Темпераментті зерттеу әдістері туралы қазақша реферат
Темпераменттерді лабораториялық жағдайда зерттеу қиынға соғады, ал жай байқаулар арқылы да оның ерекшеліктерін танып – білу оңай емес. Бірақ адам темпераменті туралы кейбір мәліметтер алуға мүмкіншілік бар. Мәселен, зерттейтін адамның жүріс – тұрысын сырттай жүйелі түрде байқап, олардың психикалық әрекеттерінің жылдам, не шабан екенін, дене қимылдарымен, бет әлпетінің қозғалыстарын жігерлі, не жігерсіз екендігін, эмоциясының күшті не әлсіз, көңіл күйінің тұрақты, не тұрақсыз екенін байқауға болады. Оқушы темпераментін зерттеу үшін, мұғалім оның өмірбаянын зерттеп, әңгімелесіп, танысу арқылы олардың мінез- құлқын таниды. Эксперименттік әдіс (сынау) арқылы да адам темпераментін зерттеуге болады. Мұндайда адамның түрлі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакциялары есептелмей, яғни оның түрлі әсерлерге жауап беруі қандай екендігін (тез не баяу) ажыратылады.