Технологияларды тарату әр түрлі формада, түрлі тәсілдермен және әр түрлі каналдар бойынша жүргізілуі мүмкін. Ол коммерциялық және коммерциялық емес негізде таратылуы мүмкін. Ішкі ұйымдық, ішкі мемлекеттік және әлемдік болуы мүмкін. Коммерциялық емес негізде технологияларды тарату формалары: арнайы әдебиет, мәліметтердің компьютерлік базалары, патенттер, анықтамалар; конференциялар, көрмелер, симпозиумдар, семинарлар; оқыту, стажировка, тәжірибе; паритет негізіндегі қиылысқан лицензиялау; ғалымдар мен мамандардың ғылыми құрылымнан коммерциялық құрылымға миграциясы және керісінше.
Коммерциялық емес формадағы технологияларды таратудың негізгі ағымына коммерциялық емес, патентке қабілетсіз ақпарат жатады. Мысалы: бастапқы зерттеулер, ғылыми ашылымдар және патенттелмеген жаңалықтар.
Технологияларды таратудың коммерциялық емес формасы, сонымен қатар ішкі ұйымдық трансфер еркін жүргізіледі және шартты – құқықтық рәсімдеу мен регламенттеу қажет емес.
Ақпаратты коммерциялық таратудың негізгі формасына: материалды түрде технологияларды сату; тікелей инвестициялар және олармен бірге жүретін құрылыс, реконструкция, кәсіпорынның, өндірістің модернизациясы, портфельді инвестициялар, патенттерді сақтандыру, патенттелген өнеркәсіптік меншіктің барлық түріне лицензияларды сату, тауар белгілерінен басқа; патенттелмеген өнеркәсіптік меншіктің барлық түрлеріне «Ноу-Хау» лицензияларды сату, өндіріс құпиялары, технологиялық біліктілік және ғылыми-өндірістік кооперация, инжиниринг т.б. жатады.
Технологияларды таратудың коммерциялық формалары, ішкі және әлемдік сияқты келісім-шарт түрінде рәсімделеді.
Жоғарыда аталғандардан басқа технологиялар транферін келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:
1) технологияларды тарату бағыты бойынша (төменде көрсетілген технологияларды тарату формалары бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі алмастыра алады):
— вертикальды тарату – «зерттеу-өндіріс» циклының стадиялары бойынша жүргізілетін ұйымаралық процес;
— горизонтальды тарату – ақпаратты бір ғылыми саладан екінші салаға таратудың ішкі ұйымдық процесі;
2) қатысушылар саны мен олардың қатысу деңгейі бойынша:
— активті тарату – таратушы мен қабылдаушы арасында делдал ретінде қандай да бір ұйым жүреді. Ол таратушыға оның техникасын алатын тиімді сатып алушыны таңдауға көмектесуі тиіс;
— пассивті тарату – технологияларды өндіруші барлық тәуекелдерді, өз мойнына алып, іскерлесті өзі іздейді;
3) технологияларды таратудың басқа да формалары:
— имитациялық – түпкі өзгерістерді енгізбей өндіріс процесіне көмек беру;
— адаптациялық – ешбір өзгеріссіз өндірістің жаңа техникаға бейімделуі;
— инновативті — өндірістердің толықтай өзгерісін талап етеді.