Мазмұны
КIРIСПЕ … 3
І-ТАРАУ ШЕТЕЛ ТІЛІН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ — ТIЛ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ….11
1.1 Шетел тілі сабағында белсенді оқытудың анықтамасы және оның тiл дамытудың түрлерімен байланысы ….11
1.2 Ағылшын тілі сабағында белсенді оқыту технологиясының маңыздылығы….23
Бірінші тарау бойынша тұжырым …45
ІІ-ТАРАУ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ – ТIЛ ҮЙРЕТУДIҢ МАҢЫЗДЫ ТҮРI…47
2.1. Белсенді оқыту түрлерi және оның тиімділігі…..47
2.2. Белсенді оқыту техникасын дамыту мазмұны.52
Екінші тарау бойынша тұжырым ……63
ІІІ-ТАРАУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ….65
Үшінші тарау бойынша тұжырым …..83
ҚОРЫТЫНДЫ …..84
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…87
ҚОСЫМШАЛАР….89
КIРIСПЕ
Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты — әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық – саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құрзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек. Мемлекет келешегі мектептің қандай негізде құрылуына байланысты. Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабылетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан да, жаңа мазмұнды білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілгені осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Зерттеу жұмысының көкейтестiлiгi. ҚР «Білім туралы» Заңында, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген еді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғлімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау болып отыр. Қазіргі педагогикалық зерттеулер (Г.М. Құсайынов, В. Беспалько, В. Монахов) жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландыру, яғни белсендіру қажет екенін дәлелдеп отыр. Шетел тілін оқыту технологиясы мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс: — оқушының танымдық, қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделу қажет; — оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап,оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет; -іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оны оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін емес (В.Беспалько). Шетел тілін белсенді оқытудың бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Шетел тілін белсенді оқытуда педогогикалық технология – бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы білім алушылар мен мұғалімдер жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педогогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов). Жаңа педогогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақырында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Жаңа белсенді білім беру технологиясының принциптері – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауларын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамутуда жаңа педогогикалық технологияларды пайдалану және оның тиімді әдістемесін жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі кезде әдебиеттерде даму бағытын қамтитын 50-ден астам оқыту технологиялары қолданып жүр. Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ж.У.Кобникованың саралап деңгейлеп оқыту технологиясы, Ү.Б.Жексенбаеваның, Б.К.Игенбаеваның, Г.Б.Ниязованың Зерттеушілік оқыту технологиясы, Тұлғаны жекелей дамытуға бағытталған оқу технологиясы М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы, Ә.Жүніспековтың жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту), С.Ұзақбаевтың көркемдік тәрбие жұмысы, Н.Н.Нұрмағанбетовтың, Қ.А.Абдығалиевтың Шоғырландырып-қарқындап оқыту технологиясы, Т.Т.Ғалиевтың жүйелік тұлғасынан оқыту және де тағы да басқа ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолдануда. Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық белсенді оқыту технологияларының алдына қоятын мақсаты-білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Шетел тілінде белсенді оқыту технологияларының оқыту үрдісіндегі жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал — жол екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің ойлау қабілетін ұштала түсуінен әсері мол, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді. Бүгінгі таңда тынымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі және оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпас еді. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін — өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады. Адам баласы сәби кезiнен бастап айналадағы дүниенiң түрлiлiгi мен қайталанбас болмысын танып үйрене бастайды. Сәби оны көзiмен көру, сезу және ойлау қабiлеттерi арқылы танып, зейінiне тоқиды. Сондықтан да әлем, өмiрге ендi ғана араласа бастаған кiшкентай сәби көзiмен қарағанда, ол бiр үлкен, әдемi де бай әлем секiлдi. Ал кiшкентай бала оқып-үйрене бастағаннан кейiн айналадағы қоршаған ортаға жаңаша көзқараспен қарай бастайды. Кiтаптар сол жарқын да кең болашаққа апарар жол секiлдi. Осы бiлiмнiң қайнар көзi болып саналатын кiтаптар адамды қоршаған ортамен таныстырып, қайырымдылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелеп қана қоймай, адамның iшкi рухани жан дүниесiн де байытады, ойлау қабiлетiн, сана — сезiмiн қалыптастырады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – шетел тiлдерiн белсенді оқыту жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасын, мазмұнын және ролiн анықтау.
Зерттеу мiндеттерi:
1) Белсенді оқыту ерекшелiктерiн жан-жақты ашып көрсету, оның тiл дамытудың басқа түрлерiмен байланысын және оқуға үйрету мазмұнын анықтау;
2) Белсенді оқыту тіл үйрету технологиясының негiзгi деңгейiн анықтау;
3) Ағылшын тілі сабағында белсенді оқытудың негiзгi мiндетi – оқу техникасын меңгеруде оқудың коммуникативтiк және техникалық ара-қатынасын анықтау;
4) Белсенді оқытуды дамыту мақсатында оқу процесiнде жаттығулар жүйесiн құрастыру және қолдану.
Зерттеудiң болжамы. Қазiргi адамның өмiрiнде белсенді оқыту елеулi орын алатыны айқын. Егер кiтаптар – ақпарат көздерi болған жағдайда, онда белсенді оқыту – осы ақпаратты меңгеру процесi болып табылады. Осылайша, адамның күнделiктi және мәдени өмiрiнде белсенді оқыту мен оқу басты құрал болады.
Зерттеудiң нысаны. Орта мектептегі ағылшын тiлi сабағын белсенді оқыту.
Қазiргi кезеңде әртүрлi елдердiң арасында нарық қатынасы нығайып, адам өмiрiндегi ақпараттар алмасу өскен сайын шетел тiлiн оқып — үйренудiң де маңызы өсе бастады. Қазiргi кезеңде адам негiзiнен шетел тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, публицистикалық, арнайы әдебиеттер және газеттер мен журналдарды оқуды үйренiп, араласа бастады. Ал мұның өзi сәйкестi бiлiктiлiк пен дағдыны талап етедi және бұл қасиеттер өздiгiнен қалыптаспайтыны белгiлi. Сондықтан да орта мектептерде шетел тiлiн үйретудiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – белсенді оқуға үйрету болып табылады. Орта мектептi бiтiрген оқушылар шетел тiлiнде оқи бiлуi керек. Ең алдымен шетел тiлiнде оқып бiлмей тұрып, оны әрi қарай дамытып, қолдану мүмкiн емес. Белсенді оқыту мен оқу адамға жаңа бiр нәрсе үйренiп, мағлұмат алуына шектеусiз мүмкiндiк берiп қана қоймай, сонымен бiрге мәдениетке, өнерге баулиды, басқа халықтардың өмiрiмен таныстырады. Кiтаптар адамға өзiнше идеялық мазмұнымен әсер етiп, жеке тұлға ретiнде қалыптастырады.
Соңғы кездерi ұлтарқылық қатынастардың кеңеюi, радио, кино, теледидар сияқты бұқарқылық ақпарат құралдарының кең тарауыпа мүмкiндiк туғызып отырған, шетел тiлiн үйренудiң бiрден-бiр негiзгi объектiсi болып табылатын ауызекi тiлге ерекше назар аударылып жүргенiне қарамастан, қазiргi адам өмiрiнде ана тiлiнде және шетел тiлiнде белсенді оқудың алатын орны ерекше деуге болады. Бұған мынадай бiрнеше орынды дәлелдер келтiруге болады:
1. Ағылшын тілі сабағында белсенді оқыту ауызекi тiлмен салыстырғанда адамдар арасындағы кең көлемде нарық — қатынас жолын ұсынады. Әсiресе кәсiби қызмет саласында анық көрiнедi. Қазiргi кезде әлемде 100 мыңнан астам ғылыми журналдар шығарылады және оның тек шектеулi ғана бөлiгi «Экспресс – аудармаға» түседi. Дәстүрлi жолмен аударуға болатын материал баспа сатысынан өту үшiн көп уақыт керек етедi. Сондықтан, әр уақытта кәсiби маман өзiнiң кәсiби ортасында баспасөз арқылы халықарқылық стандарт деңгейiмен қолма-қол, тез арада таныса алады.
2. Көптеген адамдарда ақпаратты қабылдаудың көру аппараты есту аппаратымен салыстырғанда жақсы нәтиже бередi. Сондықтан көру презентациясындағы тiлдiк бiрлiктер, яғни баспа мәтiн түрiнде берiлген бiрлiктер өте нәтижелi қабылданады және өңделедi.
3. Физиологиялық мәлiметтер бойынша уақыт бiрлiгi арқылы адам есту аппаратына қарағанда көру аппараты арқылы он алты есе көп ақпаратты қабылдайды екен. Бұл белгiлi бiр мектептерде белсенді оқытуға қатынасты әдiл саналады. Сонымен, тиiстi 6iлiм саласында кеңiрек ауқымдағы аппарат қабылдауға кететiн оқу уакытын және күштi үнемдеуге қолайлы мүмкiндiк берiлiп тұр.
4. Жазбаша мәтiн туралы (статистикалық), ал ауызекi тiлдiң өсiңкi (динамикалық) болуы арқасында белсенді оқыту процесi ауызекi тiл үйретумен салыстырғанда жеңiлiрек болады. Мәтiнмен жұмыс жасау кезiнде оқушы өзiнiң оқу қарқынын өзi анықтап және 6iрнеше рет қайталап оқи бере алады, ал бұл ауызекi тiлде мүмкiн емес. Ауызекi тiлдiк қатынас – екi жақты процесс, ал оқу – бiржақты сыртқы процесс. Баспа мәтiнде мазмұн мен форма алдын-ала берiлiп қойылатындықтан, белсенді оқытуға үйрету жеңiлiрек болып келедi және оларды жол жөнекей құрастыра салуға болмайды.
5. Белсенді оқыту оқушыларға тек қана ақпараттарды қабылдауына ғана емес, сонымен қатар ауызекi тiлде де, жазбаша тілде де басқа да тiл дамыту түрлерiн меңгеруге мүмкiндiк бередi.
— Әр адамның жеке тәжiрибесiнде белсенді оқыту сондай-ақ ауызша сөйлеу негiзiнде дамиды. Оқушы ана тiлiнде оқуға ауызша сөйлеудiң бiлiктiлiгi мен дағдысы қалыптасқан кезде кiрiседi, және белсенді оқыту арқылы оқу белгiлi ауызекi тiлдеп тiлдiк материалдар графикасында танымдық процеске айналады. Бұл жағдайда келесi нарсеге басты назар аудару керек: оқу дағдысы бiр рет ғана қалыптасады. Әрiптер мен буындарды бiрге қосып, тұтас оқуды үйренген және құралған сөздердiң мағынасын бiлген оқушы оқуды меңгере бастайды.
Шетел тiлдерiнде белсенді оқыту оқуға үйретудiң тәрбиелiк, бiлiмдiк және практикалық мiндеттерi болуы керек. Мектеп бiтiрүшi әр оқушы тiл дамытудың бұл түрiн меңгермей тұрып, шетел тiлiн әрi қарай дамытып қолдануы мүмкiн емес. Осы жоғарыда берiлгендерден зерттеудiң мақсаты және мiндеттерi анықталды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мақсатқа сай кiрiспеден, үш тараудан және қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бiрiншi тарау «ШЕТЕЛ ТІЛІН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ — ТIЛ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ» деп қарастырылған. Мұнда шетел тілі сабағында белсенді оқытудың анықтамасы және оның тiл дамытудың түрлерімен байланысы; ағылшын тілі сабағында белсенді оқыту технологиясының маңыздылығы анықталды.
Екiншi тарау «АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ – ТIЛ ҮЙРЕТУДIҢ МАҢЫЗДЫ ТҮРI» деп аталған. Осы тарауда белсенді оқыту түрлерi және оның тиімділігі;белсенді оқу техникасын дамыту мазмұны қарастырылды.
Үшiншi тарау «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖIРИБЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРI» Жүргiзiлген педагогикалық тәжiрибе және алынған нәтижелердiң талдауы қарастырылады.
Дипломдық жұмыста көрнекi материалдар, кестелер, тiрек материалдар және рифмовкалар түрiнде берiлген.
Қосымшада сабақтардың үлгі жоспарлары берілді.
Дипломдық жұмыс / 90 бет