 000 нан 1:50 000 дейінгі,
бөлшекті — 1:5000 және одан ірі.
Топырақ картасын толық жасап және өрнектеуге мынандай жұмыстар ен- еді: топографиялық негіздерді әзірлеу, топырақ карталарының белгілерін құрас- тыру(қабылданған шартты белгілердің тізімдері), егін жайдағы топырақты рет -теу, топырақтың қосымша бөліктерін топографиялық негізге түсіру, топырақ- қа әртүрлі индекстер мен әртүрлі штрихтарды енгізу, топырақ карталарына текстік түсіндірме материалдар беру. Топырақты картаға түсіру жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: а)топырақ алқаптарын картографиялау немесе оны қағаз бетіне түсіру; б) климат жағдайы туралы мәліметтер жинақтау; в) далалық жағдайда тексеріліп отырған территорияның рельефі, геологиялық құрылымы, топырақ пайда болған жыныстары және жер асты суларының тереңдігі анықталып, өсімдіктері суреттеледі (оның түрлік құрамы, жобалық қыртысы, өсімдіктер массасы).
Топырақ карталарының масштабын, құрылымы мен шартты белгілерін білу, топырақтың әр түрлі типтері мен типшелерін анықтауда жеңілдік туғызады.