Салық саясаты 1929-1933 жылдардағы жеке меншікті жою мен зорлап коллективтендіру құралы

Ұсақ жеке меншікті ауыл шаруашылығынан жедел индустрияландыруға қаржы алу жаңа экономикалық саясат кезіндегі рыноктық товар алмасу жағдайында мүмкін еместігін 1927-28 жылдың күзі мен қысындағы азық-түлік дағдарысы дәлелдеп берді.

Сталин бастаған партия басшылығы ауыл шаруашылығын біртіндеп коллективтендіру бағытын мақұлдаған XVсъезд шешімдерінен бас тартып, ұсақ шаруа шаруашылықтарын жоюға және қоғамдық меншікті қалыптастыруға кірісті. 1928 жылы астық дайындау барысындағы зорлық, әкімшіл-әміршіл әдістердің жалғасы ретінде Казақстанда ірі байларды меншіктерінен айырудың, яғни конфискациялаудың жүзеге асқаны белгілі. 1928-1929жылдары колхоздар құрудың экономикалық ынталандыру әдістерімен (ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, МТС (машина-трактор станциялары) станцияларын кұру, қарыз-несие беру жүйесі) қатар, енді қысым механизмдері іске қосылды. Осындай қысым шараларының бір бағыты салық саясат арқылы жүзеге асты.

1928-1935жылдарда жеке шаруаларға салынатын салық түрлері, көбейіп, ауыл шаруашылығы салығынан баска да салықтар: байға салынатын жеке салық (индивидуальное обложение), өзіне-өзі салық салу (самообложение), бірыңғай уақытша салық (единовременный налог) енгізілді. Сонымен қатар, егістік жерлер мен мал басын міндетті қамсыздандыру (окладное страхование) төлемдері, әртүрлі заемдер мен облигациялар тарату да жеке шаруашылықтарға қысым жасау құралдарына айналып, коллективтік шаруашылықтар құруға қызмет етті.

Қазақстанның Одақты индустрияландыру жоспарының шикізат базасы ретінде қарастырылуы орталық өндірістік аймақтарын астық, ет және техникалық дақылдармен қамтамасыз ету талаптарын  қойды.Осыған байланысты жоғарыдан дәстүрлі көшпелі  шаруашылықты тезарада отырықшыландыру туралы волюнтаристік міндеттер жүктеліп, бұл процесс коллективтендіру негізінде жүзеге асуы тиіс болды. 1929жылы Өлкелік партия комитетінің жергілікті органдарға жіберген нұскауында негізінен 3 мәселеге — отрықшыландыруға, ұжымдастыруға және шаруашылық өнімділігін арттыруға» баса назар аударылды.

Осылайша, астық өнімдерін арттыру Қазақстанға сырттан келушілерге жер берумен ұштасып, мұның өзі қазақтың жерін алудың тағы бір амалы болды.

Енді коллективтендіруге байланысты 1928-1932жылдарда қабылданған салықтық өзгерістерге назар аударайық. Негізгі салық -шаруашылық салығы болғандықтан, салықтың өзге түрлері негізгі салықтың белгілі бір проценттік деңгейінде салынды. Сондықтан ауыл шаруашылық салығының өсу механизміне талдау жасаған жөн. 1928 жылы қабылданған

«Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы туралы Ереже» бұл салықтың үдемелі-нормативтік түрін енгізді. Салық енді жан басына шақкандағы кіріске емес, шаруашылықтың жалпы кірісіне салынды. Осыған байланысты аздаған түсінік бере кетуге тура келеді. Бұрын шаруашылық кірісі -300сом, 5 адамнан тұратын отбасы салықты жан басына шаққандағы 60сом кірістен төлесе, енді жылдық кірістің жалпы мөлшерінен семья мүшелерінің әрбірінен 20 сомнан шегеріліп, қалған кірістен салық төмендегі шарттар бойынша алынды: Калдық соманың:

-алғашқы 25 сомының әр сомына 4 тиын

-100 сомға дейін — 7 тиын

-150 сомға дейін — 10 тиын

-200 сомға дейін — 15 тиын.

Яғни, аталмыш отбасы үшін салық 200 сомға жаңа шарттар бойынша салынды. Сонымен қатар, 1929 жылдан бастап, бай-кулактарға арналған ауыл шаруашылығы салығына жекелік принципі енгізіліп, оның шарттары бойынша:

Жылдық кірістің 500 сомға дейінгі мөлшерінің 1 сомына

-20 тиыннан;

-500-700 сом кіріс жағдайында — 30 тиыннан;

-700-1000 сомның әр сомына 40 тиыннан салық төлеу көзделді./29/

Осы шараларды жүзеге асыруда Қазақстан өкіметі мен Өлкелік комитетінің белсенділік танытып, «алдыңғы шепте» болғанын айтпауға болмайды. Ауқаттыларға экономикалық қысым жасау Одақ көлемінде 1929-30 жылдарда жүзеге асырылса, Қазақстанда 1927 мамыр айында байларға «мақсатты» салық салу туралы шешім қабылдағаны мәлім, Бұл салықты ірі караға шаққанда 50-ден аса малы барлар төлеуге тиіс болды.Ауыл шаруашылығы салығының соңғы үдемелі түрі КСРО-да 1928 жылы қабылданғанмен, жергілікті органдар шаруашылық жағдайларын ескере отырын, толық енгізуді 1931жылға дейін созса, Қазақстанда бұл салық 1928жылғы астық дайындау науқанында кеңінен қолданылды. Ол туралы Семейдегі төтенше әрекеттерге байланысты өткізілген бюро мәжілісінде орталықтан келген комиссия мүшелерінің де, жауапты қызметкерлердің де салықтың үдемелі түрінің шаруашылықтарға титізген ауыртпалығын айтып, оны кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасағаны белгілі.

Ауыл шаруашылығы салығын күрт өсіруге әсер еткен тағы бір факторларға назар аударайық. Салықты анықтауда негізгі роль атқаратын «кіріс мөлшерін» өсіру арқылы шаруашылықтың жалпы кірісін көбейтті. 1927-28 жылы орташа «кіріс мөлшерін»:

1 га егістік жер РКФСР-да: Казақстанда:
бақша 72 сом  
шабындық 150 сом 25 сом
жылқы 20 сом 120-130 сом
сиыр 20 сом 6 сом
қой-ешкі 17 сом 12 сом

болды. Казақстан бойынша кіріс мөлшерінің сырт көзге төмендігі қазақ шаруашылықтарының натуралды сипатының ескерілгенін көрсетеді. Алайда, 1930-31жылғы салық ережелерінде бұл көрсеткіштер біршама өсірілді:

жылқы 13-14 сом 16 %
қой 3 сом 20%
егістік 35-40 сом 40%
шабындық 7 сом 16%
бақша 145-150 сом 20,8%

Бұл мөлшерді шаруашылықтағы егістік, шабындық жер және мал басы санына көбейту арқылы шаруашылықтың кірісі шығарылып салық төленді. Сөйтіп, шаруашылық кірісін бұлай анықтау нақты шаруашылық деңгейін есепке алмады, өкімет тарапынан «кіріс мөлшері» үнемі өсіріліп отырған жағдайда бұл — салықты көбейтудің тәсілдерінің бірі болды./30/

1928 жылдан бастап шаруашылықтың жалпы кірісі кәсіпкерлік кірісті қосу арқылы көбейтілді. Бастапқыда қолөнер және басқа да кәсіппен айналысатын шаруалардың кәсіпкерлік кірісті есепке алынса, 1930 жылдан бастап, көлік, күрделі ауыл шаруашылық машиналары мен құрал-сайманды жалға беру, қосымша жалдамалы еңбектен, жерді арендаға беру, балық аулау мен аңшылықтан түсетін табыстар да кәсіпкерлік кіріске жатқызылды. Оның ішінде ауыл щаруашылық машиналарын жалға беру, жерді арендаға беру, діни қызметтен түсетін кіріс 100 процент көлемінде кіріске қосылса, колөнер кәсібінің 40-60%-і, жай құрал-сайманды жалға беруден түсетін кірістің — 10-25%-і, жалдамалы еңбек кірісінің — 15%-і, балық аулау кірісінің — 30%-і шаруашылықтың жалпы кірісіне қосылды .

Казақтың натуралды, тұйық шаруашылығында мұндай кіріс жоқ немесе аз мөлшерде болды. Ауыл шаруашылық салығының казақ аудандарындағы 60-100%-і, аралас аудандардағы 40-75%-інің жергілікті бюджетке калдырылуы салық комиссияларын кәсіпкерлік кірісті анықтауда заңсыздықтарға баруға итермеледі. Мысалы, Орал туберниясы, Бөкей уезі, Теңіз ауданында (қазіргі Атырау облысы) 1 қайығы болғаны үшін ауыл шаруашылық салығы мөлшері 50%-ке жоғарылады. 1928 жылы Сафонов селолық кеңесі бойынша көсіпкерлік кіріс 82492 сом, Өлеңті ауылдық кеңесі бойынша 188110 сомға жеткен, бұл жартылай натуралды, тұйық шаруашылықтар үшін өте жоғары мөлшер. Гурьев округіндегі Қызылқоға ауданында кәсіпкерлік кіріс 110%-ке өскен, малдан басқа кәсібі жоқ бұл аймақтағы шаруашылықтар үшін кәсіпкерлік кіріс ойдан шығарылған. Гурьевтеті Плотовин, Кеңөзек ауылдық кеңестерінде ауыл шаруашылығы салығы мөлшері 1928 жылы 1524 %-ке өскен бұл да балық аулауға байланысты кәсіпкерлік кірістің өте көп мөлшерде салынғанын көрсетеді. Астықты аймақтарды егін жинау кезінде уақытша жалға адам ұстағаны үшін немесе шаруашылық қажетігіне малын сатқандар да саудагер атанып, табысы кәсіпкерлік кіріске жатқызылған.

Жалға адам ұстау мерзімі астық егетін аудандарда — 50 күн, техникалық дақыл өндіретін шаруашылықтарда — 100 күн, аралас шаруашылықта — 60 күн, көшпелі аймақтарда — 12айға созылса, мұндай қожалықтар жеке салық төлеуші катарына жатқызылды. Сонымен қатар, бай-кулактардың белгілерін анықтау еркіндігі жергілікті атқару органдарына берілді. Мұның өзі «шаш ал десе, бас алатын белсендісі» көп Қазақстанда асыра сілтеулер мен бұрмалауларға жол берді./31/

Салық комиссияларында жергілікті тіл білмейтін европалықтардың көп болуы казақша салық ережелерінің халыққа жеткізілуі түгілі, оны орындаушы қызметкерлердің өзі дұрыс түсінбеуі де қателіктерге әкеп соқтырды.

Салық 1929-1930жылдардағы астық және ет өнімдерін көптеп дайындауға ынталандыруы тиіс болды. Оны міндетті түрде орындау әрекеттермен ұштасты. Петропавл және Көкшетау округтерінде егістік көлемді ұлғайтып көрсету кірісті 2 есеге дейін заңсыз көбейтіп, нәтижесінде, Беловски селолық кеңесі бойынша шаруашылықтардың 50%-нің салығы қате алынған, ал Калуга селолық кеңесінде салықтың қате салынуы шаруашылықтардың 81,8%-тін қамтыған.

Қызылорда округінің Арал, Қазалы аудандарында 88 орташа қожалықтар байларға салынатын жеке салық төлеген. Адай округінде заңсыз салық салу нәтижесінде 400сом кірісі бар шаруаларға 800сом салық салынған. Салықтың үдемелі-нормативті түрі жеке шаруа салығын 5 есеге жуық өсірсе, жеке салық (индивидуальное обложение)нақты жағдайларды ескермеді. Мысалы, патша заманында ауылнай, правитель т.б. қызметтер атқарған, бірақ шаруашылық деңгейі орташа шаруа жекелік принциппен салық төледі. Яғни 300 сом кірісі бар, «еріксіз» бай-кулак болған шаруа кірістің әр сомына 20 тиыннан есептегенде, 60 сом салық төледі.

Бұл шарттар салықтың коллективтендіруді ынталандыру мақсатына қызмет етті. Жеке салық (ауыл шаруашылық салығының байларға салынатын түрі) аукатты, бай шаруашылықтарды тежеп, кедей және орташа шаруаларды коллективтік негізде біріктіруге ықпал етуі тиіс болды. Сондықтан,1928-1930жылдардағы ережелерде колхозға кірген шаруашылықтар үшін жеңілдіктер қарастырылды. Салық кірістің мөлшеріне байланыссыз, әр сомына 4-5 тиыннан белгіленді. Яғни колхозшы болған 300 сом кірісі бар орташа шаруа — 15сом салық төледі. Сөйтіп, кулак-бай шаруаға колхозшыдан 4 есе, орташадан — 3 есе артық салық салынды. Мұндай жағдайда бірнеше жылдан кейін ауқатты бай шаруашылықтар салықпен тежеліп, орташаға айналып, коллективтендіруді экономикалық әдістермен жүзеге асыруға болар еді. Сонда ғана біз тарихшы Әбілхожиннің 1921-1929жылдардағы салық жүйесі әлеуметтік реттегіш ролін атқарып, шаруаларды орташаландыруға әсер етті деген тұжырымына қосылар едік.

Бірақ, 1930жылы кулактарды тап ретінде жою ұраны зорлықпен коллективтендіруге бағыт берді. Онсыз да байларды конфискациялауды елден бұрын бастап кеткен Голощекин мұны құп алып көшпелі қазақ шаруашылықтардың коллективтік негізде отрықшыландырудың науқанын бастады. Аса жауапты бұл қос шараны қаржыландырудың жолға қойылмағаны былай тұрсын, колхоздар құруға басты кедергі болып танылған ауқатты шаруашылықтарды жою қалай жүргізілгендігіне талдау жасайық.

YII партия конференциясының құжаттарында соңғы 2жылда 1928-30жылдарда) 53900 бай-кулак шаруашылықтарынан 14171600 сомның жеке салығы алынып, ол ауылшаруашылығы салығының 84,7%-ін құрағандығы айтылады. Сонынен қатар, жеке салықты келесі жылы бүкіл салықтың 42,5%-іне жеткізу міндетінің қойылуы ауқатты шаруаларды жоюдың жоғары қарқынмен жүргізілегінін далелдейді./32/

Ресей Федерациясы Қаржы Комиссариатының 1930жылғы наурыз айындағы № 571 нұсқауында қаражат органдарының басты міндеті кәмпескеленген бай-кулактардың мүлкін талан-таражға салмай, колхоздардың меншігіне айналдыру екендігін баса көрсетеді. 1929-30жылы бай-кулактар 8292,2мың сом ауылшаруашылық салығын, 8,063мың сом өзіне өзі салығын өтеген. Бұл сол түскен ауыл шаруашылығы салығының 41,7%-ін, өзіне өзі салықтың 91,8%-ін құрайды. Бүған 1931 жылы қабылданған «Бірыңғай ауыл шаруашылығы салығы туралы» Ережедегі қысымдық механизмдердің күшеюі әсер етті.

Егер бұрынғы ережеде бай-кулак шаруашылықтарын анықтау шарттары көрсетілсе (кісі жалдау, ауыл шаруашылық техникалары бар, саудамен айналысатын шаруашылықтар) енді бұл шарттар занда көрсетілмеді. Бай-кулактарды анықтау жергілікті кеңестер мен салық комиссияларына тапсырылды. Мұның өзі жергілікті жерлерде зандылықтарға ұштасын, ауқатты орташа шаруалар ауылшаруашылық салығының бай-кулактарға салынатын жекелік түрін төледі. Бұл ереже салықты күрт өсірді.

Ресейде 1926-1927жылдары кулак орташа шаруадан салықты 5-6есе төлесе, 1931жылы салық мөлшері 398 сом: 23,08 сом деңгейде болып, 17,1есе артық төледі. Бұл салықтық қысымдардың кулак шаруашылықтарын күйрету мақсатынан туындады.

Бұрынғы салық зандары бойынша жеке салық төлейтін бай-кулактар 3%-тен аспауы тиіс болса, жаңа ереже оны 3% деп нақтылады. Бұл нұсқау салық қысымдарынан күйзеліп, азая бастаған бай-кулак шаруашылыктарының санын көбейту үшін жасалған тәсіл болды. Күшейтілген зорлық әдістерге қарамастан Ресейдің өзінде бұл көрсеткішке жетудің еш мүмкіндігі болмады, 1931жылы онда кулактар бүкіл шаруашылықтардың 0,65%-нен 1,3%-ке ғана жеткізілді.

1930жылы Голощекиннің жеке салық төлейтін 19719бай-кулак шаруашылықтарын 1,99%-ін азсынуы осыдан келіп шығады.

1930-31 жылғы әртүрлі мәліметтерде олардың саны біресе 22825, біресе 18976 болып, 1932жылдың бюджетінің бақылау сандарында 15мың бай-кулак шаруашылыктары бар делінгенмен, Қазақстанда да 3%-тік межеге жете алмаған. Өйткені 1929-30 — 1930-31 жылдар аралығында шаруашылықтардың 1.228492-ден 1.119171-те жетіп, 109.321 шаруашылыққа, яғни 9,1%-ке азаюы, бай-кулак шаруашылықтарының толық жойылғанын ғана емес, салықтық қысымдар мен репрессиялық шаралардың орташа шаруалардың көпшілгін қамтығанын көрсетеді. 1928 жылғы Қазақстандағы шаруашылықтардың әлеуметтік-экономикалық топтамасында кірісі 600 сомнан жоғары бай-кулактар — 3,5%, кірісі — 400-600 сом ауқаттылар — 6,1% болғаны да осыны растайды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін 1926-27-33 жылдар арасындағы ауылшаруашылық салығының динамикасымен таныстырайық:/33/

Кесте №6. 1926-27 — 1933 жж. ауыл шаруашылық салығы

Жылдар

Жалпы түсімдер

Барлық салық түсімі

%

А/ш салығы

Салықтың түсімдегі үлес салмағы %

Жалпы түсімдегі а/ш үлес салмағы

%

1926-27

32285,8

18813,0

58,3

8435,4

44,8

20,6

1927-28

40381,7

21664,7

53,7

8127,4

37,5

20,1

1928-29

74659,3

42218,3

56,6

19798,5

46,9

26,5

1929-30

101628,6

54624,9

53,8

19869,7

36,4

19,5

1930ж. ерекше тоқсаны

36945,6

13932,4

37,7

7208,7.

51,7

19,5

1931

136,588,3

65302,0

47,8

14296,5

21,9

10,5

1932

181187,9

101879,2

56,2

10.056,7

9,9

5,6

1933

217105,9

154823,1

71,4

12389,6

8,0

5,7

Осы кестеге қарап, салықтың ең жоғары көлемі 1928-29, 1929-30 жылдарға келіп тұр, оның деңгейі бұрынғы жылдардағыдан 2,5 есеге жуық өскен, ал 1930жылдың ерекше тоқсанында ауылшаруашылық салығы салықтық түсімдердің тең жартысынан асып кеткен. Баса көрсететін бір жайт, бұл кезең жаппай коллективтендіру, бай-улактарды тап ретінде жою, отырықшыландыру және астық, мал өнімдерін дайындаудың екпінді науқандары сәйкес келіп отыр. Сондықтан өкімет ақпарларындағы 1932 жылға жеке салық салуға «жоспарланған» 15 мың бай-кулактар, ендеше, өмірде жоқ шаруашылықтар. Сөйтіп, 1931жылдан бастап өмірде болмаған 18976, одан кейін 15 мың «бай-кулактардың» ауыртпалығын тартқан орташа кедей шаруашылықтардың тоз-тозы шыққан.

1932жылы негізгі ауылшаруашылық салығына да көп өзгерістер енгізілді. Енді кедей жекеше шаруашылықтарға арналған салық салынбайтын минимумның (семья мүшелерінің көптігіне байланысты 100-140сом кірісі барларды салықтан босату) жойылуы кедей шаруалардың салығын күрт өсірді. Сонымен қатар, салықтың үдемелі нормативтік түрі (1928-1930ж.ж.) бойынша семья мүшелерінің санына қарай 20 сомнан шегеру алып тасталынды. Сөйтіп, салық кіріске салынып, көп балалы шаруашылықтардың кірісін өсірді, біз мысалға келтірген 5 адамнан тұратын шаруашылықтың кірісі бірден 100 сомға көбейді.

Бұл өзгерістер Кеңес өкіметінің салық саясатындағы түбегейлі максатын жүзеге асыру механизмі болды. Енді ауылдағы жеке меншікті жою бағыты жүзеге асты. 1933 жылдан бастап 200 сомға дейін жылдың кірісі бар кедей шаруашылықтардың ауыл шаруашылық салығы 15 сомға жетті. Мысалы 100 сомға дейінті кірісі барлар да осы топқа жатқызылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылық салығының жеке түрінің төменгі деңгейі 350сом болып белгіленіп, кірісі 1000сомға дейінгі шаруашылықтарға салынды. Бұрынғы ереже бойынша 500 сом кірісі бар бай-кулак 1 сомына 20 тиыннан — 100 сом салық төлесе, енді ол 350сом төлеуге мәжбүр болды, яғни ауыл шаруашылығының салығы 3,5 есе өсті. Тіпті кірісі 350 сом болғанда да осы топка жатқызылып, 350сом төлейтін болды. Бұл шаруашылықты толық күйзелетін механизмдер болды.

Қазақ шаруашылықтарын тұралатып тастаған салықтың тағы бір түрі — өзіне өзі салық салу. Бұл салық 1927 жылдың 24-тамызында қабылданған КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитетінің «Село тұрғындарының өзіне өзі салық салу туралы» қаулысына сөйкес жүзеге асты. Заң шарттары бойынша ауыл-село түрғындарына жергілікті мәдени-шаруашылық мұқтаждарын (мектеп, аурухана, жол салу) өтеу мақсатында өзіне-өзі салық салуға (самообложение) рұқсат берді. Алайда, бұл салық міндетті салық емес еді. Оны салу-салмау мәселесі жергілікті бастама бойынша тұрғындардың жалпы жиналысында шешілуі тиіс еді.

1927 жылғы қаулыға сәйкес бұл салық мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі ауыл шаруашылығы салығының 35% көлемінде белгіленді. Бұл салық Голощекиннің бастамасымен қазақ байларына міндетті салыққа айналды, «қауымдық бірлікті» жоюға бағытталды. Өзіне-өзі салық салу ауылдық жиналыстарда қаралып, байға салынатын салық мөлшерін кедейлердің өздері анықтауға тиіс болды. Соған карамастан Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар округтерінде өзіне-өзі салық салуда әкімшілік әдістер қолданылып, салық жинау айлықтары өткізілтен. Қарашығанақ, Шелек, Ақтөбе уездерінде бұл салық ауыл шаруашылық салығының 50%-не жетсе, Мұғаджар болысында 100-150%-ке дейін өскен.

Ауыл шаруашылық салығынан босатылған шаруалар өзіне-өзі салықтан да босатылсын, Қаркаралы, Гурьев, Адай округтерінде оның көлемін 25%-тен асырмау туралы нұсқауларға қарамастан қателіктер жалғаса берді. 1928-29 жылы өзіне-өзі салық 91,1%-ке орындалып 4.240800 сом қаржы жиналды. 1930 жылғы «өзіне-өзі салық салу туралы» қаулы оның деңгейін ауылшаруашылығы салығының 50%-не көтерсе, 1931 жылдан бастап, Бұл салық колхозшы, жеке шаруаның кірісіне байланыссыз, т-алтық нетізде салынын, алдыңғыларды ауыл шаруашылық салығының 50-100%-н, соңғылары 150-200%-н төледі. Мысалы, Теңіз ауданында кулак шаруашылығының ауыл шаруашылық салығы — 104 сом, өзіне-өзі салығы — 208 сом болса, кедей шаруаларға да кейде осындай әдістер қолданылды: 3 сом 15 тиын салық төлейтін шаруа өзіне-өзі салықты 10 сом мөлшерінде төлеген. Тіпті салықтан босатылған шаруашылықтарға 10 сом өзіне-өзі салық салған фактілер бар.

Бұл асыра сілтеулер 1929-30 жылы өзіне-өзі салықты 2 есеге жуық деңгейге көтеріп, 8.336.8 мың сом жиналды. 1930-31 жылы бұл салықтан 9.780.7 мың сом қаржы түсуі жекеше шаруашылықтарға салықтық қысымдардың ерекше күшейгенін көрсетті. 1930-31жылы өзіне-өзі салық жергілікті бюджеттердің түсім құрамына ресми түрде енгізілді. Мысалы, осы жылға дейін Қазақстандағы бюджеттерде өзіне-өзі салықтың қайда жұмсалатыны жасырын боп келді, бұдан бұл салық жиналмаған екен деген пікір қалыптаспауы қажет. Ерікті негізде салынатын осы салық Кеңес өкіметінің мәдени-көпшілік, сауатсыздықты жою, дәрігерлік көмек сияқты маңызды істерін қаржыландыру үшін пайдаланылды.

Ал 1927-1928жылғы «әртүрлі кірістердің» 70,6%-і өзіне-өзі салықты құралғаны, сол жылғы астық және ет дайындау науқанындағы асыра сілтеулер мен заңсыздықтарды дәлелдейді. 1931жылы өзіне-өзі салықтың 9.334,2 мың сомының:

—                    6.590.2 мыңы — бастауыш білім беру;

—                    1.012.9 мыңы — дәрігерлік қызметті;

—                    389.4 мыңы — жол салу;

—                    248.4 мыңы — ауыл-селоларды көркейту, өрттен қорғауды;

—                    1.093.3мың сомы ауылшаруашылығы қажеттерін қаржыландыру үшін жұмсалып, 7.468мың сом осы шараларға капитал енгізуге (капиталовложение) пайдаланылды.Осындай мақсаттарға өзіне-өзі салық арқылы түсетін қаржыны 18.940мың сомға жеткіз жоспарланды./34/

Соншама қаржыларды (өзіне-өзі салықты) отырықшыландыру сияқты ұланғайыр қаржы талап ететін шараны бастан кешіріп жатқан Қазақстандағы шаруашылықтар қайдан алу керектігі туралы сүрақ ешкімді ойландырмады.

Жалпы салықтық қысымдар мен тәркілеу отырықшыландырудағы көзсіздіктермен ұласып, қалың қазақтың ойранын шығарып, аштыққа ұрынған халықты алыс-жақын шетелдерге босып кетуіне мәжбүр еткен. 1932 жылы шаруашылықтардың саны тағы да 395816-ға азайып, 723.355 болуы соған дәлел.

Салықтық қысымдар мұнымен шектелмеді. 1931-1932 жылдары салықтың жаңа түрлері: мәдени алым (культсбор) мен уақытша салық (единовременный налог) ауыл шаруашылығынан қаржы алу мен жеке меншікті жою тәжірибесін одан әрі жетілдірді.

Мәдени алым, атынан көрініп түрғандай, өзіне-өзі салық сияқты шаруашылық-мәдени қажеттіліктер үшін жұмсалады. Әуелі уақытша енгізіліп, кейін колхоз құрылысының жеңісінен кейін алынып тасталған, мәдени алым—жеке шаруашылықтарды күйзелту құралдарының бірі болды. Оның көлемі өткен жылғы ауыл шаруашылық салығының 65-200%-ке дейінгі деңгейінде салынды. Кедей және орташа шаруа 65-100%, бай-кулактар 100-200% төледі. Яғни өткен 1930 жылы 20сом ауыл шаруашылығы салығын төлеген шаруа 13 сом, ал 60 сом негізгі салықтан кулак пен бай дәл осындай мөлшерде мәдени алым төледі. 1931жылы орташа шаруа мәдени алымды 100% (20 сом), бай-кулак — 200% (120 сом) өтеді. Сонда орташа шаруа мен бай кулактың мәдени салығы 1:6 порциясын береді. Яғни бай-кулак ауыл шаруашылық салығын орташадан жекешеден 3 есе артық, мәдени алымды 6 есе артық төледі. Бұдан оның шаруашылықты күйзелту функциясының күшті болғанын көреміз.

Мәдени алым тек шаруаларға ғана емес, жұмысшы қызметкерлерге де салынған. Алайда 1931-1933 жылдарда төменті жалақсы 75-140 сом мөлшеріндегі жүмысшылар мәдени алымнан босатылған, қалғандары орта есеппен 5-10 сом мөлшерінде төледі. 1927/28 жылы Қазақстанда 3.504962 еңбек етуге жарамды адам, оның 3.21660-сы ауыл шаруашылығында еңбек етті. Сонда 288302 адам ғана қала халқын құрайды. Қазақстанда мен қызметкерлер саны 1931-33 жылдары шамамен осы деңгейде деп есептесек, жалпы мәдени алымнан түскен қаржыда шаруаның үлес салмағы көп болатыны белгілі. 1931 ж. ауыл шаруашылығынан 7.312 мың сом мәдени алым жиналды, оның 3.004.2 мың сомы, яғни 41.1%-і — бай-кулактардан алынды шамамен 1 шаруашылыққа — 150 сом боп тұр. 1932жылға 5.644956 сом мәдени алым жоспарланып, оның азаюы шаруашылықтар санының 167 мыңға кемуімен байланыстырылды. Солай бола тұрса да, кулактар мен байлардың 15 мың қожалықтарынан 1 млн. сомға мәдени алым алу жоспарланды. Яғни 1 бай-кулак шаруашылығының төлейтін мәдени алымы — 66,6 сом деңгейінде қарастырылды, ал жай шаруалар үшін 6 сом, ал колхоздарға кіртен шаруаларға — 4 сом боп белгіленді 1932 жылы мәдени алымды бай-кулак жай шаруалардан 11 есе, колхозшыдан 16,6 есе артық төлеуі жоспарланды./35/

Кесте №8. 1931-1934 ж. мәдени алымдардың түсуі (мың сом)

Жылдар

Жоспарланғаны

Жиналғаны

барлығы

селодан

барлығы

селодан

1931

1932

1933

1934

19.780.0

5.644.956

7.312,0

15.031,5

18166,4

20.755,4

3.080.0

Кестеге қарап, мәдени алымның халықтан жиналатын қаржылардың ішінде қомақты орын алғанын, тіпті негізгі ауыл шаруашылық салығынан да асып түскенін көруге болады: 1932 ж.-10.056,7 мың сом, 1933 ж. 12.389,6 мың сом.

Жеке шаруашылықтарға қарсы бағытталған салықтың жаңа бір

түрі — уақытша салық (единовременный налог). Ол Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1932 жылы 19 қарашасында, осыған сәйкес, Қазақстан өкіметінің 1932 жылы 1 желтоқсанда қабылданған «1932 жылы жеке шаруашылықтарға салынатын уақытша салық туралы» қаулысы бойынша енгізілді. Бұл салықтан колхоздар, сонымен қатар әскери қызметте болған, ордені бар иелердің шаруашылықтары, әлсіз көшпелі шаруашылықтар босатылды Қазақстан бойынша 41аудандағы көшпелі шаруашылықтар осы салықтан босатылды.

Каулы шарттары бойынша 57 ауданның жеке шаруашылықтарына салық ауыл шаруашлық салығының 175%-і деңгейінде 20 сом белгіленді, 68 аудандағы кейбір шаруашылықтар ауыл шаруашылық салығының 140%-не орай 18 сом төледі.

Кулак бай шаруашылықтарына уақытша салық ауыл шаруашылық салығының 200% көлемінде салынды. Кулак байлардың 1931 жылы-ақ жойылып кеткенін білеміз, ендеше, 15 мың «еріксіз» бай-кулакқа жатқызылған шаруашылықтарға каншалықты ауыр тигендігін елестетуге болады.

Аталған қаулы бай-кулактарға ауылшаруашылық өнімдерін дайындаудың мемлекеттік тапсырмаларын орындамаған жағдайда уақытша салық көлемін тағы да 2 есе көбейтуте құқ берді. Сөйтіп қарызды өтеген жағдайда да, астық, ет дайындау сияқты мемлекеттік тапсырмаларды міндетті түрде орындау шарт болды. Бұл салық жекеше шаруашылықтарды ілезде-ақ жоятын күшті механизм ролін атқарды. 1934жылы бұл салық қайтадан енгізіліп, ауыл шаруашылығындағы жеке меншікті жойып тынды.

Осы салықтың 1932-1934жылдардағы түсімін төмендегі кесте арқылы көреміз.

Кесте №9. Уақытша салықтың 1932-1934 жж.

Түсімі Көлемі
1932

1933

1934

213,2 мың сом

884,2 мың сом

1.733,2 мың сом

Салықтан түсетін қаржының 75%-і — мемлекеттік бюджетке, 10%-і облыстық, 15%-і — аудандық бюджетке берілді. Бюджетте бұл салықтың кірістері арнайы көрсетілмеді, қандай мақсаттарға жұмсалатыны да белгісіз болды. Жеке шаруашылықтар жоғарыда көрсетілген салық түрлерінен басқа салықтық емес төлемдер төледі. Олардың катарында — міндетті қамсыздандыру төлемі мал басы мен егістік жерлерді сақтандыру мақсатында салынды,ерікті және «еркісіз түрде таратылған облигациялар мен мемлекеттік заемдар болды. Окладтық камсыздандыру салықтың жасырын түрі болды. Оны уақытында төлемесе, қарыз болып, салық сияқты күштеп алу жүзеге асты.Бұл төлем де таптық принциппен салынды. Ауқатты шаруашылықтар оттан сақтандыруға 9сом48тиын, жеке шаруашылық 2,77сом мөлшерінде төледі, сонымен қатар, егістік жерледрдің

1 гектарын қамсыздандыру жеке шаруалар үшін 1сом 20, малды қамсыздандыру көлемі 1 басқа — 6 сом 60 тиын болды. 3 гектар егісті, 5 ірі қара малы бар шаруашылықтың қамсыздандыру төлемі шамамен ауқатты шаруашылық үшін 46 сом, кедей шаруа үшін 39 сом деңгейінде болады екен.

Окладтың қамсыздандыру төлемдерінің 1932-1933 жылдардағы жиналуы төмендегідей: 1932 жылы — 8.467 мың сом, 1933-8.047.6 мың сом, яғни ауыл шаруашылық салығы деңгейінде жиналғандығы көрініп тұр./36/

Ауыл шаруашылығынан қаржы сору және жеке шаруашылықтарды салықпен тежеу қосымша түсімдер-заемдарды тарату арқылы да жүргізілді. 1927-1935 жылдарда ауыл еңбеккерлері 93,336 мың сомның мемлекеттік заемдарын сатып алған екен. Осы төлемдер мен салық түрлері жекеше шаруашылықтарды күйзелтіп, тоқырауға ұшыратты.

Уақытша салық, бірыңғай мәдени алым, заемдар мен окладтық қамсыздандыру және өзіне-өзі салық сияқты салықтың бүркемелі түрлерінен тұратын бюджеттің «өзге кірістер» деп аталатын бөлігінің үнемі үдемелі түрде өсіп отырғаны ресми түрде көрсетілген ауыл шаруашылық салығынан басқа салықтардың қазақ шаруашылықтарын күйзелтуге ықпал еткенін көрсетеді. Мына кестені караңыз:

Кесте №10.

Өзге кірістер (салықтың бүркеме түрлері)

Жылдар 1.А/ш салығы (мың сом) 2.Өзге кірістер (мың сом) Жылдар 1.А/ш салығы (мың сом) 2.Өзге кірістер (мың сом)
1926/27 8435,4 4.992,6 1931 14.296,5 37795,5
І927/28 8127,4 7.978,0 1932 10.056,7 38220,1
1928/29 19798,5 17.867,4 1933 12.389,6 27234,0
1929/30 19.869,7 25.378,2 1934 14345,4 33176,4
ерекше тоқсан 1930 7.208,7 15193,7      

Жаппай коллективтендіру басталмаған 1926-1929жылдары ауыл шаруашылық салығы 2,3есе өссе, салықтық бүркеншік түрлері іретін «өзгеше кірістер» — 4 есеге жуық артқан. Бұл салықтың күйзелту құралы болғанын айқындайды. 1930-1931жылдары отырықшыландыру мен коллективтендіру басталғанда онсыз да әлсіз шаруашылықтар аштық пен босқынға ұшырауының алғы шарттары осылай жасалды.