Өлкетану музейіне экскурсия жасау

Мектеп оқушылары өмірінде эстетикалъіқ тәрбиенің алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда бұл мәселе кең көлемде зерттеліп, баланы әсемдік әсері арқылы тәрбиелеудің әдістерімен толыға түсуде. Бұл орайда оқушылардың өнер шығармаларын қабылдап, түйсінуі мен әсемдік талғамын қалыптастырудың маңызы үлкен. Оның ішінде халық өнерінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін оқып үйренудің мәні айырықша зор. Мұндай мақсатты көздеп өлкетану музейіне оқушылармен экскурсия жасау орынды.

Өлкетану музейіне экскурсия жасау барысында мұғалім мынандай бағыттар бойынша әңгіме козғайды: Әрбір халық, тайпа өнеріндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы әлемдік мәдениетке белгілі дәрежеде үлес қосып отырады. Әрине, мәдениет пен өнердің гүлденуі кезеңі материалдық өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік саяси қатынастарға байланысты болатыны сөзсіз.

Халық тұрмысында жиі кездесетін сәндік қолданбалы өнер жақсы өсіп дамыған болатын. Оның түп тамыры сонау ғасырлар төрінен басталады. Осы сөзіміздің куәсін Айша биби, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлерінің сәулеті мен  археологиялық қазба нәтижесінде табылған тұрмыстық бұйымдардан көруге болады.

Халық өнерінің негізінде жасалған заттар қазіргі тұрмысымызда жиі қолданылып келеді. Мәселен, ежелгі ою-өрнек өнерінің үлгілері бүгінгі архитектуралық құрылыстармен күнделікті тұтыну заттарын әсемдеуге кеңінен пайдаланылып отыр. Сәндік өнер туындыларының өзіндік ерекшелігі туралы айтар болсақ, оида ол біріншіден тұрмыста қолданылады, екіншіден көлемі аумақты болады, үшіншіден ол халықтың көркем мұрасы. Шеберлер мен зергерлер жасаған құмыра, кесе, басқұр, киіз, алаша, білезік, сәукеле, алқа сияқты тағы басқа бұйымдар халық суреткерлерінің нәзік талғамын аңғартады. Мұндай әңгімеден соң мұғалім балаларға, жоспарлы түрде киімдерді, ыдыс-аяқтарды, ат-тұрманды, киіз үйдің әшекейін, батырдың киімдерін, әйелдердің түрлі безендіру бұйымдарын көрсетеді.

Музейдегі күнделікті тұтыну бұйымдардың көне үлгілерін көзі көрген жасөспірімдер мен балалар олардың көркемдік ерекшеліктеріне назар аудармай қала алмайды. Бұдан сон «өте жақсы жасалған екен», «оюының әдемісін-ай», деген өз пікірлерін түйіндейді. Осылайша әсемдікті сезіну арқылы баланың талғамы қалыптаса бастайды. Әдетте өнер дегеніміздің өзі адам еңбегінің бір түрі болып табылады. Ал дені сау адам еңбексіз тұра алмайды. Бала психологиясында бұл қажеттілік ерте бастан қалыптасады. Мұны байқау қиын емес. Мәселен, әсем затты көріп таңыркаған әрбір бала сондай бұйым жасауға әрекеттенеді.

Бейнелеу өнері сабақтарында және жалпы тәрбие жұмысында халық өнерімен таныстыру мұғалімнің педагогикалық тәжірибесіне кеңінен енуі қажет. Қандай өнер шығармасы болмасын ол баланың ой сезіміне әсер етпей коймайды. Кейбіріне таң қалса енді кей біріне соншалықты қызығады. Нақ осындай «бәрін көрсем, бәрін білсем деген талпыныс кезінде оларға әлгі әсем туындылардың мәнімен көркемдігін балаға жүйелі түрде түсіндірудің, талдап салыстырудың пайдасы аса көп. Бұл шақта балалардың көру арқылы есте сақтау қабілеті өте зерек, зерделі болғандықтан, ақыл-кеңесті қабылдауы жеңілдейді. Бұдан ұстаз да шәкірт те ұтады. Сондай сұлу бұйымды жасөспірімнің өзім де жасасам деген шығармашылық талпынысы оянады. Осылайша олардың қоршаған ортаны танып білуде, көркемдік идеалдары қалыптасады.

Музейдегі сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын тәрбие қүралы ретінде пайдалануда оқушылардың жас ерекшеліктеріне мән беру керек. Өйткені, олардың қабылдау сезімі жас деңгейіне байланысты әр түрлі сатыда дамиды. Мысалы, тым күрделі композициялы ою-өрнектерді бастауыш сынып оқу-шыларының кабылдауы едәуір қиынға түседі. Сондықтан бұл кезеңде оларға ою-өрнектердің, қарапайым элементтері үйретілуі керек. Яғни, бейнелеу өнерін балаға таныстыруды қарапайым заттар мен бұйымдардан бастасақ ұтарымыз көп.

Оқушыларға көркемдік тәрбие беру процесін екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі — сәндік қолданбалы өнер туындыларымен таныстыру. Екіншісі — баланың өз бетінше жұмыс жасауына басшылық жасау. Ол үшін әңгімелеу, талдап түсіндіру, сүрақ-жауап әдістері колданылады. Одансоңғы тапсырма бейнелеудіңқарапайым негіздерін меңгеру. Қарандашты дұрыс ұстау, қағаз бетіне заттың беннесін композициялық жағынан дұрыс орналастыру,  бұйымның құрылысын  сауатты жасау сияқты тұстарда ұстаз көмегі әбден қажет. Суреттің қайткенде дұрыс салынатындығын ауызша түсіндірудің ұтымдылығы аз, сондықтан қалай бейнелеу керектігін тікелей салып көрсетудің орны бөлек.

Музейге экскурсия жасау кезінде мұғалім сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының көркемдік сапасын талдау барысында мынандай ерекшеліктеріне назар аударған жөн: 1. форманың құрылысын талдау, мысалы: (құмыраның түбі шарға, ал аузы қиық конусқа ұқсас болуы мүмкін). 2. Ою-орнектердің композициялық орналасуын үғындыру, (мысалы: түйе табан құмыраның жоғарғы бөлігінде түзу сызық бойымен түссе, ал төменгі бөлігінде шеңбер бойымен тартылады). 3. бояу түстерін айыра білу (құмыраның түсі қара қоңыр болған соң ою-өрнектер оған қарама қарсы ақ не көк түстерден беріледі). 4. бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай азық-түлік сақтауға не гүл қоюға арналуы мүмкін).

Өлкетану музейіне экскурсия жасаудан кейін оқушыларға көне архитектуралық ескерткіштер мен жаңа ғимараттардағы ою-өрнектерді көрсету, және музей экспонаттарымен таныстыру бала ынтасын арттырып, оның талғамын күшейте түсуге жәрдемдесері анық. Бұл орайда айтарымыз, туған өлке өнерімен жасөспірімдерді жүздестірудің тәрбиелік әсер ықпалы мол. Халық шеберлерімен, зергерлермен, суретшілермен кездесулер ұйымдастыру ісі де оң нәтижелер берері сөзсіз. Шеберлердің жасаған бұйымы, туындысы туралы әңгімесін тыңдау, баланың қызығушылығы мен ынтасын арттыра түсетіні мәлім. Бұл тәжірибенің барлығы сайып келгенде жас жеткіншектерге қоршаған орта мен табиғатты, қоғам өміріндегі объективті шындықты ұғындыруға бағытталады. Солай еткенде ғана балалардың қандайда бір өнер туындысын жасауға деген ынтасы толық қолдау таба алады. Сөзімізді қорыта келгенде сәндік қолданбалы өнер объективтік шындық пен бейнелеу өнері арасындағы тікелей қатынасты жетілдіре береді демекпіз. Осының нәтижесінде жасөспірім талапкердің көркемдік таным талғамы кеңейіп шығармашылық енбекке деген құштарлығы арта түседі.