Сунь Ятсен

Сунь Ятсен туралы қазақша реферат (1866 ж 12 қараша- 1925ж 12 наурыз) – қытайлық революционер, Гоминьдан партиясының негізін қалаушы,  құрметті қоғам қайраткері. 1940 жылы Сунь Ятсен «ұлт әкесі » титулын алды.

1866 жылы 12 қарашада ол Сяньшань уездінің Цуйхэн ауылында дүниеге келді. Оның басқа да Сунь Вэнь немесе Сунь Чжуньшань, яғни «Орталық тау» дегенді білдіретін  есімі болған. Ең бірінші жергілікті мектепте оқиды, бірақ кейіннен Гавайя аралына оқуға кетеді. Гонолулу мидициналық колледжінде білім алады. 1883 жылда Қытайға қайта оралады. 1892 Гонконг дәрiгерлiк институтын  бiтiрдi. 1894 жылы маньчжурияға қарсы «Қытай қайта туу одағын» төңкерiс ұйымының негiзін салды. Көтерiлiстер өткізудің  сәтсiз талпыныстарынан кейiн Ятсен Еуропаға ,шетелге эмиграцияланып, төңкерiс күресіне ақша жинай  отырып, АҚШ, Канада және Жапония елдерінде саяхаттады. 1905 жылы Токиода «Тунмэнхой»  қытай революциялық  ұйымды құрады.

1911 жылы қазанда өткен  көтеріліс жеңісінен  кейін  ол Қытайға оралып, президент тағына таңдалады. Бірақ кейіннен император әскерінің қолбасшысы Юань Шикайға президент лауазымын беруге мәжбүр болды. 1912 жылы Гоминьдан партиясының негізі қаланады. 1913 жылы екінші революцияны бастап, бірақ, өкінішке орай, жеңіліске ұшырайды. Сондықтан исен Жапония қашуға мәжбүр болады.

1922 жылы Сунь Ятсен мен Чэнь Цзюнмин арасында қақтығыс болады. 1923 жылы Ятсен Кантон үкіметін құрады.  Қытайды біріктіру мен жапондықтарға тойтарыс беру үшін , коммунистермен  ынтымақтастыққа келеді.  1925 жылы Пекинда бауыр қатерлі дертінен қайтыс болып, Нанкинде жерленеді.

Сунь Ятсен дүниежүзілік саяси ойларға өз үлесін қосады.Ол  3  халықтық принцип пен 5 билік конституциясын ұсынады. Үш халықтық принцип ұлтшылдық, халық билігі және халық игілігі жүзінде негізделді. Ал бес билік конституциясының идеясы- мінсіз демократиялық мемлекет осы 5 негізгі билік түрімен жүзеге асады: заң, қылмыс, атқарушы, таңдаулы және бақылау.

Сунь Ятсеннің негізгі ұраны- «жер шаруаларға берілсін».  Сунь Ятсенді тек ұлы ойшыл ғана емес,  ұлы қоғам қайраткері ретінде саналады. Оны «Нақты саясат Конфуциі » деп те атайды.

Осы кезде  Қытай  қоғамында  радикалды көзқарастартар күшейе түсті. Олардың негізгі мақсаты айтып кеткендей, Қытайды тәуелсіз Ұлы державаға айналдыру, ішки не сыртқы болсын, шетел державаларынан тәуелді болмау болды.Бұған объективті түрде қызығушылық танытқан қытай ұлттық буржуазиясы болды. Олар мемлекеттің дамуына кедергі  болып отырған шетелдіктердің қысымы екенін көрді.

ХІХ ғасырдың соңында  Кан Ювэйдің  идеясы мен әрекеті  көзге түсті.  Ол  1885 ж бастап- ақ императорға  ең бірінші баяндамасын жіберді. Бұл баяндама  заңға өзгерістер енгізу мен буржуазиялық реформаларды жүзеге асыруға шақырды. Бүрақ 13 жыл өткен соң  5 баяндамасына ол жауап қайтарылды.  Ол Гуансую императорының алдында сөз сөйлеуге мүмкіндік алды.  1897ж меморандумда Кан Ювэй егер император реформаларды қабылдамаса Қытай ,екінші Вьетнамға немесе Бирмаға айналу қаупі бар екенін көрсетті.

1898 ж сәуірде  жаңа «Мемлекет  күзет кеңесі» ұйымы құрылады. Сол жылдың жазынан бастап олар 102 күн ішінде мақсатты жүзеге асыра бастайды.  Ресми түрде реформа 1898 ж 11 маусымда бастау алды. Ол бойынша Пекин және өзге провинцияларда да университеттердің салынуы, бүкіл мемлекеттің қалаларында мектептердің салынуының ұйымдастырылуы жүргізілді. Әскери армия қатарын тазарып, жаңа іскери емтихандардың ұйымдастырылуы өтті.  Елде адамдардың көзін ашатын көптеген баспа орындары жұмыс жасады.  Провинциядағы басқарушыларға теміржол желісіне салық, көлік- машиналады ауылшаруашылығына қолдану, өнеркәсіп  орындарын ашу  жұмыстары тапсырылды. Бірақ бұл саясатқа косерваторлар қарсы болды. Кан Ювэй және оның жақтастары бұл мәселені шешу үшін Юань Шикай , бэйян әскерінің  генерал- инспекторына, келіп жүгінеді. Бірақ Юань Шикай бұл бұйрықты орындамайды, және Цыси осы жағдайды дер кезінде қолданып, императорды үйге қамауға алады. Тань Сытун ұсталып, өлім жазасына кесіледі, ал қалған реформаторлар жапондықтар мен ағылшындардың көмегімен қашып құтылады.