Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтадың, әкімшіл басқару шығындары кіретінін білеіз. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.

Қалдық шығындар — өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.

Старттық шығындар-өндіріс пен өткізу көлемдері өзгермегенде өзгермейтін болуы мүмкін. Егер өндіріс әлеуетін арттыру керек болса (техника мен жұмыскерлер санын), онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті секірісі болады.

«Тұрақты шығындар» түсінігі – салыстырмалы, өндіріс пен өткезілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі шығындар өндіріс көлемі мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады? Өзгермелі шығындар жұмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін білеміз. Бұл шығындар өндіріс пен өнім өткеру көлемінің өзгеруімен өзгереді.

Фирманың өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне байланысты өзгермелі шығындар құрылымында пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті шығындар пайда болады.

Пропорционалды өзгермелі шығындар-өндіріс  пен өнім өткеру пропорциясына қатысты өзгеретін шығындар.

Прогрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткеруге қарағанда көп деңгейде өзгеретін өзгермелі шығындар.

Дегрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткерілуіне қарағанда салыстырмалы түрде аз пропорцияда өзгеретін өзгермелі шығындар.

Өзгермелі шығындар өндіріс пен өнім өткерілу көлемдері өсуі бойынша көрінеді. Ең алдымен олар өндіріс көлемімен баяу өседі және осы уақытта дегрессивті шығындар пайда болады. Оның себебі мына жағдай: фирманың экономикалық қызметі кеңейген сайын жұмысшы күшін пайдалану, ұйымдастыру және еңбек бөлінісі жақсарады, арзан шикізат пен маериалдар алынады.

Бірақ та, белгілі бір сәтте шаруашылық қызмет тиімділікке жету, арзан шикізат пен материалдарды жақсы қолдану мен сатып алу мүмкіндіктері таусылатын деңгейге жетеді. Фирма өзінің әлеуетін толық пайдалану деңгейіне жақындағанда, өзгермелі шығындар прогрессивті шығындар сипатына еніп, олар өндіріс көлемі өсуден немесе тез өсе бастайды. Яғни жұмысшы күші осы немесе басқа да себептерден қымбаттайды, өнімнің бірлігіне есептегенде шығындары өсе бастайды, жұмысардың қарқыны ақаудың пайызын көтереді. Осылай, дегрессивті және прогрессивті шығындар басшылар үшін фирма шаруашылық қызметінің тиімділігінің барометрі болуы тиіс.

Фирманың шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы шығындар құрылымының басқа өзгерістері де куә болады. Шығындар құрылымы деп жалпы шығындардың барлық көлемінде фирманың өзгермелі және тұрақты шығындардың пайыздық қатынасын түсінеміз.

Егер А және В екі фирмалардың жалпы шығындары мына түрде келтіріледі:

А                      Б

өзгермелі шығындар               70%                   40%

тұрақты шығындар                  30%                   60%

жалпы шыіғындар                   .100%                 100%

Осыдан олардың шығындарының құрылымы өзгеше деп қорытынды жасауға болады.

А фирмасында еңбекті төлеуге көп шығындардың болуы, осы фирмада қол еңбегінің үлесі көп екендігін көрсететді. Оған керісінше  В фирмасында өндірістің жоғарғы деңгейлі автоматтандырылуына сай жоғаы тұрақты шығындар мен еңбек ақысында аз өзгермелі шығындар.

Өндіріс шығындары құрылымы қазіргі жағдайда айтарлықай өзгерді. Жаңа технологияларда қолданудың өсуіне байланысты құрылымында инженер-электроншиктер, инженер-программистер, инженер-механиктер оларға сай еңбек ақылары мен басым жоғары мамандықты жұмысшы күшіне қажеттілік өседі. Осы себептен өнімнің жалпы құқығына еңбек ақы үлесі айтарлықтай өсті. АҚШ-та өнеркәсіп жұмысшыларының еңбек ақысы екі проценттерден он процентке өсті. Фирманың маркетинг қызметіне байланысты шығындар жиырма проценттен қырық процентке өсті. Осыдан фирма  стратегиясында пайданы көбейтуге жаңа мәселелер пайда болады. Пайданы  көбейтуде мынадай теориялар мен моделдер болады. Пайданы көбейтудің дәстүрлі моделі. Дәстүрлі модел мына әдістерге сүйенеді:

-статистикалы әдіс, өндіріс пен өткізудің бұрынғы көлемдегі кезінде алынған максималді пайданың статистикалық ақпараттарына негізделеді;

-эксперттік баға әдісі, өндіріс пен өткеру көлемдерінің және шығындар көлемінің экспорттық баға негізінде максималді пайда алу мүмкіндіктерін талдауға сүйенеді.

Менеджерлік теория және пайданы ұлғайту моделінің  теориясына келіссек нарықтық әуекел жағдайында қатаң бәсекелестің  ортада фирманың одан шығуға ұмтылуында пайданы ұлғайту мен тек қана аз уақытқа ғана емес, сонымен бірге ұзақ уақыттағы кезеңде де айналысуы тиіс.

Практика көрсеткендей, осында осы немес басқа фирманың сайланған басшыларының тәртіптеріне байланысты мәселе туады.

Сайланған басшылар өздерін жұмыста уақытша сезініп, пайданы ұлғайтуды өздері орнынан кеткенше жақсы сыйлық алуға үлгеру үшін тек қана аз уақыт кезеңінде жүзеге асыруға ден қояды.

Ірі фирмалардың контракты бойынша сайланған басшылары, сайланған басшылар емес, максималды пайданы алудың бағдарламасын тек қана аз уақыт кезеінде ғана емес, сонымен қатар ұзақ уақыт кезеңінде де жасайды.

Маржиналды теория мен пайданы көбейтудің моделі.

Осы теория шекті табыс және шекті шығындар тепе-теңдігінде пайданы көбейту туралы тезиске сүйенеді.

Шекті табыс – фирманың қосымша өндірілген өнімнің әр бірлігінен алынған қосымша табыс.

Шекті шығындар — әрбір қосымша өнімнің бірлігінің өндірісімен байланысы қосымша шығындар.

Шекті табыс – шекті шығындар жағдайы фирма жұмысы үшін жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында да қолданылады.

Осымен қатар осында мыналарды есепке алу керек:

-жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар тек қана бір параметріне — өндірілген өнім көлеміне бақылау жүргізе алады;

-жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалар екі параметрлерге — өндірілген өнім көлемі мен олардың бағаларына бақылау жүргізе алады. Бұл мына жағдаймен түсіндіріледі: фирма жетілмеген бәсеке жағдайында бағаға әсер ету мүмкіндігі бола тұрып максималды пайда беретін өндіріс көлемі мен бағаладың оптималды үйлесуіне табуы керек.