Солтүстік Герман Одағын құрудағы Бисмарктың рөлі туралы қазақша реферат
Сол кездегі екі ірі герман мемлекеттер арасында — Пруссиямен (онда Гогенцоллерндер династиясының королі билік еткен) Австрия (Габсбург династиясынан император билеген) арасында Германияның бірігуіндегі басты ролге күрес басталады.
1861ж. прусс тағына Вильгельм І отырады. Уақыт ұзамай, ол билікке, Германияның бірігуіне көп үлес қосқан адам — помещик Отто фон Бисмаркты шақырады. 1862 жылы қазанның басында Бисмарк министр-президент және сыртқы істер министрі болып ресми түрде тағайындалады. Сол сәттен, ол 28 жыл бойы алдымен Пруссияның, кейін Герман империясының саясатын жүргізді. Өзінің алғашқы ресми сөзінде, “тарихтың ұлы мәселелері сөздер мен жарғылармен шешілмейді… олар қан мен темірмен шешіледі” деген жиі қайталанатын сөздерін айтады. “Қан мен темір саясаты”, “темір канцлер” – саяси және тарихи әдебиеттегі бұл ұғымдар Бисмарк бейнесін елестетеді.
Дания Бисмарк саясатының бірінші құрбаны болды. Даниямен соғысты, Бисмарк Шлезвиг пен Гольситейннің бірігіп, Герман одағында тағы бір тәуелсіз мемлекеттің пайда болуын болдырмау үшін бастады. Бұл соғыста, ол қайта ұйымдастырылып, үлкейген Пруссия армиясын сынамақ болды. Данияға шабуыл ұйымдастыру сәті дәл таңдалынды. Бірнеше күнде Пруссия Данияны басып алды. Австрия Пруссия жеңісінен кейін, өзіне де пайда түсіруді көздеп, Пруссияға қосылады. Франция нейтралитет сақтайды. Бисмарктың престижі Пруссияда ғана емес, шетел мемлекеттерінде де көтеріледі. Король баладай қуанады. Өзінің хатында ол “Сізді мен үкімет басына тағайындаған 4 жыл аралығында, Пруссия өзіне тиісті орынды иеленді, барлығы да мемлекетімізге сәтті де, ұлы болашықты үміттендіреді” деп жазады. Бірақ Даниядан тартып алынған герцегствалардың тағдыры әлі де де шешілген жоқ еді. Бұл мәселенің шешілуі Пруссия мен Австрияның қарым-қатынасына байланысты болды. Уақыт көрсеткендей бұл мәселе жалпы Германияның, соның ішінде Пруссияның болашағын да анықтады.
Даниямен соғыста, өзінің үлкейген күшін көрсеткен Пруссиялық милитаризм, Бисмарк саясатының нәтижесінде Австрияға қарай бағытталды. Шлезвиг-Гольштейнді бірігіп билеген Пруссия мен Австрия арасындағы талас-тартыстар, Бисмаркпен соғысты бастау үшін сылтау ретінде қолданылды. Осы соғысты бастау үшін Пруссияға Патшалық Ресейдің нейтралитетін алу маңызды болды. Данияға қарсы соғыс пен австро-прусстық соғыстың арасы 2 жыл өте аз уақыт. В.В.Чубинский өзінің Бисмарк туралы монографиясында “Бірінші конфликт екіншіге апаратынын замандастар да сезді” деп жазды. 1866 жылы жазда Австрия мен Пруссия арасында соғыс басталды. Садовой түбіндегі шайқаста жақсы жатыққан және қаруланған Пруссия армиясы австриялықтарды талқандайды. Соғыстың нәтижесі: Австрияның герман мәселесіндегі рөлінің шешіліуі, Пруссияның басымдылығы және Солтүстік Герман одағының құрылуы. Пруссияға 3 мемлекет – Ганновер, Гессен-кастель, Насау және еркін Франкфурт қаласы қосылды. Солтүстік герман одағы атымен Орталық Еуропада іс жүзінде жаңа мемлекет құрылды. Бисмарк мемуарларында бұл жағдай бойынша “Мен біріккен Германия уақыт мәселесі екенін сездім, Солтүстік Германия оны асырудағы бірінші кезең болды” деп жазды.
Австро-Пруссия соғысын көптеген тарихшылар Бисмарктың “үстіңгі революциясы” деп атайды. Біріншіден, Германияның бірігуі прогрессивті акт болды, буржуазияның мақсатына сай болды. Екіншіден, оны Бисмарк радикалды, бұл мәнде революциялық тәсілдермен жүзеге асырды. Соғыстар Пруссиялық монархия атынан жүргізілгендіктен, буржуазия өзінің либералды көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр болды