Соғыстан кейінгі жылдардағы баспасөз туралы қазақша реферат
Соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін халық шаруа- шылығын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту проблемалары күн тәртібіне қойылды. Баспасөз 1945 жылы Қазақ КСР-нің 25жылдығы құрметіне арналған социалист- тік жа-рысты кең насихаттай отырып, өзінің жұмысын бейбітшілік жағдай да соғыс кезін- дегідей қарқынмен жүргізуге тырысты.Ол кезде үкімет тарапынан газеттердің жұмысын жақсарту -ға жағдай жасайтын елеулі шаралар жасалды.
ВКП(б) Орталық Комитеті 1945 жылы 29 шілдеде“Республикалық, өлкелік және об- лыстық газеттердің сапасын арттыру және көлемін кеңейту туралы”арнаулы шешім қабыл -дады. Сол жылдың 15 шілдесінен Республикалық және облыстық газеттер 4 бет болып шығатын болды. Сонымен қатар олардлың штаты және қаламақы қоры көбейді.
Соғыстан кейінгі жылдарда республикалық және облыстық газеттердің мазмұны өз- герді, жергілікті өмірді жан-жақты жақсы жазатын мәселелеріне баса көңіл аударылды.Га-зет беттерінде очерк пен фельетон, баспасөзге шолу жанрлары жиі көрінді.Сөйтіп,респуб- ликамыздың газеттері өзінің жұмысын бейбітшілік дәуірге бейімдеп қайта құра бастады.
Төртінші бесжылдық жоспарды орындауға еліміз 1945 жылы кірісті. Сол жылы нау- рыздаКСРОдағыЖоғарғыКеңесі қабылдаған заң,ҚазақКСР Жоғарғы КеңесініңХІ сессиясы бекіткен Қазақ КСР Халық шаруашылығын қалпына келтірудің және өркендетудің 1946-1950 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары туралы заң республика еңбекшілерінің ең таяу уақыттың ішінде жүзеге асыруға тиісті игілікті жұмыстарының бағдарламасы болып табылады.
Қазақстанның баспасөз беттерінде “Жаңа бес жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау және асыра орындау жолындағы Бүкілодақтық социолисттік жарыс”, “Бес жыл- дықты – төрт жылда!”, “Озаттар тәжірибесі – көпке ортақ” деген айдарлар арқылы топтас- тырылып берілген материялдар жиі көрінді.
Сондай-ақ, баспасөз арқылы ауыл шаруашылығын жаппай электрлендіру жөнінде социалисттік жарысты ұйымдастырудың үлкен маңызы болды. Газеттер 1948 жылы рес- публикада ауыл-селолық 400 электорстанциялық салу туралы ұран көтерді. Осындай айдармен аға басылым бір материялында “Талдықорған облысында үстіміздегі жылы 32 электр станциясы салынбақ, олардың жалпы қуаты 6995 киловатт”,-деп жазса, екіншщі бір хабарында “Жамбыл облысының Мерке ауданының орталығынан электр станциясы салынып, тез арада пайдадалануға берілгендігін” айтты.
“Социалистік Қазақстан” газеті 1949 жылғы 29 сәуірдегі нөміріндегі “Соғыстан кейінгі бесжылдықты мерзімімінен бұрын орындау жолындағы социалистік жарысты кең өрістетейік!” деген ұранмен арнаулы бет берді. Мұнда Алматы қаласы еңбекшілерінің, Қарағанды шахтерлерінің, Гурьев мұнайшыларының және бірнеше облыс еңбекшілерінің социалисттік алған міндеттемелерін қалай орындап отырғаны сөз болды. Беттің төменгі жағынан “Социалисттік еңбек ерлерінің тәжірибелерінен” деген айдармен Талдықорған облысы, Сарқант ауданы “Красное Знамя” колхозының звено жетекшісі Социалисттік Ең- бек Ері М.Г.Леснаяның “Бидайдың гектарынан 100 пұт өнімді қалай алдық” деген әңгімесін берді.
Республикалық және облыстық газеттер Социалисттік Еңбек Ерлері Ыбырай Жақаев -тың, Ким Ман Самның тәжірибелерін насихаттауды, озат шопан Естемісовтың,Ма- хатова мен Әлімбаеваның өнегелі, жемісті еңбектерін көрсетті.
Соғыстан кейінгі бесжылдықтың ақырғы жылында республиканың колхоздары жос- парды мерзімінен бұрын орындады, мал басы 1940 жылға қарағанда едәуір артты, халықтың материялдық әл-ауқаты өсті.
Партияның Орталық Комитетінің идеология мәселелері жөніндегі қаулыларына байланысты республика баспасөзі 1946-1948 жылдары мәдениет пен ғылымның көптеген салаларының жайына назар аударды.
1946 жылғы27наурыздағыВКП(б)Орталық Комитетінің1946-1950жылдардағы КСРО халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі заңының қаулысына сәй- кес Қазақстан партия ұйымдары көп жұмыс істеді. Насихат, үгіт және мәдени-ағарту жұ-
мыстары мәселелері жөнінде республикалық Кеңес өткіліді. Бұл кеңесте республикалық, облыстық және аудандық газеттердің редакторлары да қатысты. Олар газеттің идеология-
лық-саяси мазмұны мен мәдени дәрежесін жақсарту жөнінде сөйледі.
Соғыстан кейінгі 4-ші бесжылдықта республикамыздың мәдени өмірінде елеулі оқи- ғалар болды. “Социалисттік Қазақстан” газеті 1946 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде “Евге- ний Онегин қазақ сахнасында” деген тақырыпта арнаулы бет берді.Бұл бетте операны қою –шы Қазақ КСР халық артисті Қанабек Байсейітовтың, Татьянаның рөлін ойнаушы КСР Одағы Хадық артисті Күлаш Байсейітованың және басқаларының сөздері басылды. Соны- мен бірге Төлеген Тәжібаевтың, Ахмет Жұбановтың мақалалары да сол беттен орын алды.
Соғыстан кейінгі бесжылдықта Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы респуб- ликамыздың өміріндегі аса ірі оқиға болды. Осы науқан қарсаңында баспасөз Қазақ КСР Ғылым академиясының мүшелігіне астанамыздың ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоға -ры дәрежелері оқу орындарынан ұсынылып жатқан көптеген ғалымдардың өмір баяндары -мен таныстырып, олардың ғылыми еңбектерін кеңінен насихаттады.
1946жылдың1масымы.Бұл күн қазақ халқының тарихы бетіне алтын әріппен жазыл- ды. Тап сол күні Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. Тап сол күні Қазақ КСР Ғылым
академиясы құрылды. Республикалық газеттер сол күнгі нөмірлерінде Қазақ КСР Минис- трлер Советінің төрағасы Н.Оңдасыновтың “Қазақ халқы өзінің академиясын құруда” деген көлемде мақаласын жариялады.
Республикалық газеттер1946 жылдың қыркүцегінде Алматы да өткен әдебиет пен өнер қызметкерлерінің жиналысы туралы есеп жариялады. Бұл жиналыста ВКП(б) Орталық Комитетінің “Звезда” мен “Ленинград” журналдары туралы, “Драма театрының репертуары және оны жақсартудың шаралары туралы” қаулыларына байланысты Алматы қаласындағы әдебиет пен өнер қызметкерлерінің міндеттері туралы мәселе толқылағанды ғы айтылды.
Соғыстан кейінгі жылдар – очерк жанрының едәуір алға басқан кезеңі. Ұлы Отан со- ғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін публицистеріміз бен очерктеріміз республика еңбекші- лерінің бейбіт еңбек әуенін,4-ші бесжылдық жоспарды орындау жолындағы күресін көрсе -туге шұғыл бет бұрды. Республикалық облыстық газеттердің, “Әдебиет және искусство” журналының бетінде бейбіт күндердің еңбек ардагерлері туралы портреттік очерктер жиі көріне бастады. Мәселен, 1946-1950 жылдары бір ғана “Әдебиет және искусство” журна- лында 40 шамалы очерк жарық көріпті.
Газет, журнал очерктері Түсіп Күзембаев, Қартабай Атшабаров, Ольга Гоноженко, Қашақбай Пірімов,Нұрмолда Алдабергенов,Ыбырай Жақаев,Мұхтар Қаптағаев,Бәшір Нұр -мағамбетов,Нәйлә Базанова сияқты соғыстан кейінгі жылдарда еңбегімен ел құрметіне бқөленген елеулі жанрды мадақтады.
Амал не, сөз болып отырған жылдары республика баспасөзі беттерінде әдебиет пен өнер тақырыбына жазылған кейбір мақалаларда, шығармаларда салиқалы және объективті түрде талдаудың орнына үркіту және негізсіз кінәлау сияқты әуендерге жол берілді