Синьхай революциясынан кейінгі Қытайдың қоғамдық құрылымы туралы қазақша реферат
ХХ ғасырдың басына қарай көптеген қозғалыстар сәтсіздікке ұшырағандықтан, революционерлер біріге бастайды. 1911 жылы Қытайда Учан көтерілісі басталады. Ол 1991-1913 жылдар аралығында болған, нәтижесінде маньчжур династиясы құлаған Синьхай төңкерісінің бастамасы болды. Цин империясы құлағаннан кейін Қытай Республикасы құрылады. Бұл революцияның жеңіске ұшырауы Қытай қоғамының рухани мәдениетінің дамуына әсер етті. Қытай қоғамының рухани мәдениетіне әлеуметтік- экономикалық өзгерістер де байқалды. Капитализмнің өте тез қарқынмен дамуы қоғамның даму процесіне әсер етті.
Әлеуметтің рухани өмірінің әр деңгейінде ол әр түрлі байқалды. Қоғамның төменгі деңгейіндегі халықтың қалыпты сана- сезімі революциядан кейін тез қарқынмен дамыды.
Төңкерiс қытай қоғамының терең және өзiндiк идеологиялық дағдарысына және алдымен,ресми конфуциан идеологиясының дағдарысына алып келді.
Синхай революциясынан кейін мемлекетте саяси өзгерістер байқалды. Соған орай экономика мен әлеуметтік өзгерістер байқалды.
Қытай статистикасының дұрыс еместігі көптеген санау жүйелеріне қатты әсер етеді. Синьхайлық онжылдықтан кейін қытайлық жұмысшы табы саны біршама өседі. Жұмысшылар, әсіресе, фабрика- зауыттық , кен алу өнеркәсібінде қызметтегң жұмысшылар жарты миллионға жетіп қалады. Ал 2 млн адам мануфактура жұмыс орындарында қызмет атқарады. Бүкіл халықтың санымен салыстарғанда жұмысшылар саны ештеңе емес еді, бірақ та өнеркәсіп дамуы өте қарқынды жүрді. Негізгі жұмысшы табын өте кедей шаруалар, колөнершілер және қала батырақтары құрады. Жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындарында әйелдер мен балалар күші жұмсалды. Дамыған техникалық кәсіпорындарында , мысалы Шанхайды алатын болсақ,
әйел- жұмаскерлер 55%, ал балалар-8%, еркектер 40 пайызды ғана құрайды.
Жұмысшы табының табы бір ерекшелігі-оның жас болуында. Мысалы Шанхайда жұмысшы табының 10-25 жас аралығындағы еркектер 69%, әйелдер 87%- ды құрады. Кен өндіру ісіндегі жұмыскерлердің орташа жасы 20-30 жас болды. Тоқыма өнеркәсібінде әйелдер басым болса, металургиялық және кен өндіруде еркектер басым.
Өнеркәсіптің дамуы қарқынды дамығанымен, фабрика- зауыттық кадрлық пролетариат тарылып қала берді. Кадрлық жұмыскерлер тек бірнеше ондаған мың болды, және олар бірінші жас ұрпақ адамдары еді.
Жұмыскерледің тұрмыс- жағдайы мен еңбек жағдайы ауыр болды. Жұмыс уақыты 10 не 18 сағатқа созылып отырды. Кішкентай жалақы орташа жанұя шығындарын төлей алмады . Сондықтан да әйел мен бала күшінің қолдануы кең етек алды. Шын мәнінде, жақсы қамтамасыз етілген адамдар бұл жоғарғы білімі бар кадрлар. Олар көбіне теміржолда, машина құру, полиграфияда, тоқыма өнеркәсібінің механиктері болып қызмет атқарды. Олардың жалақылары балаларына білім беруге және кішкене ақша қорын жинауға жетті.
Капитализмде жұмысшы табына кері әсерін беретін бұл жұмысқа жұмыскерледі жалға алу болатын. Жалға жұмыс жасайтын қызметкер жалақысын аздау алды, бұл жұмыс берушімен келіскен шарты бойынша нақты пайызы бұл жұмыс берушіге берілді. Бұл жұмыскердің басқа да құқықтарына кедергі болды: басқа адамдармен қатынастары болмайды және жұмыс жасау жағдайы нашар болды.
Қытайдың жұмысшы табы , осымен, күрделі, бірқалыпты емес әлеуметтік құрылым болды. Он мыңдаған кадрлар, жарты миллион фабрика- зауыт жұмыскерлері, 2 млн мануфактурадағылар, қалған 10 млн жеке кәсіпшілік пен 30 млн жалға жұмыс жасайтын батырақтар пролетариатты құрады.
Синхай революциясы мен Бірінші Дүниежүзілік соғыс нәтижесінде экономикалық даму Қытай буржуазиясына да әсер етті. Оның санымен қатар экономикалық беделі мен байлығы да көтерілді. 1915 жылға қарай 245728 мүшесі бар 1262 сауда палаталары есептелді. Барлық буржуазия таптарының жақындасуы болды, яғни саудагерлер, бай жер иеленушілер, ірі бюрократтар, өсімқұмарлар сол тапты құрады.
Бұл процесс қалада тез , ал ауылдық жерде өте баяу жүрді. Ауылдық буржуазия өсімқор, саудагер, жалға берушілердің азығына айналды. Қытай ауылдарында бай адамның буржуаға айналуы өте қиын және баяу жүрді. Ал Синьхай революциясынан кейін кішкене қарқын ала бастады.
Экономикалық даму буржуазиялықтардың біріккен тап болып қалыптасуына әсер етпеді, сәйкесінше олар капиталистік эволюцияға ықпал тигізген жоқ. Синьхайдан кейінгі бірінші онжылдықта қала буржуазиясы әлі де ұлттық- босату қозғалыстарын жүргізе алатындай саяси күш жинамады.
Сонымен қатар ауыл байларын буржуазияға айналдыру мен саяси буржуазияның үстемдік етуі тек елес болап қала берді.
Қытай буржуазиясының саяси әлсіздігі , бұл қытай капитализмі мен буржуазиясында өзіндік тарихы жоқ болып келеді. Олардың пайда болуы Қытайды «Ашу » нәтижесіндегі басқа дамыған капиталдардың құйылуы болатын. Мемлекетте қалыптасқан осы әлеуметтік топтар бұл үстемдік еткен державалардың Азия елдеріне баса кіру, интеграциялау нәтижесінде құрылды. Мемлекетте кәсіпкерлер тобы саяси өмірге ешқашан араласқан емес. Осыны үлгі тұтқан буржуазия да ХХ ғасырда араласпады.
Синьхай революциясының жеңісінен кейін 10 жыл уақыт өткенде де Қытайда буржуазияның бір де бір саяси не экономикалық жалпыұлттық ұйымы болған емес. Осы уақыт аралығында мемлекеттің буржуазиялық дамуын, саяси- идеологиялық қару ретінде буржуазиялық гегемония құру туралы еш буржуазиялық саясаткелер мен идеологтар болған жоқ.
Синьхай төңкерісінен кейінгі онжылдық көрсеткендей саяси гегемонияны құру орта тапты құраушылар , соның ішінде республикалық мекемелерде және капиталистік фирмаларда қызмет көрсететін оқытушылар мен студенттер, саяси партия мен қоғамдық бірлестіктер мүшелері, әскери адамдар болды. Себебі көне шэньши сословиесі жойылды, ал жаңа интелегенция қалыптасты.
Империяның құлап, емтихандық жүйенің жойылуы шэньшилердің ресми статусын және негізгі табыс көздерін жойды. Миллиондаған шэньшилер мен олардың балалары жаңа әлеуметтік статус және негізгі табыс көздерін іздеуге мәжбүр болды. Қытайдың жаңа университеттерінде аудиторияны толықтырып, шетелге оқуға алғаш кеткендер осы сословие өкілдері. Тез қарқынмен өскен милитарлық әскер қатарына кіріп, әскери училище мен офицерлік шендерді алғаш алғандар бұрынғы шэньшилер болды. Осы шэньшилер мемлекеттің саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұйымдастырып, елдің активистеріне айналды.