Ойыншық машинаның жанынан қарағандағы көрінісін бейнелеу

Сабақтың мақсаты: нұсқасына қарап машинаның бөлшектерінің өлшемдер қатынасын табу, оны бейнелеуге үйрету. Оқушының машина көрінісін кағаз бетіне дұрыс орналастыру, өлшемдер қатынасын, түстерін табу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Нұсқа ретінде қойылатын ойыншық машиналар. Оларды бейнелеу жолдары көрсетілген таблицалар. Кітаптар мен журналдағы машина суреттері.

Сабақтың кезеңдері: бірінші — машина және оның түрлері жайлы түсініктер беру; екінші — машналарды бейнелеу жолдарын тақтаға салып немесе таблицадан көрсету; үшінші машинаны нұсқасына қарап бейнелеу кезеңі; төртінші — машина бейнесін бояу.