Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы туралы қазақша реферат
«Алматы кілем» АҚ дағдарысқа қарсы басқару механизмініңстратегиясын жасау үшін біз экстрополяция, бюджеттеу әдістерін пайдаландық. «Алматы кілем» кәсіпорынында дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясын жасау үшін дамудың келесі вариантын ұсынамыз: импортты алмастыру бағдарламасы бойынша кілемдер өндірісін модернизациялау үшін несие алу ұсынылады. Жобаның мақсаттық бағыты тарау, тоқу құрал-жабдығын алу және орнату. Несие көлемі 1 млн. АҚШ доллары көлемінде, несиелеу мерзімі 7 жылға бекітіледі. Пайыздық ставка мөлшері 11%. Несиені игеру транштар бойынша алдыңғы 6 айда өтеді, жеңілдік кезеңі алғашқы 15 ай, негізгі қарызды қайтару әр алты жүргізіледі. Несиені уақытынан бұрын қайтаруға болады.
Жоба жоғары технологиялы, қазіргі заманға сай электрондық жаккардтық машиналары және басқармалы компьютері бар кілем тоқитын станоктарды алуды қарастырады. Осы станоктардың өнімділігі жылына 90000 кв.м бола отырып, фабрика бұрын шығармаған тығыздығы жоғары кілемдерді шығаруға мүмкіндік береді. Кілемнің осы түрін шығару арқылы нарықтың жаңа сегменттерін игеруге,импортты алмастыратын және экспорт бағытты өнім шығаруға және шетелдерден келген импортты кілемдер жаулап алған нарық бөлігін қайтадан қайтып алуға болады. Тығыздығы әдеттегідей кілемдерді шығару бұрынғы көлемде қала бермек. Өнім сапасының жоспарлап отырған деңгейіне шығу, тоқыма станогын, тарау құралын сатып алу үшін инвестициялық көмек керек. Жаңа құрал-жабдықтың әсерінен өнімнің өзіндік құны азаяды, бәсеке қабілеттілігі артады, жаңа жұмыс орындары ашылады. «Алматы кілем» экономикалық қауіпсіздік стратегиясының жобасына қажетті капиталдың қалыптасуы 20 кестеде көрсетілген (1 АҚШ доллары 155 теңгеге тең деп алдық).
Жобаның қалыптасуына 1844503 АҚШ доллары қажет, өндірістік емес шығындар 1935 доллар, өндірістік шығындар 117000 доллар шамасында болмақ. 1 млн теңге жаңа құрал-жабдықты алуға жұмсалса, персоналды оқыту үшін 20000 доллар, суретті дайындайтын станция 97000 доллар болмақ. Жоба капиталының қалыптасуына қажетті жетіспеген қаржыны меншік қаржыларынан төле қарастырылып отыр.
20 кесте — «Алматы кілем» АҚ-ының инвестициялық жобасы капиталының қалыптасуы
1 доллар=155 теңге
№ |
Көрсеткіштер |
Меншікті қаржы салымдары |
Алынатын инвестиция |
Барлығы |
|
|
теңге | доллар | доллар |
1. |
Негізгі капитал |
|||
2 |
Ғимараттар, үйлер және жер |
934000000 | 602581 | |
3. |
Компанияның қолда бар құралы |
55333000 | 356987 | |
4 |
Сатып алынатын құрал-жабдық |
883000 | 883000 | |
5. |
Айналым қаржылары |
|||
6. |
Қоймадағы дайын өнім, шикізат және материалдар |
50200000 | 323871 | |
7. |
Барлығы |
2166438 | ||
8. |
Өндірістік емес шығындар |
|||
9. |
Кедендік баж салықтары |
300000 | 1935 | |
10 |
Барлығы |
300000 | 1935 | |
11 |
Өндіріс алдындағы шығындар |
|||
12 |
Персоналды оқыту |
20000 | 20000 | |
13 |
Суретті дайындау станциясы |
97000 | 97000 | |
14 |
Оқыс шығындар |
2200000 | 14194 | |
15 |
Барлығы |
201432288 | 1000000 | 2299567 |
Кілем тоқитын жаңа станокта жұмыс орындары ашылатын болғандықтан, біз ары қарай қанша персоналдың қажет екенін,орташа айлық еңбек ақы мөлшерін жоспарлап, келесі 21 кестеде көрсеттік.
21 кесте -«Алматы кілем» АҚ-да жаңа кілем тоқу станогы үшін қажетті персонал
№ | Персоналлауазымы | Персонал саны, адам |
Айлықеңбекақытеңге |
Еңбекақы қорытеңге |
||
|
|
1 смета үшін |
Сменалар саны |
Барлығы |
|
|
1. | Цех бастығы |
1 |
1 |
1 |
35000 |
35000 |
2 | Инженер-ситемотехник |
1 |
1 |
1 |
35000 |
35000 |
3. | Мастердің көмекшісі |
1 |
1 |
1 |
30000 |
30000 |
4 | Есепші |
1 |
1 |
1 |
17000 |
17000 |
5. | Тасымалдаушы |
2 |
1 |
2 |
16000 |
32000 |
7 | Тоқымашы |
1 |
3 |
3 |
28000 |
84000 |
8. | Ставилыцик |
2 |
3 |
6 |
24000 |
144000 |
8. | Инженер-жүйеші |
1 |
3 |
3 |
28000 |
84000 |
9. | Барлығы |
18 |
461000 |
Жоғарыда келтірілген кестеде бір сменаға қажетті жұмыскерлер саны, сменалар саны, жұмыскерлердің еңбек ақысы, және еңбек ақы қорының бір айлық мөлшері көрсетілген. Осылайша, жаңа кілем тоқитын станокгы игеру үшін 18 жұмыскер, жалпы еңбек ақы қоры айына 461000 теңгені кұрайды.
Енді несиені игеру жоспарын жасайық. Жоғарыда несиені игеру алдыңғы алты айда жүргізіледі десек, айлар бойынша несиені игеру 21-кестеде көрсетіледі.
22 кесте — «Алматы кілем» АҚ-да несиені алдыңғы алты айда игеру жоспары
АҚШ доллары
Көрсеткіштер |
1-ай |
2-ай | 3-ай | 4-ай | 5-ай |
6-ай |
Барлығы |
|
1. | Құрал-жабдық бойынша бірінші төлем |
240000 |
|
240000 |
||||
2 | Суретті дайындау станоктарын алу |
57000 |
40000 |
|
97000 |
|||
3. | Мамандарды оқыту | 20000 |
|
20000 |
||||
4 | Тарау аппараттарын
алу |
55000 | 55000 |
|
110000 |
|||
5. | Құрал-жабдық бойынша екінші төлем |
533000 |
533000 |
|||||
6. | Барлығы |
297000 |
20000 | 40000 | 55000 | 55000 |
533000 |
1000000 |
Ескертпе: Дайындаған автор
Несиені игеру жоспары 6 айға есептелген. Бірінші айда құрал-жабдық бойынша 30%-дық төлем төлеу және сурет салу станциясын сатып алу көзделген. Екінші айда осы станокта жұмыс істейді деген мамандарды оқыту жүргізіледі. Персоналды оқытып болған соң, сурет салу станогының қосалқы бөлшектерін төртінші айда орнатады. Тарау аппараттарын алу 4 және 5-айларға жоспарланып отыр. Соңғы алтыншы айда кілем току станогының қалған бөлшеттері сатып алынып, өндіріске орнатылады.
Тығыздығы жоғары жаңа технологиялы құрал-жабдықты орнатқан соң, кәсіпорын сапасы әлемдік стандарттарға сай, өнім шығаруды көздеп отыр, өнім көлемін екі есеге арттырмақ жоспары бар.
«Алматы кілем» АҚ-да несиені игеру қолайлы жағдайларда өтетін болса, таза табыс көлемі арта түспек. Табыстылықтың жобалық көрсеткіштері 23 кестеде келтірілген.
Несиені ойдағыдай игеру жағдайында тығыздығы жоғары кілемдерден түскен табыс 1531510 долларды, ал әдеттегідей тығыздықты кілемдерді сатудан түскен табыс мөлшері 2276129 доллар құрауы тиіс
23 кесте — «Алматы кілем» АҚ-ның болжамдық табыстылығы
№ | Көрсеткіштер | Болжамды сомасы | |
|
|
теңге |
доллар |
1. | Жай кілемдерді сатудан түсетін табыс |
3528000000 |
2276129 |
2 | Тығыз кілемдерді сатудан түсетін табыс |
237384000 |
1531510 |
3. | Басқа тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін табыс |
10080000 |
65032 |
4 | Ғимаратты жалға беруден табыс |
3780000 |
24387 |
5. | Басқа да табыстар |
3780000 |
24387 |
6. |
Барлығы |
607824000 |
3921445 |
7 | Дайын өнімнің өзіндік құны (жай кілемдер) |
278600000 |
1797419 |
8 | Дайын өнімнің өзіндік құны (тығыз кілемдер) |
187470000 |
1209484 |
9. |
Барлығы |
466070000 |
3006903 |
10 | Салық салынатын табыс |
141800000 |
914542 |
11 | Корпоративті табыс салығы |
42540000 |
274362 |
12 | Таза ақша тасқынының дисконты 17% |
43780100 |
282452 |
13 | Әкімшілік шығыңдар |
20000000 |
129032 |
14 | Таза табыс |
160271000 |
1034006 |
Жоба бойынша таза табыс көлемі 1034006 долларды құрауы керек. Біз жобаның қай кезден басталатыны көрсетпей отырмыз, себебі қазір кәсіпорында инвесторды іздеу процесі жүруде, ал қайтарып беру мерзімі 7 жыл екенін көрсеттік. Несиені алу кәсіпорынның тозған негізгі капиталын жаңартады, нарыққа бәсеке қабілетті өнім шығарылады, қосымша жұмыс орындары ашылады, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етеді.
«Алматы кілем» АҚ-ның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін басты назарды келесі бағыттарға аудару керек:
- негізгі капиталды жаңарту, мүмкіндігінше жоғары технологиялық станоктарды өндіріске енгізуге ұмтылу;
- кәсіпорындағы жоспарлау деңгейіне көңіл аудару, жоспарлардың орындалуына тырысу;
- әкімшілік шығындарын төмендету;
- өнімнің сапасын арттыру;
- маркетингтік қызметті жандандыру;
- өнім өткізудің дилерлік желісін бекіту.