Тәуке ханның тәуелсіз саясаты туралы қазақша реферат
Тәуке хан билікке келісімен Казақ хандығындағы ішкі тартысты тоқтатып, бірлікті күшейтуге барын салғаны мәлім. Ал сыртқы саясатта Қазақ хандығы Сыр бойындағы қалаларды өз құрамында сақтап қалу үшін күреседі. Сондай-ақ оңтүстік-шығысынан жоңғарлар тарапынан әлсін-әлсін шабуылдар жасалып түрған.
Сыртқы шапқыншылықтан қорғану, хандыцтағы бытыраңқылықты жою «Жеті Жарғы» заңының қабылдануына өз ықпалын тигізеді. Казақ қоғамынын сол кездегі кажеттілігін қанағаттандыратын заң жобасының керектігі, бұрыннан болған қүкықтык нормаларды жүйелеу аркылы оларға мөнді өзгеріс енгізіл, толықтыру өрекеттері дүниеге «Жеті Жарғы» заңын әкеледі.
Тәуке хан халык арасындағы беделді билермен кеңесе отырып қабылдаған «Жеті Жарғы» заңы, қазақ кауымының әлеуметтік-экономика-лық, құқықтық катынастарын реттеуге бағытталады. Орыс жазбаларында бұл заңдар «Тәуке хан заңдары» деп аталады.
«Жеті Жарғы» бізге толық күйінде жеткен жоқ. Заң жинағының кейбір баптары XIX ғасырдың алғашкы жартысында орыс ғалымдарының жазып алған үзінділері арқылы сақталды. Оның жобасы, құрылымы жағынан әр түрлі екі нұскасы белгілі. Алғашқысын 1820 жылы Г. Спасский «Сібір хабаршысына» жариялайды. Мұнда он бір үзінді көрсетілген. Екінші нұсқасы қазақ тарихының білгірі А. И. Левшиннің еңбегінде (34 үзінді) берілген. Бұл заң жобасының екі нұсқасы да бапқа бөлінбеген [3, 29б].
Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңы арқылы ішкі тартысты жою мақсатында ел басқару ісін, заң шығару тұтқасын билерге беріп, ұсақ хандар мен сұлтандардың саяси ықпалын тежеуге тырысады. «Жеті Жарғыда» жүздерді баскару үшін сайланған үш бидің аты белгілі. Ұлы жүзде — Төле би, орта жүзде — Қазыбек би, кіші жүзде — Әйтеке би. Жыл сайын Күлтөбеде (Ташкент маны) үш жүздің басын қосқан жиналыс (құрылтай) шақырылуы тиіс болған. Хан кеңесі, билер кеңесі мемлекеттік тұрақты құрылымға айналады. «Жеті Жарғы» заңында ел дауын шешудегі билер кеңесінің кұқығының қорғалуын, сақталуын қатты кадағалаған.
«Жеті Жарғы» баптары мейлінше нақты. Мәселен, кісі өлтіргендер үшін «қанға қан, жанға жан алу» принципі сақталады. Кейбір жағдайларда өлім жазасын соттың келісімімен кұн төлеумен ауыстыруға болады. Бұл — осы заң жобасының тарихи прогрестік маңызын айқындайтын бап. Кұн кылмыстының өзінен немесе ру мүшелерінен алынады. Құнның мөлшері мынандай болған: ердің кұны — мың кой (немесе екі жүз жылкы, жүз түйе), әйелді өлтіргендігі үшін жарты кұн — бес жүз қой (жүз жылқы, елу түйе). Кісінің денесіне жаракат түсірген болса, қүн төлеуге тиіс болады. Бас бармақ сынса, жүз кой, шынашаққа жиырма қой көлемінде кұн тартуға тиіс.
Сұлтан мен қожаны өлтіргендер олардың туыстарына жеті адамның құнын төлейді.
«Жеті Жарғыда» әйелдер кұкы шариғат ережелеріне сүйенеді. Егер әйел күйеуін өлтірсе, ол өлім жазасына кесіледі және ешқандай құн төлеумен ауыстыру мүмкін емес.
Сотта бір куәгер еркектің орнына екі куәгер әйел жүреді. Кыз-келіншекті зорлау, алып кашу өлім жазасымен теңестіріледі. Өйткені ру ынтымағын ыдыратып, канды кырғынға киліктіретін көп дау-дамай осы жесір дауынан туындап жататын. Кейбір жағдайда зәбір шеккен қызға үйлену және қалың малын төлеу кылмыстыны өлім жазасынан кұткарады.
Құлдардың иелері олардың өмірлерінің қожайыны болып есептеледі. Қазақ қауымындағы құлдар тұтқындар мен жетім балалар болған.
«Жеті Жарғы» бойынша отбасында әкенің билігі баянды етіледі. Ол ұл-кызының, әйелдерінің, құл-күнінің, төрт түлік малының, жайлау — қыстау-ының жеке дара билеушісі, асыраушысы әрі қамқоры болғанды. Әкенің ризалығын алмай, отбасының кез келген мүшесі ешбір шешім кабылда-майды.
Әкесіне немесе шешесіне қол көтеріп, балағаттаған баланы кара сиырға теріс отырғызып, ауыл ішін аралатып, камшымен соққан.
Бір себеппен (аңдаусызда) баласын өлтіргені үшін ата-анасы ешқандай жаза алмайды. Бірақ некесіз туылған баласын ұяттан (қасақана) өлтірген әйел өлім жазасына кесіледі.
Мал мен мүлікті ұрлау қатаң жазаға тартылады. Ұрлығы ашылған кісі ұрлап алғанын тоғыз есе (27) етіп кайтару керек. «Тоғыз айыбы» мына мөлшерде белгіленген: бас тоғыз немесе түйе бастатқан тоғыз, орта тоғыз немесе ат бастатқан тоғыз, аяқ тоғыз немесе өгіз бастаткан тоғыз. Егер айыпты кұн төлеуден жалтарса, билер сотының немесе ру басыларының келісімімен барымта жасалады, яғни жасырын түрде айыпталушынын ма-лын айдап кетуге болады.
Өзін-өзі өлтіргендерді заң бойынша бөлек жерге жерлейді.
Жеті атадан аспай үйленуге өлім жазасы кесіледі.
Құдайға тіс тигізген кісі жеті адамның куәлігі аркылы анықталса, тас-пен ұрып өлтіріледі.
Христиан дінін қабылдағандарды мал-мүлкінен айырады.
Әрбір соғысқа жарайтын еркек бес қарусыз жүрсе, оған да айып салы-нады. Бұл жаугершілік заманда кешірілмес күнә саналған. Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдап, ат-көлік, азык-түлікпен камдауға міндетті болған. Бұл — арнайы керуен сарайы, мейманханасы жоқ көшпелі қоғам өмірінде хан, би бұйрык-жарлығын, соғыс хабарын тез жеткізу шараларының бірі еді.
«Жеті Жарғы» бойынша арнайы мал-мүлікке таңба белгілейді және салық түрлері (аманаттық салық, ру басыларының борышын төлеу, хан-дык билік, қару-жарақ) белгіленеді. Заң кұкык ережелерінің жеке салаларын (қылмыстық, азаматтық, басқару) да қамтыған. Сонымен бірге қазақ қоғамындағы діннің орнын, салық түрлерін, жалпы тұрмыс жағдайын рет-теуге бағытталған.[4, 171б].
Тәуке хан Қазақ хандығының ішкі мәселелерін ғана шешіп қоймай сыртқы саясатында да көрші елдермен бейбіт байланыс жасай отырып, экономикалық карым-катынас орнатады. Соның ішінде Ресей елімен ұзак уақытқа үзілген мәмілегерлік жөне сауда байланысын жаңартады. Тәуке хан сонымен қатар Бұхар, Хиуа хандықтарымен бейбіт карым-катынасты сақтауды да естен шығармайды.
Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарын жалғастыру барысында 1687 жылы Тәшім бастаған елшілік жібереді. Бұл елшіліктің мақсаты бұрынғы сауда байланысын қалпына келтіру еді. Тәуке қазак жері аркылы өтетін Ресей және Хиуа, Бұхар керуендерінің Қазак хандығының экономикалык дамуына әсері зор екендігін көре білген.
1683—1686 жылдар аралығында Тәуке хан орыс жеріне бес елшілік жібереді. Бірақ олардың кейбіреуі сәтсіздікке ұшырайды. Мұның басты себебі қазақ-орыс шекарасындағы тонаушылық қактығыстар еді. Ресей керуенінің тоналуы осы кезде Тобылға сауда жасау туралы шартқа кол қою мәселесімен келген Сары мен Келдей мырзалардың елшілігі тұтқынға алынуына әсерін тигізеді. Осы оқиғадан кейін 1690 жылы Кабай елшілігі барып, Келдей мен Сары мырзаны босатуды талап етеді. Ел ішіндегі Тәукеге қарсы топтар Ресейдің шекара аудандарына шабуылды күшейтіп, екі ел арасындағы қатынасты шиеленістірген болатын. Соның салдарынан Қабай бастаған елшілік нәтижесіз оралады. Көп ұзамай 1691 жылы сауданы да-мыту бағытында Тұманшы мен Қабай бастаған елшілікті аттандырады. Бұл елшілер I Петр патшаға Келдей мен Сары мырзаны босатуды талап еткен Тәуке ханның хатын тапсырады. Ресей мемлекеті Қазақ хандығының тала-бын орындамауына байланысты қазақ билеушілерінің арасында іріткі туа бастайды. Әсіресе Келдейдің қайын атасы Түрке би бастаған топ орыс-қазақ қатынастарын шиеленістіреді. Нәтижесінде Тұманшы батыр мен Қабай бастаған елшілік те казақ мырзаларын босата алмайды. Бірақ бұл өткінші сәтсіздікке қажымаған Тәуке хан Ресей мемлекетімен байланысты үзбеу мақсатында 1694 жылы Тайқоңыр Құлтабай бастаған елшілік жібереді. Тайқоныр батырдың Сібірге келуінің басты себебі бейбіт қарым-қатынасты сақтау жөне Келдей мен Сары мырзаны босату екені, сол заман деректерінде айтылады. Осы жылы (1694) Тобыл әкімшілігі Келдейді сый- сияпатпен босатады. Бұл аралықта Сары мырза қайтыс болып кеткен еді. Тәуке хан сыртқы саясатында әрқашан бейбіт карым-қатынасты жақтаушы ретінде, сабырлылық таныта білген. Елдің қауіпсіздігіне жетуде Ресей елімен мәңгі бейбітшілікте болу үшін жасалған мәмілегерлік әрекеттерді бағыну деген үғыммен теңеу тарихи шыңдықты бұрмалау екендігі белгілі.
Ресей мемлекеті өз тарапынан Қазақ Ордасына елшілер жіберіп тұрады. Шекаралық мәселелерді шешу мақсатында 1692 жылы Андрей Неприпасов, Басилий Кобяков бастауымен елшілік келеді. Қазақ Ордасының жағдайымен танысу үшін 1694 жылы Түркістанға Федор Скибин, Матвей Трошин бастаған елшілік жөнелтіледі. 1715 жылы Бухгольц басқарған экспедиция Шығыс Казақстан мен Алтайға сапар шегеді. 1716 жылы Белоусов бастаған елшілік қазақ жеріне келеді. Елшіліктің максаты Қазақ Ордасының жоңғарлармен катынасы, әскери күш-қуаты, Орта Азия хандыктарының ұстанған бағыты, ішкі жағдайы, тағы басқа жәйттерді біліп қайту еді.
Қазақ хандығының шығысында орналасқан жоңғар мемлекетінде Севан-Рабтанның (1697—1727) билікке келуі қазак-жоңғар қатынастарын одан сайын шиеленістіреді. Осы кезеңнен бастап жоңғарлардың қазақ даласына шапқыншылығы үдей түседі. 1698 жылы Севан-Рабтанның Қытай императорына жолдаған хатында бұл соғыстың басталуына қазақтар себепші болды, калмақ ханы Аюкенің оған ұзатылып бара жатқан қызының керуеніне Тәуке хан шабуыл жасады деген. Бұл — Севан-Рабтанның император алдында ақталу мақсатындағы сылтауы еді.
Тәуке билік құрған кезде қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ жоңғар шапқыншылығына тосқауыл болады. Бұл одаққа қарақалпактардың бір бөлігі де енеді. Тәуке тұсында 1698, 1711-1712, 1714, 1717-1718 жылдары жоңгарлармен елеулі қақтығыстар болады. Қазақ әскерлері бірнеше рет жеңіске жеткенімен, жоңғарлар қазақ, жерін толыктай босатпайды. Мүның бір себебі хандықтағы билеушілердің алауыздығы еді.
1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінін бойында болған қазақ-жонгар шайқасында қазақ жасағы жеңілуге мәжбүр болады. Осы соғыстың куәсі болған Қаз дауысты Құтты бидін өзінен естіген орыс елшісі Брянцев жеңілістің басты себебі — қазақ жасағын бастап келген Әбілқайыр мен Қайып сұлтанның соғыс қимылын келісіп жүргізбеуінде екендігін көрсетеді.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, оның орнына отырған баласы Болат хан билікті орнымен пайдаланып, халыктың басын біріктіре алмай-ды. Бұл жағдай Қазақ хандығының саяси жағынан бөлшектеніп, әр жүз хандарының жеке дара билік құруына әкеп соқтырады. Осылайша Қазақ хандығының орнына, Қазақ хандыктарының тарихы басталады.