Шаңырақтың суретін салу

Сабақтың мақсаты: Еске түсіру мен елестету арқылы ұлттық формадағы заттарды бейнелеуге үйрету. Заттың конструкциялық кұрылысымен таныстыру. Шаңырактың тұрмыстағы орны жайлы түсініктер беру.

Сабақтың көрнекілігі: Шаңырақтың кеңістіктегі жеке көрінісін бейнелеп, жеке бөлшектері көрсетілген таблица. Киіз үйдің суреттері. Суретші К.Шаяхметовтің «Туған ауылда», С.Мәмбеевтің «Тауда» атты картиналарының репродукциясы. ( 15-16 суреттер)

Сабақтың кезеңдері: бірінші — шаңырақ туралы түсініктер беру; екінші — киіз үй мен шаңырақтың құрылысымен таныстыру және бейнелеу жолдарын көрсету; үшінші — оқушылардың елестету мен еске түсіру арқылы сурет салуы.

Сабақтың барысы: Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі. Ол талдан немесе кайыңнан жасалады. Оның үлкен шеңберінде, иіп жасалған 8 күлдіреуіші болады. Шаңырақ шеңберінде айнала уық өткізуге арналған көз жасалады. Шаңырақ жасайтын ағаштың қабығын аршып, көлеңкеде кептіреді де қозға көміп жұмсартады. Бұдан соң оны жонып төзге салып иіп, қажетті шеңбер пішініне келтіреді. Құлдіреуіштердің дөңес жағын үстіне қаратып, шеңберге бекітеді. Шаңырақтың екі бүйірінен екі желбау байланады. Шанырақтың шеңберін сырлап, ішкі жағын сүйекпен, күміспен әшекейленген түрді де болған.