МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ТАРАУ САНАТОРИЙ-КУРОРТ ІСІ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САНАТОРИЙЛЕРІ МЕН КУРОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 8
1.1 Санаторий-курорт ісі дамуының тарихи аспектілері 8
1.2 Саноторий-курорт қызметінің түсінігі мен негізгі принциптері 14
1.3 Қазақстанның қазіргі санаторийлі-курортты ресурстары 17
1.4 Санаторийлі-курортты мекемелердің қазіргі басқарылуы мен экономикалық мәселелері 21
2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САНАТОРИЙ-КУРОРТТЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ «САРЫАҒАШ» САНАТОРИЙІНІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІН ТАЛДАУ 27
2.1 «Сарыағаш» ЖШС жалпы сипаттамасы мен ұйымдастырылу құрылымы 27
2.2 Санаториядағы медициналық қызмет түрлері 37
2.3 «Сарыағаш» ЖШС қаржылық-экономикалық жағдайын талдау 41
2.4 Қазақстанның санаторий-курорттық ұйымдарының қазіргі жағдайы мен қоғамдық денсаулықты қалыптастыратын әлеуметтік факторлар 48
3 ТАРАУ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ САНАТОРИЙ-КУРОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ 53
3.1 Қазіргі замандағы санаторийді дамытудың негізгі мәселелері 53
3.2 Санаторий қызметінің сапа деңгейін маркетингтік талдау және
оны жақсарту жолдары 55
3.3 Санаторийдағы еңбек пен техника қауіпсіздігі 63
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 71
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Дамыған мемлекеттерде курорттарды ұйымдастыру әр түрлі. АҚШ-та, Италияда, Испанияда курорттардың көбі демалуға, жалпы емдеуге және сауықтыруға (қонақ үй, пансионат) арналған. Сондай-ақ аздаған психикалық аурулуарға, туберкулезбен ауыратын адамдарға арналған пансионаттар, отельдер бар. Германия, Франция, Австрия, Швеция, Чехия, Венгрияның курорттарында балшықпен және емдік минералды сулармен емделуге мұқтаж жандарға арналған медициналық-сауықтыру кешендері бар. Жоғарыда айтылған мемлекеттің курорттары Қазақстандық курорттардан едәуір ерекшеленеді. Шетел курорттарының негізі физиобальнеоклиматайықтыру, яғни қонақ үйлерде, жеке меншік үйлерде тұратын ауруларға арналған амбулаториялық емдеу жүйесі. Еуропада көптеген мемлекеттердің ЖОО-дағы медициналық факультеттерінде табиғи ресурстарды пайдаланып, сауықтыру кафедралары бар [3].
Әлемдік курорттарды зерттеп түсінудің қазіргі жеткен биігінің арқасында қазақстандық курорттарды, емдік орындарды игерудің жолдарын табуға көмектеседі. Солай бола тұра 1955 жылы Алматыда құрылып, қазіргі таңға дейін жұмыс істейтін жалғыз курортологияның арнайы зертханасы, жүрек және ішкі ауруларды емдеу медициналық орталығы мен 1984 жылы пайда болған Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты Қазақстан курорттарын игеруге бас көз бола алар емес, себебі, қаржылай қиындықтарға тап болып отыр. Осы уақытқа дейінгі анықталған 300 минералды су көздерінің, 120 емдік балшығы бар көлдердің, 50-ден астам климаттық емдеу орындарының қазіргі жағдайын анықтауға да қаражат керек. Ал осы кедергілерден өтсек, курорттық табиғи ресурсы жеткілікті Қазақстан үшін бұл тиімді болар еді.
Сонымен жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстан курорттық қорларға бай өлке. Мұнда 1930-1960 жылдар арасында шипалы су мен емдік балшығы мол көптеген жерлер табылып, зерттеліп, қазір адам игілігіне жаратылуда. 1986 жылы Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алмаарасан, Сарыағаш, Жаңақорған және жергілікті курорттар Қапаларасан, Барлықарасан, Ақжайық, Алатау, Оқжетпес сияқты курорттық мекемелер 19 мың орны бар 182 санаторий-профилакторий, 4300 орны бар демалыс үйі, 717 орны бар 3 емдеу пансионаты жұмыс істейді.
Ал 1917 жылға дейн Қазақстанда әрқайсысы 30 орындық 2 санаторий, климаты таулы жерге тән Шымған станциясы ғана бар еді. Мұнда қазір 3 курорт, 18802 орны бар 116 санаторийлер бар.
Сонымен жұмыста негізінен бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының курорттары мен шипажайларына және олардың ерекшеліктеріне тоқталдым. Жалпы сауықтыру деп – адамның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық күштерін қалпына келтіруді айтамыз.
Рекреация (сауықтыру)- жеке адамға және сол сияқты мемлекетке де керек. Сауықтырудың ең көп таралған түрі – шипажайда сауығу. Бұл жағдайда көбіне табиғи ресурстар, яғни, климаттық ерекшеліктер басты назарда болады. Бұны ежелгі дәуірден бастап, білген. Антикалық дәуірдің өзінде адамдар минералды суларды сауықтыру мақсатында қолданған. Содан бері шипажайлық-курорттар ашылып, талай белестерден өтіп, бүгінгі таңда кең таралған демалыс түрі болып отыр. Табиғи сауықтыру ресурстарын пайдалану негізінде курортта адам денсаулығының физикалық және психикалық факторларын қайта қалпына келтіру көзделген. Курорттарда денсаулықтың нығаюы және оны сақтау, сондай-ақ аурулардың алдын алу қарастырылады. Аурулардың қатты сырқаттан кейін курорттарда қайта қалпына келіп, 50 % ары қарай жұмыс істеу қабілетін сақтап қалады. Курортта емделу қазіргі медицинада тұрғындардың түрлі аурулармен күресінің төмендеуіне әсер ететін элемент болып табылады. Еңбекке жарамсыз адамдардың уақыты курорттарда демалғаннан кейін 2-3 есе қысқарып, жұмыс істеу қабілеті жылдам жоғарылайды. Курорттық шипажайдың басты міндеті де осында [4].
Жұмыстың мақсаты: Бітіру жұмысында қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып табылатын, яғни туризмнің дамуына бірден-бір әсер ететін, оның ажырамас бөлігі санаторий-курортық мекемеге сипаттама жасалды. Алдыға қойылған мақсатты шешу үшін келесі сұрақтар қарастырылды:
— Санаторий-курорттық істің дамуының тарихи аспектілерін қарастыру;
— Қазақстан Республикасының қазіргі санаторий-курорттық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың негізгі жіктелулерін қарастыру;
— Қазіргі жағдайдағы қоғамдық денсаулықты қалыптастыратын, әлеуметтік факторларды қарастыру;
— Санаторий-курорттық мекемелердегі емдік-сауықтыру қызметін көрсетудің негізгі принциптерін қарастыру;
— Тұрғындарға санаторий-курортық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарды басқару ерекшеліктеріне талдау;
— Санаторий-курорттық мекемелердегі негізгі ұйымдастыру-басқару және экономикалық мәселелерді анықтау;
— Көрсетілетін қызмет деңгейін маркетингтік талдап, сапа деңгейін анықтау;
— Санаторий-курорттық қызмет саласындағы негізгі проблемаларға және оны шешу жолдары мен болашағына тоқталу;
Жұмыстың жаңалығы: Бұл бітіру жұмысында санаторий-курорттық мекеменің даму тарихынан басталып, қазірге дейінгі және Қазақстандағы жағдайына сипаттама жасалды. «Қазақстан» санаторийі сияқты бір ғана мекемеге толық талдау жасай отырып, елдегі барлық санаторий-курортық мекемелер жұмысы мен шеілмей жатқан мәселелері қозғалды, сондай-ақ ол мәселелердің шығу тегі мен шешу жолдары қарастырылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы: Нарықтық экономика кәсіпорыннан ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, шаруашылықтың және өндірісті басқарудың тиімді формаларын енгізу, қызмет көрсету жағдайын жандандыру, еңбекті және персоналды басқару әдістерін ұйымдастыру, кәсіпорынды дамыту стратегияларын мен тактикаларын өндіру, өндіріс тиімдігін жоғарлату резервтерін анықтау және кәсіпорын қызметкерлік нәтижелерін бағалау негізінде өндіріс тиімділігін, өнім мен қызмет бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуды талап етеді.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін қонақ санаторий-курорттық мекемені басқарудағы шетелдік, отандық тәжірибелердің көрсеткіштеріне негізделген түрлі әдістемелік нұсқаулар, статистикалық мәліметтер мен талдаулар, санаторий-курорттық мекемелердің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Бұл бітіру жұмысы көптеген мәліметтерден, нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, 3 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 13 кестеден және 4 суреттен тұрады, жалпы көлемі 72 бет.
Дипломдық жұмыс / 72 бет