Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты туралы қазақша реферат

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты – Қазақстан Республикасы Министрлерімен және Ақтөбе облысының Әкімімен, ҚР Үкіметімен, мемлекет Басшысының жаңа қабылдаған шешімдеріне сәйкес пайда болған, КӨБ туралы Ережеден шығатын және оған жүктелген міндеттерді орындайтын мемлекетік мекеме болып табылады.

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме.

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінде 2010 жылдың 31 қаңтары мен 26 наурыз аралығында өндірістік іс- тәжірибеден өту барысында бөлімнің, сонымен қатар, басқарманың ережесімен, құрылымымен танысып, материалды талдамалық ақпараттар дайындауға, қызметтік хаттар жазу және т.б. тапсырмалар орындалды.

         Қала әкімі аппаратында кадрлармен жұмысты жетілдіруге, атап айтсақ кәсіби даярлықты арттыру, лауазымдағы жұмыс ұзақтығының мерзімін ұлғайту және мемлекеттік қызметкерлердің ауысуын азайту, сондай-ақ қызметтік міндетте жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді пайдаланылуын жақсартуға тиісті назар аударылады. Кадрлық саясатты іске асыруда қиындық тудыратын факторлардың бірі өндірістік және қаржы саласы қызметкерлерімен салыстырғанда мамандар еңбек ақысының жоғары еместігі болып табылады.

Кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдірудің басты принципі – кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің жауапкершілігін жоғарылату, қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіпті және Ар-намыс кодексін сақтауы, жетілуге және қызметтік өсуге ұмтылу, мемлекеттік мекеменің лайықты нәтижелерге жетуде әрбір қызметкердің қосатын үлесін ұлғайту