Шетел психологиясының қазіргі жағдайы және дамуының негізгі тенденциялары туралы қазақша реферат
50-ші жылдардың аяғы ─ 60-шы жылдардың басында необихевиоризм, неофрейдизм, гештальтпсихологиясы өз танымалдылығын жоғалта бастады. Олардағы ішкі қайшылықтар, қиындықтар бастапқы принциптерді қайта қарауды талап етті. Бірақ эксперименталды зерттеулер мен теориялар саласындағы жаңа тиімді бағыттардың пайда болуы маңызды рөл атқара бастады. Танымдық әрекетті зерттеу саласында ─ когнитивтік психология, гуманистік психология, ал адам санасын зерттеу саласында – нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология пайда болды.
Когнитивтік психолгия АҚШ 60-шы жылдары пайда болды және ол бихевиористердің мінез-құлық сараптамасынан психологиялық компонентті шығарып тастауына, танымдық үрдістерді және танымдық дамуды ескермеуіне қарсы шықты. Когнитивтік психология необихевиористердің зерттеулерінен туды. Ол адамдар ақпаратқа түрлі ықпал етеді деген түсініктерге негізделеді. Когнитивтік психологияның көрнекті өкілдері – Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдер, У. Найссер, П. Линдсей, Г. Саймон.
Бихевиоризм мен психоанализге антитеза ретінде пайда болған, когнитивтік психологияға ұқсас – гуманистік психология да ірі бағыттардың бірі болып саналады. Гуманистік психологияның негізін салушылар бихевиоризм мен психоанализдің адамды сипаттауындағы қисынсыздығын түзетуді және неғұрлым дұрыс, өмірлік психологияны таңдауды мақсат етті. Дені сау ,шығармашылық тұлғаны ұғыну — зерттеудің пәні болып негізделді. Ешқандай басқа мектеп мұндай міндет қоймаған еді.
Гуманистік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі – А. Маслоу болды. Ол адам іс-әрекетінің, адам мінез-құлқының, қылықтарының негізгі көзі ретінде – адамның өзін-өзі танытуға ұмтылуын, өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырды. А. Маслоу өзінің меншікті биографиялық әдісін пайдаланады. Ұлы адамдардың өмір тарихын, биографияларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келеді: өзін-өзі таныту қажеттілігі – дені сау адамдарда ғана пайда болады.
А. Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жасқсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп деп саналды.
А. Маслоу адам қажеттіліктерін бірнеше түрге бөлді: а) физиологиялық қажеттіліктер; ә) қауіпсіздікті қажет ету; б) қорғанысты қажет ету; в) ақиқатты, адамгершілікті, әділеттілікті қажет ету. өзін-өзі таныту туа бітсе, қажеттіліктердің бастапқы үш тобы қанағаттандырылса ғана өзін кеңірек көрсете алады. Міне осы, А. Маслоу ілімінің негізгі ақауы – қажеттіліктірдің бастапқы үш тобы қанағаттандырылмаған адамдардың әділеттілікті, сый-құрметті және т. б. қажет етуінің қалай қалыптасатыны түсініксіз. А. Маслоу антропологиялық ұстанымда қалып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.