Смағұл Садуақасов дипломдық жұмыс

ЖОСПАР:

Кіріспе …….3-7
І тарау. С.Садуақасовтың өмірі мен шығармашылығын дерек ретінде зерттеу
1.1. Ғұмырнамалық шолу …….8-23
1.2. Шығармашылығы мен деректік құндылығы ……24-34
ІІ тарау. С.Садуақасов еңбектеріндегі Қазақстан тарихының мәселелері – тарихи дерек көзі
2.1. 1920-30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық — саяси өмірі С.Садуақасов еңбектерінде…..35-45
2.2. Оқу-ағарту және мәдениет мәселелері…..46-52
2.3. Жастар мәселелсі. « Жастарға жаңа жол »…….53-56
Қорытынды…………….57-60
Пайдаланылған әдебиеттер….61-62

Кіріспе

         Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ұлттық тарихымызды қайта қарауға, пайымдауға мүмкіндік алдық. Әсіресе, қоғамдық — саяси өмірдегі ұлт зиялыларының ерен еңбегі ескерусіз қалды. Солардың бірі – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінде ерекше орын алған, мемлекеттік қызметкер, тарихи тұлға – Смағұл Садуақасов болды.

С.Садуақасовтың қоғамдық – саяси қызметімен қатар, шығармашылық еңбегі орасан зор дүние. С.Садуақасовтың «Жастарға жаңа жол»,——————, атты еңбектері және әртүрлі мерзімді басылымдарда жарық көрген қоғамдық – саяси өмір туралы, оқу ағарту, мәдениет мәселелері жан-жақты ашылады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты – аталған еңбектерді деректанулық тұрғыдан талдау, деректік құндылығын анықтау болып табылады. Ірі саяси қайраткер, С.Садуақасов еңбектері кеңес өкіметінің алғашқы жиырма жылындағы тарихи-мәдени өмірді деректанулық тұрғыдан талдауға зор мүмкіншілік береді. Алаш идеясын жалғастырушы С.Садуақасов ұлттық демократиялық зиялылармен ынтымақтасып, қызмет етті. «Еңбекші қазақ» газетінде редактор болған кезінде де қайраткер ұлттық мәселелерді көп көтерді. Бұл кеңес өкіметіне ұнамады. Сондықтан, С.Садуақасов еңбектері күні кешеге дейін жарияланбады. Сондықтан да, оның еңбектерін тарихи — деректанулық тұрғыда талдау көкейкесті мәселе болып табылады.

Қоғамдық – саяси өмір С.Садуақасовтың ————————,оқу-ағарту мәселесі ———————, жастар мәселесі —————— ашылады. Бұл шығармалар озық ойлы, адамзат құндылықтар аясынан қоғамдық өмірге қарайтын азаматтың қоғамдық – саяси көзқарасын, пікірін анықтайтын тарихи дерек көзі.

Қайраткер С.Садуақасов есімі 20-жылдары қарастырған ғылыми әдебиеттерде тым үстірт айтылды. Оның есімі 20-жылдары «оңшыл бағыт» ұстанған «байшыл», «жол бикелермен пікірлес» саясатшы ретінде айыпталып, айтылды. 5 томдық Қазақ ССР тарихында 20-жылдары ірі мемлекет қайтаркері дәрежесіне ктерілген Смағұл Садуақасов жөнінде бір-ақ ауыз сөз жазылыпты. Бұл оны анық қаралаған сөз еді. Кеңестік дәуірде де қайраткерге бір жақты баға берудің салдарынан оның еңбектері мүлдем зерттелмеген болатын. Оның тарихтағы орнының дұрыс бағаланбай, ол қалдырған мол мұраның зерттелінбей келуі, сөз жоқ, тоталитарлық жүйенің ықпалынан болды. Тіпті оның көзі тірісінде және ол қайтыс болғаннан кейін де «ұлтшыл, байшыл әдебиетші» деп сынаған Ғ.Тоқжанұлы,  С.Мұқанұлы, Е.Бекенұлы, Ә.Тәжібайұлы, Ә.Байділдаұлы, І.Жансүгірұлы, С.Сейфуллин және тағы басқа қаламгерлердің еңбектерін де қаперден шығармаған жөн.

«Жазушы, сыншы Смағұлды ұмытпайық» деп тек профессор Б.Кенжебайұлы ғана жазды. Ғалымның «Өтелмеген парыз» [26] атты мақаласы шығысымен Қазақстан КП Орталық авторды да, оның мақаласын «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторымен қоса бірнеше қызметкерлерін «партияның басты бағытына» қарсы болған адамды қайта көтерді» деп айыптап, әуре-сарсаңға салды.

С.Садуақасовтың өмірі мен қоғамдық қызметіне сипаттама берген «Қайраткер Садуақасов» атты тұңғыш мақала 1988 жылы    «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған еді. Оның авторы – жазушы, журналист, зерттеуші Б.Қойшыбаев [6].  Сол жылдан бастап қайраткер қаламгердің өмірбаянын нақты деректермен толықтырған алғашқы мақала авторы филолог Б.Дәрімбетовтің соғыс және еңбек ардагері экономист Н.Сансызбаевтың  [17] еңбектері баспасөзде жарияланды.

Бұл азаматтарымыз С.Садуақасов өмірі мен мұрасын зерттеуде, насихаттауда нәтижелі еңбек етіп, «Жалын» [1990, № 3], «Қазақстан коммунисі» [1991, № 4] беттерінде жарияланған мақалаларында Смағұлдың Голощекинмен келісе алмай, қатты ұстасқан негізгі мәселелері – мекемелерді, аппараттарды жергіліктендендіру (коренизация), интеллигенцияға көзқарас, байларға көзқарас, өндіргіш күштерді дамыту деген үш-төрт қоңыраулы тақырыпты алға тартады [2.245].

Мерзімдік басылымдарда сондай-ақ осы Б. Дәрімбетовтің және осы кітап авторы даярлаған С.Садуақасов мақалалары, әңгімелері, хаттары оқырман назарына ұсынылды. 1993 жылы оның құрастырып даярлауымен С.Сәдуақасұлының екі томдық таңдамалы шығармалары басылып шықты.

60-70-жылдары С.Садуақасовтың қызметі және саяси көзқарастары жайлы басқа ұлт өкілдері де жазған болатын. Сондай   еңбектердің біріне Г.Д.Дахшлейгердің «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929)» [3] деген еңбегін жатқызуға болады. Бұл еңбек коллективтендіруге дейінгі ауыл тарихы жайындағы әйгілі, маңызды еңбектердің бірі. Монография бүгінгі күнге дейін ғылыми маңызын жойған жоқ. Бірақ бұл еңбекте С.Сәдуақасовты ол сынайды. Онда былай делінген: «Буржуазиялық ұлтшылдыққа еріп, С.Сәдуақасов тар ұлтшылдыққа бой ұрып, байлардың қанаушылығынан бас тартады және ол ауылда қоғамдық қатынастарды революциялық тұрғыдан қайта құрудан бас тартады».

С.Садуақасов туралы Н.Львов өзінің «Казахский театр, очерк истории» [3.7] атты еңбегінде оның қазақ театрын дамытуға қосқан үлесі жазды. Онда: «С.Садуақасовтың ешқандай бөтен ойы болған жоқ, қайта ол әлемдегі, оның ішінде орыс мәдениетінің барлығын жақсы болуы үшін қызмет етті»,- дейді. Осы кездегі қазақ мәдениетінің дамуына Садуақасовтфың қосқан үлесі мүлде айтылмады. Ал оның творчествосын айтпай тұрып, тіпті оның ұлттық театр ұйымындағы еңбегі еленбейді. Оның редакторлық қызметі объективті қаралмады, көбіне ескертілмейтін де болды.

С.Садуақасовтың Қазақстанда комсомол қозғалысын ұйымдастырушылық және ағарту саласындағы атқарған істерін жазуда мына екі автор  есімін атауға болады. Олар: И.А. Спиридонов және М.С.Терник. Олар Смағұлдың Қазақстандағы комсомол ұйымына ат салысқанын оның көзі тірісінде-ақ  айтқандар болатын. Бірақ Спиридонов көптеген хронологиялық қателіктер жіберді, ал Терник болса, С.Сәдуақасовтың өлкелік комсомол бюросының саяси хатшысы, түркі халықтарының Орталық Шығыс комсомол Бюросы Президиумының мүшесі болғаны туралы айтпайды [3.8].

Сондай-ақ   В.П.Осиповтің «Полномочный орган ЦК РКП(б) в Казахстане» деген бірінші еңбегінде С.Сәдуақасовтың 1922 жылғы Қостанай губерниясына КЦИК мүшесі есебінде барғаны жайла жазады. В.П.Осиповтің «Всматриваясьв 20-30-е годы» деген екінші еңбегі 1991 жылы шықты. Бірақ С.Сәдуақасовқа бұрынғы біржақты көзқарас сол күйінде қалды. Ол сонымен қоса қайраткердің өмірбаянында көп қателіктер жіберді [3.9].

Қазақстан тарихында С.Садуақасов туралы жазуда 1980 жылдары жаңа белес басталды. Бұл еңбектерде енді көбіне қайраткердің жеке өмірі де қарастырыла бастады.  Мысалы, сондай еңбектердің біріне К.Әбуов пен Ж.Ермекбаевтың «Жизнь и судьба» атты мақалаларын жатқызуға болады [3.9].

90-жылдары да біраз еңбектер жарық көре бастады. Мысалы осы жылы шыққан Б.Қойшыбаевтың тағы да өзінің «Жазықсыз жапа шеккендер» атты кітабының «Смағұл Садуақасов» деген үлкен тарауда автор қайраткердің қызметі, жеке өмірі, отбасы, қоғамдық саяси өмірге араласуы, оның «Ұлттар мен ұлт адамдары туралы» атты мақаласына талдау жасайды [6.127].

Сол сияқты тарихшылар М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтің 1993 жылы шыққан «Тарих тағылымы не дейді?» атты кітапта М.Қойгелдиевтің «Садуақасов не үшін күресті?» [4.45] деген үлкен бір тарауда оның өмірі мен қызметі және 20-жылдардағы ауыл проблемаларын және осы ауыл жағдайын жақсартуда Сәдуақасовтың жасаған шараларын жазып өтеді. Сондай-ақ Смағұл мен Глощекин арасындағы дау және Голощекиннің Сәдуақасовты не үшін қудалағаны сияқты мәселелерді де айтады.

Әртүрлі  проблемалық мәселелер мен С.Садуақасовтың қызметі жайлы М.С.Бурабаева «Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 г.г.» [3.9] деген еңбегінде қозғайды. Сондай-ақ әдебиетші Д.Қамзабекұлының «С.Сәдуақасұлы» [17] атты 1996 жылы шыққан кітабында оның өмірі жайлы, қоғамдық-саяси қызметі және ол қалдырған мол мұра, яғни шығармашылығын жазады. Сонымен бірге С.Садуақасовтың мұрасын болашақта қалай зерттеу керек екендігін айтып өтеді. Мысалы ол: «Смағұл еңбектері тарихи дерек көзі ретінде қарастырылуы керек. Қазақтың жер мәселелсі тарихын әуезе еткен мақала, еңбектері қазірше өз зерттеушісін күтіп жатыр…»,-деп Д.Қамзабекұлы тарихшыларымыздың алдына үлкен міндет қояды. Сол сияқты оның 1997 жылы шыққан «Руханият» [18] атты кітабындағы «Мұхтар мен Смағұл» деген бөлімде негізінен екі қайраткердің  ұқсас тұстары туралы айтылды және олардың арасындағы достық қатынас, бір-біріне жазған хаттары да бар. 2003 жылы осы автордың «Смағұл Сәдуақасұлы» атты екі томдық шығармалар жинағы [1] жарық көрді. Олардан басқа Д.Қамзабекұлының Садуақасов жайында жазған мақалалары толып жатыр. Атап өтетін болсақ, «Алаштың ұлы Смағұл», «Смағұлдың хаттары», «С.Садуақасовтың көсемсөз мұрасы», «Мұхтар мен Смағұл», «Тарихты жазған  тарихта қалған тарланбоз» және тағы басқа да мақалалары «Қазақ тарихы», «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдарының беттерінде жарияланды.

Жалпы, Смағұлтанудың ірге тасын қалауда Д.Қамзабекұлының еңбегі зор деп айтсақта болады.

Журналист Т.Жұртбайдың «Талқы» атты 1997 жылы шыққан кітабындағы «Жер талқысы» [10] деген үшінші бөлімде жер туралы заңның қабылданар кездегі Голощекиннің қазақ ұлты мен оның ел мүддесін қорғаған азаматтарына қарсы ашық жаулыққа көшкенде С.Садуақасовтың өзгелерден жеке дара суырылып шыққандығын жазады. Автор: «Ол өзін терең де батыл ойлы, шешімшіл, өжет және ұлт мүддесін қорғайтын қайратты да қызуқанды, тәлімді де тәжірибелі мемлекет қайраткері есебінде көрсете білді», — дейді. Сондай-ақ кітапта Голощекиннің: «Садуақасовшылар» деген мұқым бір жұлдыздардың шоғыры… Садуақасовшылар дегеніміз бұл партияның ықпалынан шығып кетуге жагталасып жүрген кеңес мекемесі… Садуақасовшылар дегеніміз – бұл пролетариат диктатурасына қожалық еткісі келетін тұтас бір ұлттық мәселе!» — деп   айтқан сөзі келтірілген [10.165].

Тарихшы Д.А.Махаттың 2001 жылы жарық көрген «Қазақ зиялыларының қасіреті» атты кітабының 2-ші тарауындағы «Садуақасовшылдықты қудалау» деген бөлімде С.Садуақасовқа жалған айып тағу, оны қудалау мәселелері айтылады. Мысалға онда «С.Садуақасов экономикадағы, идеологиялық саладағы және ұлт мәселелсіндегі жолсыздықтарды ашық айтты. Мұндай басшылық Голощекин сияқты жеке билікті көксеген коммунистік функционерге ұнауы мүмкін емес болатын»,- делінген  [14].

20-30 жылдар тарихын жазып жүрген тарихшы Т.Омарбековтің 1994 жылы шыққан «Зобалаң» [13], 1997 жылы шыққан «20-30 жылдардағы қазақстан қасіреті» [19] атты еңбектерінде С.Садуақасовтың саясаттағы қайраткерлік, әділ де батыл айтқан пікірлері айтылады. Автордың бұлардан басқа «Қазақ шаруаларын жеке меншік қожалықтарынан айыру және ұжымдастыру», «Голощекин тұсындағы алаш қайраткерлерінің тағдыры» атты мақалаларында да С.Сәдуақасов жайында кездестіреміз.

Тарихшы Е.Қуандықовтың 1999 жылы шыққан «Сүрең салған сұрқия саясат» атты кітабында Ф.И.Голощекин тұсындағы жүргізілген сұрқия саясат және әміршіл-әкімшіл жүйе негізінде жүргізілген саяси биліктің нәтижесінде қазақ ұлтының тағдыры тәлкекке түскен кезде Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, С.Садуақасов сияқты зиялыларымыздың тосқауыл  болуға тырысқандықтары айтылады. Автор: «Меңдешевшілдік», «Қожановшылдық», «Садуақасовшылдықтарға» да тоқталады. Кітапта ол туралы: «Осы азаматтар қазақ жерін Ресейге қосуға келгенде де шама-шарқынша қарсылық білдіріп, оған дәлелді мысалдар келтіре отырып, наразылық білдіруі Орталықтың озбыр саясатымен қаруланып келген жауапты хатшыға мүдле ұнамады. Іле-шала осы азаматтар «ұлтшылдар» атанып, қудалауға түсті»,- делінген  [20].

Жалпы, Голощекин мен Садуақасов арасындағы келісе алмаушылық тартыс жайлы тағы көп еңбектерде кездестіруге болады. Мысалы, тарихшы М.Қозыбаевтың 1-ші кітабында осы мәселе жайында сөз қозғалады [27]. Одан басқа бұл жөнінде С.Иманбаеваның «Ұлт зиялыларын толғандырған мәселелер» [21], тарихшы А.С.Мұсағалиеваның «Ұлт зиялыларының ойрандалған ошағы» [12], Д.А.Махаттың «Тайталас немесе Қазақстандағы «Садуақасовшылдықты» қудалау» [22] сияқты мақаладарды жатқызуға болады.

С.Садуақасов жайлы алғашқы шыққан Р.С.Елмұрзаеваның 1997 жылы «Жизнь и деятельность Смагула Садвакасова» атты ғылыми диссертациялық жұмысы Смағұл Садуақасовтың қоғамдық саяси қызметі туралы жазылған еңбек болып саналады. Бұл еңбекте бірақ, автор қайраткердің еңбектеріне тоқталмаған.

Тарихшы Қ.Ахметовтің  «Қазақ мәдениетінің қилы тағдыры» [15] атты 2002 жылы шыққан кітапта 20-30 жылдардағы қазақ мәдениетінің дамуы, Садуақасов сиқяты зиялыларымыздың мәдениетке қосқан үлесі, мәдениеттің мемлекеттендірілуі мен идеологияландырылуы жайлы, партия мен кеңес мемлекетінің мәдени саясатының идеологиясы мен практикасы туралы жан-жақты баяндалады.

Тарихшы Х.Әбжанов пен Г.Назарбаеваның «Қазақстан: тарих пен тағдыр» атты 2003 жылы шыққан кітабының 2-ші бөлімінде жеке тұлғалар қарастырылады. Осы тұлғалардың ішінде С.Садуақасов та бар. Кітап авторлары Садуақасовтың әр түрлі концеспулды тұжырымдар, дәлелдер келтіре отырып, тарихтағы орнын аша түседі. Сонымен бірге оның көрегендік ойлары, Глощекиндік айыптаулар сияқты мәселелер де айтылады  [2].

Міне, бір кездері есімі еленбей келген осындай ірі тұлғаның тарихтағы алатын орны ерекше. Тарихшы Х.Әбжанов айтқандай: «Ол – Н.И.Бухаринмен, М.Н.Рютинмен, Тұрар Рысқұловпен, Мұстафа Шоқаймен  қатар тұратын тұлға» [2. 247].

Бір айта кететін жәйт, жоғарыда аталған көптеген авторлар негізінен С.Садуақасов еңбектерін әдебиет филологиялық тұрғыдан қарастырды. Ал оның еңбектерін тарихи деректанулық тұрғыдан ашып көрсету біздің міндетіміз. Себебі қайраткердің еңбектерінің тарихи – деректік маңызы зор.

 Дипломдық жұмыс / 62 бет