Тарихи шығармалар мен әдебиеттердің басылып шығарулуы. Кореядағы білім саласы туралы қазақша реферат
Кореяда басқа Қиыр шығыс елдеріндегідей тарихқа үлкен ден қойылы, тіпті тарихыт жазып отыратын сарай ішінде арнайы бөлімше болған. Алғашында бөлімше Сагван деп аталған. Кейінен 1308 жылы САгван бөлімшесі реформаланып Емун Чхунчхугван деп аталды. Бірнеше өзгеріске түскенен кейін бұл бөлімшенің атауы Чхунчхугван деп сақталып қалды соау 1894 жылға дейін.
Тарихи бөлісше негізгі екі қызмет атқарды, қазіргі таңда жүріп жатқан фактілерді жанақтап сақтау біріншісі болса, екіншісі өткен тарихыты басып шығарып отыру болды. Сагван фактілерді объективті түрде жазуы үшін олардың жазбаларына билеушіде араласа алмаған. Мұндай жазбалар арнайы тарихи архзивтарда жазбаларды бір бірінен алшақ жағдайда сақтаған, егер соғыс немесе өтр болса бәрінің бірден жойылып кетпеу мақсатымен. Тарихшылар тек патшаның емес сонымен қатар басқа бөлімшелердегі қызметкерлердің атқарған жұмысы мен іс — әрекетін толық баяндап жазып отрыған мұндай жағдай сол кездегі орыналған жағдай жайлы толық мәлімет беру мақсатымен.
Бөлімше мынадай тарихи шығармаларды жазған: «Самгук саги», 1145 жыл; «Самгук юса», 1281 жыл; «Когымнок» Пак Илляна (?-1096); «Когым санчжон немун» Чхве Юныя (1102-1162) 50 томдық; «Пхённён тхоннок» Ким Гваны және т.б..
Кореядағы білім жүйесі ортағасырларда біршама дамыды. 930 жылы Кореяда Кукхак атты жоғары оқу орны ашылды, әрине бұл оқу орнында жоғары таптағы адамдардың балары оқи алды. Мұнда конфуцилік ілімдермен қатар, медицина және астрономия оқытылды.
992 жылы білім саласы жаңа сатыға көтерілді. Астананың айналасының өзінде 3 жоғары оқу орны ашылды. Олар: Кукчахак, Тэхак, Самунхак. 10 ғасырдың аяғында осы оқу орындарынынң әрқайсысында 300 білімгерден болды. Бұл деген, білім саласының алға жақсы қойылғандығын көрсетеді. Бірақ 1130 жылы Кукчахак оқу орнында 200 ғана білімгер болды деген, мәлімет бар, оған себеп сол кездегі жемқорлықтың дамуы сонымен қатар жеке меншікке жерлердің беріле бастауы себеп, яғни ханға қызмет етпей — ақ бай қуатты өмір сүруге мүмкіндік туды. Бұл оқуға құштарлықты азайтты.
Білімгерлердің санының азаюына қарамастан корей елінде білім саласы дами түсті. 1109 жылы мысалы әскери тапты оқытуға бағытталған мамандық ашылды.
12 ғасырдан бастап Кореяда жеке меншік мектептер көптеп ашлыды. 1053 жылы жоғары санатты сановник Чхве Чхун мемлекеттік қызметін тастап, өз аулыныа барып 9 жеке меншік мектеп ашты. Оның білім берудегі жетістіктері сондай, оны Корей халқының Конфуциі деп атады.
Қызметке қабылданудағы мелекеттік емтиханнан өту жоғары таптағы әр білімгердің негізгі мақсаты болды. Алғашында емтихан жылына бір рет тапсырылатын, кейінен бос орындардың азаюына байланысты екі — үш жылда бір рет өткізілетін болды. Конфуциий ілімінен басқа емтиханда медицина, астрономия және құқық саларынан сұрақтар қойылатын.
Коре елінің кезінде әдебиет пен поэзия саласыда жанданды. Осы кезеңнің ең әйгілі ақыны Ли Гюбо. Оның еңбегі — «Тонмёнван пхён». Коре кезеңінің аяғында еңбектері жарық көрген ғалым және ақын Ли Сынхю. Оның еңбектері — «Чеван унги», 1287 жыл. 10-15 ғасырлары Корей жазушылары қытай тілінде жазғанына қарамастан олардың нақышында Корелық нақыш байқалып тұрды.