Сыра өндірісінің технологиясы дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. СЫРА ЖӘНЕ УЫТ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТТАРЫ
2.1. Арпа
2.2. Жүгері
2.3. Күріш
2.4. Бидай
2.5. Құлмақ
2.6. Су
2.7. Сыра ашытқылары
2.8. Уыт
ІІІ. CЫРА ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1. Технологиялық процестің кезеңдері
3.2. Жабдықтар комплексінің сипаттамасы
3.3. Сыра өндірісінің машиналы-аппаратуралы сызбанұсқасы
3.4. Уыттандыру
3.5. Жібіту
3.6. Өсіп-өндіру
3.7. Өскінінен арылту және сақтау
3.8. Ұнтақтау
3.9. Заторлау – ысқылау
3.10. Фильтрлеу
3.11. Суслоға құлмақ қосып қайнату
3.12. Суслоны құлмақ ұнтағынан арылту
3.13. Мөлдірлету және суыту
3.14. Ашыту
3.15. Негізгі ашыту кезінде болатын процестер
3.16. Негізгі ашытуды жүргізу
3.17. Ашытудың кезеңдері мен шарттары
3.18. Ашуын жеткізу
3.19. Ашуын жеткізу және бабына келтіру кезендегі болатын процестер
3.20. Көміртегі диоксидімен қанықтыру
3.21. Мөлдірлету
3.22. Бабына келтіру немесе жетілдіру
3.23. Фильтрация – сүзу
3.24. Пастеризация – пастерлеу
3.25. Құю
IV. СЫРА ӨНДІРІСІНДЕГІ ӨНІМНІҢ ЕСЕБІ
4.1. Шикізат есебі
4.2. Аралық өнім есебі
V. СЫРА ӨНДІРІСІН ТЕХНОХИМИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5.1. Зауыт зертханасындағы жабдықтар мен құрылғыларға қойылатын талаптар
5.2. Зертханада жұмысты ұйымдастыру
5.3. Сыра өндірісінде сынама алу
5.4. Зертханада жұмыс істеу ережесі
5.5.Зертханадағы өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
5.6. Дайын сыраның сапалық көрсеткіштері
VI. ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
VII. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
7.1. Еңбекті қорғау қызметінің негізгі міндеттері
7.2. Өндірістік жағдайлар туралы жалпы мәлімет
7.3. Еңбектің таза және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін кәсіпорын басқармасының міндеттері
7.5. Өрт қауіпсіздігі негіздері
7.6. Электр қауіпсіздігі
VIII. ҚОРЫТЫНДЫ
IX. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

         Сыра – құлмақтың ароматы мен жағымды ащы дәміне ие, ашу процесінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіргіштік қасиеті бар салқындатқыш сусын.

Уыт сыра өндірісінің негізгі материалы болып табылады. Уыт арпадан алынады.

Арпа, жүгері, күріш, бидай – сыра және уыт өндірісінде қолданылатын дәндә дақылдар.

         Флокуляция – бұл ашытқыларды жұмсақ үлпек тәрізді агрегаттарға топтастыру.

Арпа – ячмень;

Уыт – солод;

Ашытқы – дрожжи;

Құлмақ – хмель;

Шайыр – смола;

Шикізат – сырье;

Уыт өндіру – солодоращение;

Үлпектер – хлопья;

Өскінінен ажырату машинасы – машина росткоотбойная;

Сапа бақылау – контроль качества;

Сүт қышқылы – молочная кислота;

Тұндыру – отстаивание;

Зат белгілеу – этикетирование;

Зарарсыздандыру – дезинфекция

Буып-түю, қаптама – упаковка;

         Астық тұқымдастары – зерновые культуры.

І. КІРІСПЕ

         Сыра – құлмақтың ароматы мен жағымды ащы дәміне ие, ашу процесінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіргіштік қасиеті бар салқындатқыш сусын. Ол шөлді қандырып қана қоймайды, адам ағзасының жалпы тонусын көтереді, зат алмасуды жақсартады. Сыра қайнату өте ертеден келе жатқан өндіріс болып табылады. Біздің эрамызға дейін 7 мың жыл бұрын Вавилонда сыраны арпа уыты мен бидайдан дайындаған деген болжам бар. Содан кейін сыраны дайындау Ежелгі египетте, Парсыда, Кавказ және оңтүстің Европада кең тарай бастаған. Барлық славян тілді елдерде сыра деген сөзді кездестіруге болады. Алғашқыда сыра деп сусынның барлық түрін атаған екен. Славян тілінде «пиво – сыра» және «пить –ішу» деген сөздер үндес болып келеді. Славян елдері ең алғаш сыра қайнатуда құлмақты пайдаланған деген де сөз бар.

ХХ ғасырдың 30-70 жылдары сыра қайнату өнеркәсіптері толығымен техникалық жағынан қайта жабдықталды, көптеген жаңа ірі зауыттар салынды, технологиялық процестер механикаландырылды және автоматтандырылды.

Қазіргі уақытта көпшілік өндірістер заманауи өнімділігі жоғары жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Сыраны құю және мөлдірлетуді жетілдіруге ерекше үлкен көңіл бөлінеді.

Сыраны дайындау кезінде көптеген физика-химяилық, биохимяилық және басқа да процестер өтеді, олар дайын өнімнің сапалық және дәмдік қасиеттерін негіздейді. Осы процестреді басқару және жоғары сапалы сусын алу – жұмысшылардың технология және жабдықтар жөнінде білімдерінің жоғары болуын және жұмыс істеу әдістерін білуді, жоғары жауапкершілікті талап етеді.

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты сыра өндірісі жайында толық зерттеу жүргізу, яғни сыра өндірісінде пайдаланылатын шикізаттардың түрлері, оларды өндіру технологиясы, технохимиялық бақылау, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және т.б. мәліметтер жинау болып табылады.

  Дипломдық жұмыс / 84 бет